Хабарландыру

Дулати Университеті академиялық ұтқырлық аясында оқуға конкурс жариялайды

Құрметті 1 және 2 курс студенттері!

2026-2027 оқу жылының 1 семестрінде академиялық ұтқырлық аясында оқуға конкурс жарияланады. Сіздің Еуропалық Одақ, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия, ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасының университеттерінде білім алуға мүмкіндігіңіз бар.

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 16.03.2026 ж., 18:00 сағ.

Академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және құжаттарды тапсыру мәселелері бойынша:

Халықаралық ынтымақтастық басқармасына

Ы. Сүлейменов көшесі 13, (301 каб) мекен-жайы бойынша хабарласыңыздар.