Жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТ ҰСТАЗЫ МАРАПАТТАЛДЫ!

Алматы қаласында Халықаралық әйелдер күніне орай, салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиында еліміздің ғылым саласына өлшеусіз үлес қосып жүрген жетекші әйел академик ғалымдар түрлі мапараттарға ие болды.

Аталған жиында Дулати университетінің «Биология» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Зияева Гүлнар Керімбекқызы ғылымдағы ерекше жетістіктері мен жоғары ғылыми әлеуеті үшін Найля Базанова атындағы төсбелгімен марапатталды.

Гүлнар Керімбекқызын лайықты марапатымен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!