Жаңалықтар

ЖҰМЫС САПАСЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Университет қабырғасында Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева университет қызметкерлерімен ашық диалог форматында кездесу өткізді.

Кездесу барысында ректор алдағы республикалық референдумның мемлекет дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Ол бұл саяси науқан әрбір тұлғаның азаматтық ұстанымы мен жауапкершілігін айқындайтын маңызды кезең екенін жеткізіп, қызметкерлерді белсенділік танытуға, өз пікірін ашық білдіруге және қоғам мен мемлекет дамуына өз үлесін қосуға шақырды. Ашық диалог алаңы әрбір қатысушыға ой-пікірін жүйелеп, қоғамдық маңызды шешімдерге саналы түрде қатысуға мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, университет басшысы стратегиялық міндеттерді сөз етіп, қызметкерлерге университеттің әлеуетін барынша іске қосу, әр қызметкердің кәсіби мүмкіндігін қолдау және ішкі жұмыс сапасын жаңа деңгейге көтеру – басты мақсат екенін жеткізді. Ректор университет ұжымының бірлікте және ынтымақта жұмыс істей отырып, ортақ мақсаттарға қол жеткізе алатынын, әр қызметкердің еңбегінің университеттің дамуы мен еліміздің болашағына нақты үлес қосатынын атап өтті. Бұл қадамдар ұжымның үйлесімділігін арттырып, стратегиялық мақсаттарға тиімді қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кездесуге құрылымдық бөлім қызметкерлері, әкімшілік шаруашылық басқармасының өкілдері және Қауіпсіздік қызмет орталығының қызметкерлері қатысып, өз ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салды. Қызметкерлер тарапынан ең алдымен еңбек жағдайын жақсарту, жалақыны кезең-кезеңімен көтеру және әлеуметтік қолдау шараларын күшейту мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, әр қызметкердің өз міндетін жауапкершілікпен әрі сапалы атқаруы, жұмысты тиімді ұйымдастыру, ішкі тәртіп пен кәсіби мәдениетті сақтау қажеттігі де талқыланды. Бұл ұсыныстар университет ұжымының бірлігін нығайтып, ортақ мақсатқа жұмыла қызмет етуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.

Ректор айтылған пікірлерді мұқият тыңдап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Университет басшылығы алдағы кезеңде көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын, ұжымның әлеуметтік жағдайын жақсарту және жұмыс тиімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілетінін хабарлады.

Кездесу соңында ашық диалог университет қызметкерлерімен басшылық арасындағы өзара сенім мен конструктивті қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік бергені атап өтілді. Ректор алдағы кезеңде бұл форматты жалғастырып, қызметкерлердің ұсыныстары мен пікірлерін жүйелі түрде іске асыруға бағытталған нақты шараларды жүзеге асыратынын мәлімдеді.