Жаңалықтар

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЧЕМПИОНАТТА ДУЛАТИ СТУДЕНТІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Ақтау қаласында жастар арасында Самбо спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыста Дулати университетінің студенті Махамбет Сенім +98 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, І орынға ие болып, чемпион атанды.

Жеңімпазды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!