Жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТТЕ SCOPUS БОЙЫНША СЕМИНАРЛАР СЕРИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Университет қабырғасында профессор-оқытушылар құрамының жарияланымдық белсенділігін арттыруға бағытталған кезекті практикалық семинар өтті. Аталған семинар ғылыми мақалаларды Scopus деректер базасына енгізуге дайындауға арналған оқыту кездесулерінің циклі аясында ұйымдастырылды.

Семинарлар сериясының мақсаты – университет ғалымдарының халықаралық ғылыми кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру, зерттеу нәтижелерінің әлемдік ғылыми айналымға енуін қамтамасыз ету және оқу орнының ғылыми беделін нығайту.

Қазіргі таңда ғылымның жаһандану үдерісі зерттеушілерден халықаралық талаптарға сай сапалы ғылыми мақалалар әзірлеуді талап етеді. Осыған орай, университет ғалымдары ақпан айы бойы әр сейсенбі және бейсенбі күндері арнайы оқыту кездесулеріне қатысып, жетекші сарапшының тәжірибесін меңгеруде.

Семинар спикері – Scopus базасына кіретін басылымдарда 15 ғылыми мақаласы жарияланған тәжірибелі зерттеуші Мурзахметов Асланбек Нұрбекұлы. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, халықаралық журналдарға мақала ұсыну барысында қойылатын негізгі талаптар мен жиі жіберілетін қателіктерге тоқталды. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулердің өзектілігін арттыру, дәйексөз көрсеткішін көбейту және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Практикалық бағыттағы семинар соңында қатысушылар өздерінің дайын мақалаларын талдап, нақты ұсыныстар алды.