Хабарландыру

БОСАҒАН БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Құрметті студенттер!

2025-2026 оқу жылындағы  жоғары білім алу үдерісі барысында босаған бос білім беру гранттарын тағайындау үшін байқау жарияланады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының26) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының 17, 18 тармақшасына сәйкес жоғары білім алу үдерісі барысында босаған білім беру гранттары білім беру бағдарламасы бойынша ақылы негізде білім алушылар арасында байқау өткізу арқылы тағайындалады.

Жоғары білім алу үдерісі барысында босаған білім беру гранттарын тағайындау  демалыс кезінде, яғни 2025-2026 оқу жылының қысқы емтихан сессия қорытындысы бойынша байқау негізінде іске асырылады.

Босаған білім беру грантын алуға байқау жүргізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіші бірдей болған жағдайда оқудың барлық мерзімі бойынша  тек А,А- («өте жақсы»), одан соң А, А- («өте жақсы») бастап В+, В, В-, С+ («жақсы»), ары қарай аралас бағалары бар үміткерге  беріледі.

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

  1. Ақылы негізде оқитын студенттің білім беру гранты бойынша оқуы туралы ЖОО ректоры атына жазылған өтініші;
  2. Студенттің транскрипті;
  3. Студенттің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
  4. Әлеуметтік мәртебесі туралы анықтама (қажет болған жағдайда).

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің жоғары білім алу процесінде грант бойынша босатылған бос орындары

БАКАЛАВР

(23.12.2025 жылға)

Білім беру бағдарламаларының тобы

Код - Білім беру бағдарламасы

 

Қабылдау жылы

 

Курс

Орын саны

 

Топтағы білім бағдарламалары

1.

В016 - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

6В01700  - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

2025

1

1

6В01700  - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

2.

В052 - Жер туралы ғылым

6В05214 - География және табиғаттың тіршілікке үйлесуі

2025

1

1

6В05214 - География және табиғаттың тіршілікке үйлесуі

 

3.

В061- Материаловедение и технологии

6В07116-Материалтанужәнеженілөнеркәсіпматериалдардыңтехнологиясы

 

2025

1

1

6В07116-Материалтанужәнеженілөнеркәсіпматериалдардыңтехнологиясы

 

 

1 курс -3орын

 

1.

В009- Подготовка учителей математики

 

6В01513-6B01513 Математика (IP)

 

2024

2

1

6В01513-6B01513 Математика (IP)

 

2.

В019-Әлеуметік педагогика мамандарын даярлау

6В01801-Әлеуметтік педагогтерді даярлау

 

2024

2

1

6В01801- Әлеуметтік педагогтерді даярлау

 

3.

В020-Арнайы педагогика

 

6В01905-Олигофренопедагогика сурдопедагогика негіздерімен

 

2024

2

1

6В01905-Олигофренопедагогика сурдопедагогика негіздерімен

 

4.

В052 - Жертуралығылым

6В05214 - География және табиғаттың тіршілікке үйлесуі

2024

2

2

6В05214 - География және табиғаттың тіршілікке үйлесуі

 

5.

B092 - Тынығу

6B11115 - Мәдени-тынығу қызметі:театралдық қойылымдарды ұйымдастыру және режиссурасы

 

2024

2

2

6B11115 - Мәдени-тынығу қызметі:театралдық қойылымдарды ұйымдастыру және режиссурасы

6B11116 - Мәдени-тынығу қызметі:бұқаралық қойылымдарды ұйымдастыру және вокалдық орындаушылық

6B11117 - Мәдени-тынығу қызметі: бос уақытты ұйымдастыру және педагогикасы

 

2 курс – 7орын

 

1.

В009-Математика мұғалімдерін даярлау

6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау

 

2023

3

1

6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау

6B01513-Математика (IP)

 

 

2.

B013 - Биология мұғалімдеріндаярлау

6B01505 - Биология мұғалімдеріндаярлау

2023

3

1

6B01505 - Биология мұғалімдерін даярлау

6B01533 Биология (IP)

3.

В028- Хореография

 

6В02101- Хореография

 

2023

3

2

(әкім гранты)

6В02101- Хореография

 

 

3 курс – 4орын

 

1.

В005 - Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

6B01421 - Білім саласындағы дене мәдениеттік-спорттық қызмет

2022

4

1

6B01421 - Білім саласындағы дене мәдениеттік-спорттық қызмет

2.

В031 - Сән, дизайн

6B02111 - Сән дизайны

2022

4

1

6B02111 - Сән дизайны

6B02112 - Жарнама дизайны

6B02113 - Интерьер дизайны

3.

В050-Биологиялық және сабақтас ғылымдар

 

 

6В05112- Жалпы биология

 

2022

4

1

6В05111-Медиктікбиологиялықіс

6В05112 –Жалпы биология

6B05113 - Тағам биотехнологиясы

 

 

4.

В053 - Химия

6В05314 - Химия

2022

4

1

6В05314 - Химия

6B05315 - Аналитикалық химия

5.

В068 - Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

6В07214 - Тамақ және өңдеу өндірістерінің технологиясы және инженерингі

 

2022

4

1

6В07214 - Тамақ және өңдеу өндірістерінің технологиясы және инженерингі

6В07215 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

 

4 курс – 5орын

 

               

 

МАГИСТРАТУРА

 

Білім беру бағдарламаларының тобы

Код - Білім беру бағдарламасы

 

Қабылдау жылы

 

Курс

Орын саны

 

Топтағы білім бағдарламалары

 

1.

M011 - Физика педагогтарындаярлау

7M01502 - Физика педагогтарындаярлау

2025

1

1

7M01502 - Физика педагогтарындаярлау

2.

M011 - Физика педагогтарындаярлау

 

7M01502 - Физика педагогтарындаярлау

2024

2

1

7M01502 - Физика педагогтарындаярлау

 

1 және 2 курс – 2 орын

 

Барлығы университет бойынша вакант грант 21 орын

 

                 

 Назар аударыңыздар! Грант иегерлерінің (оның ішінде бос гранттар) назарларына

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі«Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы11 тамыздағы № 403 бұйрығына сәйкес:

Заңның 26-бабының 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) бітіргеннен кейін меншік нысанына қарамастан, ауылдық жерде орналасқан тиісінше білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде, ветеринария ұйымдарында, аграрлық бейіндегі ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтейді.

Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары тізбесі "Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысында айқындалған қоныс аударуға арналған өңірлерде ЖЖОКБҰ-ны бітіргеннен кейін кемінде екі жыл жұмыс істейді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ны немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды (бұдан әрі - ДССҒҰ) бітіргеннен кейін кемінде үш жыл тиісінше білім беру ұйымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтейді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ны бітіргеннен кейін кемінде үш жыл меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыспен өтейді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бейіні бойынша доктор бағдарламасы бойынша докторантурада білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары оқуды аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл мемлекеттік органдарда немесе ЖЖОКБҰ-да немесе ғылыми ұйымдарда жұмыспен өтейді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары оқуды аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл ЖЖОКБҰ-да немесе ғылыми ұйымдарда жұмыспен өтейді.

           Өтініш үлгісі

__________________________

/қолы/

«_____»_____________20___ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма Төрағасы – Ректорының у.м.а

С. Орынбаевқа

________________________________________

____________________________факультетінің

________________________________________

___________________________________/БББ-ң

_____курс студенті________________________

_________________________________________

_________________________________________

/А.Ж.Ә. толық/

ӨТІНІШ

         Маған білім беру грантын тағайындауды қарастыруыңызды сұраймын. Менім GPA-ды ашық түрде жариялануына келісемін.

Транскрипт тіркелген.

 

 

 

«___»__________2026ж.                                                   _____________________

(қолы)