Жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Жасанды интеллект: әлемдік трендтер: білім беру, мәдениет және ұлттық дамудағы мүмкіндіктер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Аталған конференция аясында студенттер мен магистранттар арасында ғылыми жобалар конкурсы ұйымдастырылды.

Байқау нәтижесінде бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Айгерім Шанжарова І дәрежелі дипломмен марапатталды. Нұрайым Бейбітова мен Аружан Тілеу ІІ дәрежелі диплом иеленді. Ал, Лаззат Орақбай ІІІ дәрежелі дипломға қол жеткізді. Сондай-ақ, студенттерге бағыт-бағдар беріп, ғылыми жұмыстарына жетекшілік еткен PhD, қауымдастырылған профессор Алуа Сманова мен аға оқытушы Нұрайна Шынтаева арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз.