Жаңалықтар

ЖАС ТАЛАНТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Дизайн» бағыты бойынша өткен республикалық пәндік олимпиада өз мәресіне жетті. Білім сайысында жоғары нәтиже көрсеткен университетіміздің 3-курс студенті Карина Юшковская жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Аталған олимпиадада жүлдегерді дайындаған жетекшісі – өнертану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Айша Мукаева.

Жеңімпаз бен жетекшіні құттықтаймыз! Шығармашылық жолыңызда биік белестерді бағындырып, әрдайым жаңа жеңістерге жете беріңіздер!