Ғылыми зертханалар

Ғылыми зертханалар

loading...
Сипаттама
Қызметкерлер
Жобалар
Жарияланымдар
Жабдықтар

«Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» инженерлік бейінді ғылыми-зерттеу зертханасы 2007 жылы құрылған. Зертхананың жалпы ауданы 902 м2.

 Университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен «Наноинженерлік зерттеу әдістері» ғылыми-зерттеу зертханасына оның материалдық-техникалық базасын айтарлықтай дамытуға және жұмыс тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосқан техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-нің 2008-2012 жылдардағы ректоры Әшімжан Сүлейменұлы Ахметовтың есімі берілді (30.10.2012 жыл, №2 хаттама).

 Зертхана қызметінің мақсаты – зертхананың материалдық-техникалық және кадрлық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде тамақ инженериясы, құрылыс өндірісі, мұнай-газ саласында озық технологияларды құру бойынша теориялық және эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

 Зертхананың негізгі міндеттері:

– ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды, оның ішінде ғылыми және технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша іргелі, қолданбалы жобаларды іске асыруға жәрдемдесу, ғылыми бағыттардың тиісті саласында магистрлік, докторлық диссертациялық жұмыстарды дайындауға жәрдемдесу;

– жаңа білім мен технологияларды тарату;

– студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту;

– отандық және шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;

– жоғары технологиялар секторына инвестициялар тарту мақсатында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау;

– мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін дамытуға жәрдемдесу;

– ғылыми-техникалық сипаттағы міндеттерді шешу үшін құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану;

– халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық жұмыстарының дамуына үлес қосу.

Зертханадағы зерттеу жұмыстары геотехника, тамақ инженериясы, мұнай-газ саласы сияқты бағыттар бойынша ынталы негізде келесі 3 жоба аясында  орындалады:

1) Прогрессивті геотехникалық конструкцияларды және оларды құрылыс үшін дайындау технологияларын әзірлеу;

2) Табиғи байытқыштар негізінде функционалдық мақсаттағы нан, нан-тоқаш және ұнды кондитерлік өнімдерінің технологиясын әзірлеу;

3) Мұнай ұңғымаларына арналған тампонаждық материалдар мен бұрғылау ерітінділерінің қасиеттерін зерттеу.

«Прогрессивті геотехникалық конструкцияларды және оларды құрылыс үшін дайындау технологияларын әзірлеу» жобасы (жетекшісі: Бекбасаров И.И., т.ғ.д.) бойынша келесі негізгі нәтижелер алынды:

- әртүрлі өлшемдегі қада (10 дана) және штамптардың (10 дана) тәжірибелік үлгілері 3D-басып шығару әдісімен дайындалды, қада және штамп үлгілерінің, сондай-ақ таспалы қадалы іргетастар үлгілерінің топырақпен өзара әрекеттесуін бағалау мақсатында топырақ науасында статикалық сынақтары ұйымдастырылып, жүргізілді;

- тік жүктемелер әсер еткен кезде конструкциялардың жұмыс істеу ерекшеліктері анықталып, штамп өлшемдеріне, топырақ қасиеттеріне және траншеяларды қалыптастыру жағдайларына байланысты кедергісінің өзгеру заңдылықтары анықталды;

- ылғалдылықтың әртүрлі күйінде және іргетастармен өзара әрекеттесу жағдайларында топырақ параметрлерін анықтау бойынша теориялық есептер құрастырылып, шешілді;

- құрғақ және жартылай құрғақ топырақтарды соққылы тығыздау кезінде оларды жібітуге қажетті су мөлшерін, траншея түбіне қатты материалды штамптау кезінде штамп астындағы тығыздалған топырақ аймағының өлшемдерін, сондай-ақ траншеяны штамптау барысында суға қаныққан топыраққа енгізілетін құрғақ топырақ мөлшерін анықтау әдістері әзірленді.

Жобасы (жетекшісі: Умирбекова Ә.С., магистр) бойынша төмендегідей негізгі нәтижелерге қол жеткізілді:

- ұлттық нанның рецептурасын жетілдіру мақсатында әртүрлі мөлшерде құйрық майын қосу арқылы тәжірибелік сынақтар жүргізілді;

- құйрық майын қоса отырып ұлттық нанның сынамалық үлгілері пісірілді, органолептикалық көрсеткіштері бағаланды;

- нанның тағамдық құндылығын арттыру мақсатында оған кептірілген жеміс үлгілерін (қауынғақ, қарбызқақ, өрік) қоса отырып нан пісіру рецептуралары дайындалды; 

- өсімдік тектес шикізаттан, көкөніс және жеміс сығындыларынан жасалған құрама қоспалар негізінде гранола-трейл-микс өнімдерінің сынамалы үлгілері әзірленді. 

Жобасы (жетекшісі: Кабдушев А.А., PhD, қауымдастырылған профессор) бойынша мынадай жұмыстар орындалды:

- мұнай-газ ұңғымаларының шегендеу колонналарын бекітуге арналған модификацияланған тампонаждық қоспалар зерттелді;

- статикалық жүктемелер әсері кезінде дифференциалды қасиеттері бар тампонаждық ерітінділер сыналды;

- ұңғымаларды бекіту сапасын арттыру үшін кешенді модификацияланған тампонаждық материалдардың құрамдары пысықталды;

- ұңғыма сағасын бекітуді күшейту үшін буферлік сұйықтықтардың құрамы қалыптастырылды.

2025 жылдан бастап геотехникалық бағыттағы зертхана ғалымдары мен мамандары келесі 2 гранттық жобаны жүзеге асыруда:

1) АР25795533 «Көпкомпонентті топырақ материалдарын жасау, құрамын оңтайландыру және үйінді бөгеттер салу үшін олардың параметрлерін болжау әдістерін әзірлеу» жобасы (бюджет көлемі – 30,0 млн теңге). Жоба жетекшісі – Сүйеншбаева Қ.Т., ғылыми кеңесші – Бекбасаров И.И. Жоба «Жас ғалым 2025–2027» конкурсы аясында жүзеге асырылуда.

  • жылы жоба аясында әртүрлі үлестік қатынастағы екі компонентті топырақ қоспаларына зертханалық зерттеулер жүргізілді. Топырақ сынамаларының физикалық көрсеткіштерін бағалау бойынша тәжірибелер орындалды. Келесі көрсеткіштер анықталды: топырақ бөлшектерінің құрамы, бастапқы ылғалдылық, илену шегіндегі ылғалдылық, ағу шегіндегі ылғалдылық, тығыздық.

2) АР26197175 жобасы «Штампталған траншеяларда ростверктері бар таспалы қада іргетастарды орнату бойынша жұмыс жүргізу технологиясын әзірлеу» жобасы (бюджет көлемі – 120,0 млн теңге). Жоба жетекшісі – Бекбасаров И.И. Жоба 2025–2027 жылдарға арналған жалпы гранттық конкурс аясында жүзеге асырылуда.

2025 жылы жоба аясында қада үлгілерін соққылап қағу бойынша зертханалық эксперименттер жүргізілді, қадаларды енгізу нәтижесінде топырақтың тығыздалған аймақтарының өлшемдері анықталды, қадалар арасындағы оңтайлы қашықтықтар белгіленді. Қадаларды қағу кезінде оларды топыраққа батырудың энергия сыйымдылығы анықталды, сондай-ақ сазды және құмды топырақтардағы көтергіштік қабілеті белгіленді.

2025 жылы зертханалық жағдайда полимербетон үлгілерімен тәжірибелер жүргізілді. Бұл жұмыстар «BR24992867 – Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурсты үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру» бағдарламасы бойынша ПЦФ мегагрантын іске асыру аясында орындалды.

Тәжірибелер 100×100×100 см өлшемдегі бетондардың бақылау және тәжірибелік үлгілерін (фибробетон, полимерцементті бетон, полимерцементті фибробетон және бетонополимер) дайындауды, бетондарды статикалық сығымдау жүктемелері мен динамикалық соққы әсерлері кезінде сынауды, сондай-ақ тәжірибелік бетон үлгілерін сумен қанықтыруды қамтыды.

 

2025 жылы жарияланған Скопус мақалалары:

1) Atenov, Y.; Bekbasarov, I.; Shanshabayev, N. Energy Intensity and Uplift Load Resistance of Novel Hybrid Pile, Driven with Additional Compaction: Comparative Field Study. Buildings 2025, 15, 487. https://doi.org/10.3390/buildings15030487  

2) Atenov, Y.; Bekbasarov, I.; Shanshabayev, N. Investigation of Strength of Polymer-Modified Fiber-Reinforced Concrete Under Water Saturation. Buildings 2025, 15, 4407. https://doi.org/10.3390/buildings15244407 

3) Bekbasarov, I., Suienshbayeva, K., Atenov, Y., & Shanshabayev, N.  The Influence of the Fine Earth Composition of the Soil Mixture on the Parameters of Its Filtration, Moisture Content, and Density. Civil Engineering Journal 2025, 11(12), 5144–5166. https://doi.org/10.28991/CEJ-2025-011-12-013

2025 жылы жарияланған Комитет тізіміне енген мақалалар:

1) Бекбасаров, И.И. Ростверк астындағы траншеяларды штамптау кезінде қадалар арасындағы тығыздалған топырақ аймағының өлшемдерін анықтау әдістері   / И.И. Бекбасаров, Е.И. Атенов, Н.А. Шаншабаев // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2025. – No4(90). – Б.181-194. https://doi.org/10.55956/AAIY2161   

2) Умирбекова, А.С. Нан өндіру технологиясында өнген жасымық ұнын қолдануды зерттеу / А.С.  Умирбекова, А.Б.  Мынбаева, И.Н.  Сметанская, А.С. Боранкулова, А.Б. Саршаева, А.Б.  Нұрмахан // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2025. –No3(89). – Б.107-115. https://doi.org/10.55956/GABL8998  

3) Бекбасаров, И.И. Результаты лабораторных исследований по изучению некоторых параметров фильтрации воды через образцы мелкозернистого компонента крупнообломочного грунта / И.И.  Бекбасаров, К.Т.  Суйеншбаева, Е.А. Атенов, Н.А. Шаншабаев // Механика и технологии / Научный журнал. – 2025. – No3(89). – С.309-318. https://doi.org/10.55956/BVXN7131  

4) Бекбасаров, И.И. Метод определения количества воды для увлажнения грунта при выштамповывании траншеи под ростверк между сваями / И.И. Бекбасаров, Е.И. Атенов, Н.А. Шаншабаев // Механика и технологии / Научный журнал. – 2025. – No3(89). – С.330-341. https://doi.org/10.55956/NMKV2583

5) Умирбекова, А.С. Богарная-56 сортынан алынған бидай ұнын наубайханада қолдану перспективасы / А.С. Умирбекова, А.С. Боранкулова, А.К. Садибаев, С.А. Орынбаев, М.Е. Ержанова, Б.Е. Солтыбаева, Л.Ж. Алашбаева // Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2025. – No2(88). – Б.82-92. https://doi.org/10.55956/PAUA6927  

6) Бекбасаров, И.И. Об обеспечении сейсмической безопасности г. Тараза / И.И. Бекбасаров, Е.И. Атенов, Н.А. Шаншабаев // Механика и технологии / Научный журнал. –2025. – No1(87). – С.231-240. https://doi.org/10.55956/RITR8974  

7) Маликтаева, П.М. Ашымықтың қышқылдық санын анықтау [Мәтін] / П.М. Маликтаева, К.Ш. Саржанова, А.Б. Мынбаева, Ш.Д. Умирбаева //Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2025. – №1(87). – Б.74-79. https://doi.org/10.55956/EJVR4716  

8) Боранкулова, А.С. Жамбыл облысында өсірілген отандық сұрыпты бидайлардың физика-химиялық құрамын және технологиялық қасиеттерін зерттеу [Мәтін] / А.С. Боранкулова, А.С. Умирбекова, А.К. Садыбаев, Л.Ж. Алашбаева, Б.Е. Солтыбаева, М.Е. Ержанова //Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2025. – №1(87). – Б.88-96. https://doi.org/10.55956/SNMB4114

9) Мынбаева, А.Б. «Талқан-Үлпек» ұлттық өнімінің рецептурасын оңтайландыру [Мәтін] / А.Б. Мынбаева, А.К. Садибаев, П.М. Маликтаева, А.С. Умирбекова //Механика және технологиялар / Ғылыми журнал. – 2025. – №1(87). – Б.121-128. https://doi.org/10.55956/NTHZ7458  

10) Байтемиров, М.Н. Влияние жесткости подземной части здания на деформируемость основания на примере строящихся зданий школ в с. Аксу и г. Шымкент Туркестанской области [Текст] / М.Н. Байтемиров, И.И. Бекбасаров, С.Ш. Егембердиева, Б.Ж. Кушкимбаева, Е.И. Атенов, Н.А. Шаншабаев // Механика и технологии / Научный журнал. – 2025. – №1(87). – С.219-230. https://doi.org/10.55956/NUSO8769  

11) Кембаев А.Р., Бимбетова Г.Ж., Кабдушев А.А., Надиров К.С., Отарбаев Н.Ш. Получение тампонажных растворов для крепления нефтегазовых скважин // Нефть и газ. – 2025. - №1 (145). - С.222-235;

12) Development of the composition of lightweight cement slurry using microspheres and microsilica // SOCAR Proceedings. No.2 (2025) 040-047 Drilling & Completion. http://proceedings.socar.az

13) Кембаев А.Р., Бимбетова Г.Ж., Отарбаев Н.Ш., Бекенов Р.М. Шегендеу бағаналарын бекіту үшін тампонаждық қоспалардың жаңа құрамын алу // Научно-технический и производственный Горный журнал Казахстана. – 2025. - №8 (244). – С.63-70

 

Жабдық аты

Марка/ моделі

Негізгі техникалық сипаттамалары

Жұмыс түрлері

Саны

Өндіруші ел

Гидравликалық пресс

П-125

Ең үлкен жүктеме: 1250 кН; гидравликалық поршеньдің жұмыс барысы: 50 мм; бағандар арасындағы қашықтық: 470 мм; қысу тақталарының өлшемдері: 440×440 мм

Құрылыс материалдарының қысу беріктігін анықтау

 

1

Ресей

Топырақ пенетрометрі

ПСГ-МГ4

Ену күшін өлшеу диапазоны: 100-950 Н; ену кедергісін анықтау диапазоны: 0,5-7,5 (50-750) МПа (Н/см2); ұштардың диаметрі: 22,0; 16,0; 11,3; 8,0; 6,0 мм.

Топырақтың тығыздығын анықтау

 

1

Ресей

Топырақты стандартты тығыздау құралы

ПСУ-А

Бөлінген жұмысшының өлшемдері:

- Биіктігі 127,4 мм; - диаметрі 100 мм;

- Сыйымдылығы 1000 см3; тығыздағыштың параметрлері:

- Салмақ салмағы 2,5 кг;

Шәйнектің құлау биіктігі 300 мм; соққы жиілігі минутына 9.

Топырақтың максималды тығыздығын анықтау

 

1

Ресей

Құрғату шкафы

ШС-80-01 СПУ

Көлемі: 80 л; жұмыс температурасының диапазоны: 5-200 °С; жұмыс камерасындағы температураны тұрақты режимде ұстау дәлдігі, кем емес: ±3 °С; жұмыс камерасының өлшемдері, кем емес: ені × тереңдігі × биіктігі: 560х390х370 мм

Үлгілерді сусыздандыру

1

Ресей

Васильев балансир конусы штативты

ШПВ

Құрылғының жылжымалы бөлігінің массасы: 76±2 г; конустың жоғарғы жағындағы бұрыш: 30±1 градус; кесу сақинасының ішкі диаметрі: 50.5±0,1 мм; кесу сақинасының биіктігі: 25±0.1 мм

Сазды топырақтардың аққыштық шегін анықтау

1

Ресей

КФ-00М құралы

КФ-00М

Цилиндр  

 - ішкі диаметрі 56,5 мм;

 - биіктігі 100 мм;

Шыны баллон  

- көлемі 140 см3; - биіктігі 110 мм

Құмды топырақты сүзу коэффициентін анықтау

1

Ресей

Топырақ ареометрі

АГ-995-1030

Тығыздықты өлшеу диапазоны: 995-1030 кг / м3; гидрометр шкаласын бөлу бағасы: 1,0 кг/м3; биіктігі: 405 мм; ең үлкен диаметрі: 32 мм

Топырақтың тығыздығын анықтау

1

Ресей

Қысу сынақ машинасы (пресс)

ИП-100

Ең үлкен жүктеме: 100 кН; гидравликалық поршеньдің жұмыс барысы: 100 мм; бағандар арасындағы қашықтық: 230 мм; қысу тақталарының өлшемдері: 210×210 мм

Құрылыс материалдарының қысу беріктігін анықтау

1

Ресей

Зертханалық электронды таразы

НПВ-600

Ең үлкен салмақ шегі (ҮСШ немесе Max): 600 г; Дискреттілік (бөлу бағасы) (d): 0,01 г; дәлдік класы: жоғары (II); таразы ыдысының диаметрі: 120 мм; калибрлеу: сыртқы

Заттың массасын өлшеу

1

Ресей

Ұяшық өлшемдері 0,1-10,0 мм елеуіштер жиынтығы

-

Ұяшық өлшемі: 0,1; 0,25; 0,5; 1,0; 2,0; 5,0; 10,0 мм; елеу элементінің түрі: тор; қабықтың өлшемі: 300 мм; қабықтың биіктігі: 50 мм

Топырақтың фракциялық құрамын анықтау

1

Ресей

Ыстық қысу пресі

Cito Press-10

Пресс күші: 25 бар қадаммен 50-250 бар; Температура: 5 оС қадаммен 80-180 оС; қыздыру/салқындату уақыты: 0,5 мин қадаммен 1-15 мин

Сынамалар диаметрі 25 мм болатын таблетка жасау

1

Дания

Көміртегі түтікшелерін синтездеу қондырғысы

CN-CVD-100

Синтез әдісі: газ фазасынан плазмалық эпитаксиалды тұндыру; қолданылатын газдар: CH4, H2, N2; жұмыс камерасындағы Температура: 600 оС; энергия көзі: микротолқынды генератор; субстрат түрі: Fe, Ni, Co металл қорытпасы

Газ фазасынан көміртекті нанотүтікшелер синтездеу

1

Жапония

Ұнның ферментативті қасиеттерін анықтау құралы

RHEOFERMENTOMETER F3, CHOPIN

Сынақ ұзақтығы: 30 минуттан 24 сағатқа дейін; құрылғының жады: 8 әдіске дейін, 8 сынақ нәтижесіне дейін сақтау; интерфейс: RS 422, RS 232

Қамырдағы СО2 мөлшерін анықтау, қамыр көлемін өлшеу

1

Франция

Дәннің желімтегін анықтау жүйесі

GLUTOMATIC, PERTEN

Қуат талаптары: 115/230 В, 50/60 Гц

Қуат тұтыну: Glutomatic 2000-250ВА

Сенсорлық экран (GM 2000): 7 дюйм, сыйымдылығы

Өлшемдері: Glutomatic 2000: 378 x 353 x 288 мм,

Қоршаған орта температурасы: 5-35°C

Ылғалдылық: 35-80% салыстырмалы ылғалдылық, конденсация жоқ

Дәндегі глютен мөлшері мен сапасын өлшеу

1

Швеция

Инфрақызыл талдағыш

Perten DA 7200

Талдау уақыты: 6 секунд

Үлгі мөлшері: бірнеше дәндерден 380 мл-ге дейін

Өнімдер: астық, ұнтақ, суспензия, паста және басқа да өнімдер

Параметрлер: ылғалдың, ақуыздың, майдың, крахмалдың, талшықтың және басқалардың массалық үлесі.

Талдау түрі: контактісіз, жоғарыдан төменге, айналмалы үлгі шыныаяқ

Талдау алаңы: стандартты үлгі шыныаяқ 108 см2

Ақуызды, талшықты, крахмалды, қантты, ылғалдылықты өлшеу

1

Швеция

Автоматтандырылған сынақ кешенінің жиынтығы

АСИС

Күштік әсер ету қуаты: 10, 30, 50 кН; басқару тәсілі: электропневматикалық, электромеханикалық; әртүрлі траекториялар бойынша күштік әсер ету: сатылармен, кернеуді бақылаумен (минималды саты 0,0125 МПа); позицияны бақылайтын сатылармен (минималды сатысы 0,01 мм); берілген осьтік деформациясы 0,0001 – 10 мм/мин. ГОСТ сәйкес сынақтар өткізу.

Топырақтың деформациялық-беріктік сипаттамаларын анықтау

1

Ресей