Жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕГІ ӨНДІРІСТІК ЦЕХТАР ҚЫЗМЕТІН КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Университеттің теңгеріміндегі факультеттерге тиесілі өндірістік, қызмет көрсету және зертханалық базалардың әлеуетін толық іске асыру, ғылыми-өндірістік инфрақұрылымды табыс әкелетін тұрақты жүйеге айналдыру мақсатында арнайы комиссия тарапынан кешенді тексеріс жүргізілді.

Аралау барысында тігін, аяқ киім, клем цехтары және тері матадан жасалған бұйымдарға жазу түсіретін түрлі түсті принтердің техникалық жай-күйі мен өндірістік қуаты жан-жақты бағаланды. Цехтардың қолданыстағы мүмкіндіктері, өнім өндіру көлемін арттыру, сапасын жақсарту және нарыққа бейімдеу бағыттары талданды.

Аталған өндірістік алаңдарды тиімді пайдалану университеттің қаржылық тұрақтылығын арттырумен қатар, кәсіпкерлік білім беруді дамытуға және өңірлік экономикамен ықпалдасуды күшейтуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты алдағы кезеңде цехтар базасында кәсіпкерлерді даярлау, тәжірибелік оқыту бағдарламаларын енгізу, өндірістік қызметті жолға қою және өңірлік инвесторларды тарту арқылы университетке қосымша табыс көздерін қалыптастыру бойынша нақты басқарушылық шешімдер қабылдау жоспарлануда.