Жаңалықтар

ЖАСТАРДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Enactus Dulaty»  командасы 2025–2026 оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстарын қорытындылады.  Команданы Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева  қабылдады.

Команда мүшелері әлеуметтік кәсіпкерлік, инновация, экология және білім беру бағыттарында бірқатар жобаларды жүзеге асырып, Enactus халықаралық бағдарламасы аясында республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысты. Жастар қоғамға пайдалы бастамаларды дамытуға, кәсіпкерлік дағдыларын жетілдіруге және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларын ұсынды.

Университет басшысы студенттердің атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, жылы лебізін жеткізді. Ректор жастардың белсенділігі мен бастамалары университеттің дамуына және қоғамға пайда әкелетін жобалардың жүзеге асуына үлкен үлес қосатынын атап өтті.

Кездесу соңында ректор «Enactus Dulaty» командасының белсенді мүшелерін марапаттады. Өз кезегінде жастар командасы алдағы уақытта да жаңа идеяларға ашық екенін айтып, университет басшылығына алғыстарын білдірді.