М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті 8D072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» даярлау бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестің ресми түрде ашылғанын хабарлайды.
Кеңес 8D07212 – «Инновациялық тоқыма» және 8D07211 – «Былғары бұйымдары индустриясы» білім беру бағдарламалары топтары бойынша жұмыс жүргізеді (2026 жылғы 29 қаңтардағы №42 бұйрық).
Қызмет ету мерзімі: 27.01.2029 жылға дейін.
Диссертациялық кеңестің құрылуы ғалымдар мен зерттеушілерге инновациялық тоқыма және былғары бұйымдары индустриясы салаларында докторлық диссертация қорғауға жаңа мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ өндірістік және өңдеу салаларындағы ғылыми зерттеулердің дамуына, заманауи технологияларды енгізуге және жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Жас ғалымдарды, докторантура түлектерін және мамандарды диссертация қорғауға құжат тапсыруға шақырамыз!
