Хабарландыру

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетіне ауыстырылуға немесе қайта оқуға қабылдануды қалайтын студенттер мен магистранттар үшін

Басқа жоғары оқу орнынан ауысу үшін қажетті құжаттар:

1. Студент оқып жатқан жоғары оқу орнының басшысының атына еркін түрде жазылған ауысу туралы өтініш және мөрмен расталған жазбаша келісім. Оқудан шығарылған жағдайда — оқудан шығару туралы бұйрықтың көшірмесі міндетті түрде қоса беріледі.

2. Орта немесе жоғары білім туралы аттестаттың/дипломның қосымшасымен бірге көшірмесі.

3. Білім беру бағдарламасына берілген лицензияның көшірмесі.

4. Жоғары оқу орнының лицензиясының көшірмесі.

5. ҰБТ және КТ тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі, сондай-ақ шығармашылық емтихан нәтижелерінің көшірмесі (бар болған жағдайда).

6. Білім беру грантының иегері екенін растайтын куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда).

7. Ректордың қолы қойылып, мөрмен расталған транскрипттің түпнұсқасы.

8. Жеке куәліктің көшірмесі; ер азаматтар үшін — әскери билет немесе тіркеу куәлігінің көшірмесі.

ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕГІ АУЫСУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ 2026 жылғы 5 қаңтардан 14 қаңтарға дейін