Жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТ ҰСТАЗЫНА ҒЫЛЫМИ АТАҚ БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2026 жылғы 05 наурыздағы № 158  бұйрығымен М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ұстазы Юсупова Лаура Хамидовнаға 6D072600-«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Лаура ханымды Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесімен құттықтаймыз! Әрі қарай кәсіби табыстар, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!