Математика

Математика

loading...
Сипаттама
Оқытушылар
Білім беру бағдарламалары
Байланыс

«Математика» кафедрасы педагогикалық білім беру саласында мамандар даярлайтын құрылымдық бөлімше болып табылады. «Математика» кафедрасының негізі 1967 жылы Жамбыл педагогикалық институты ашылғаннан қаланған. Қазіргі кезде М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің құрамында.

Кафедраның ПОҚ құрамы 15 оқытушы, оның ішінде: 2 ғылым докторы, 4 PhD, 2 ғылым кандидаты. Кафедра оқытушыларының басым бөлігі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысады. Оған дәйек ретінде кафедра оқытушыларының Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылатын гранттық жобаларды орындауға қатысуын, тұрақты түрде Scopus және Web of Science деректер базасына енетін жоғары рейтингілі журналдарда, ҒжЖБССҚЕК ұсынған журналдарда мақала жариялауын, халықаралық ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысуын келтіруге болады.

Кафедра қызметі жалпы орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдары үшін математика бойынша педагогикалық қызметті жүзеге асыра алатын кәсіби мұғалімдерді даярлауға бағытталған.

Кафедрада педагогикалық бағыттағы келесі білім беру бағдарламалары іске асырылады:

Бакалавриат

6В01513 Математика (IP),

6В01501 Математика мұғалімдерін даярлау,

Магистратура

7М01501 Математика педагогтарын даярлау

 «Математика» кафедрасына қарасты білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер мен магистранттар № 5.3 оқу корпусында білім алады (Жамбыл даңғылы, 16А). Мұнда 4 компьютерлік сынып, 1 ресурстық орталық, кітапхана абонементі және ақпараттық арналарға, интернеттің жергілікті желісіне қолжетімділігі бар оқу залы орналасқан.

«Математика» кафедрасына 16 арнайы оқу аудиториялары мен кабинеттер бекітілген, оның ішінде академик М.Өтелбаев аудиториясы (5.1-402), профессор М.Мұратбеков аудиториясы (5.3-503), «Математиканы оқыту әдістемесі» аудиториясы (5.3-510), магистранттарға арналған кабинет (5.3-501), оқытушыларға арналған кабинеттер (5.3-508, 5.3-515). Бірнеше аудиториялар компьютерлік техникамен, мультимедиялық құралдармен (компьютерлер, принтерлер, интерактивті тақталар) жабдықталған.

Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ (Астана),

әл-Фараби ат. ҚазҰУ (Алматы),

Математика және математикалық модельдеу институты (Алматы),

Берлин Еркін Университеті (Берлин),

М.Акмулла ат. Башқұрт мемлекеттік университеті (Уфа),

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ,

«Дарын» дарынды балаларға арналған лицей-интернаты.

6В01513- Математика (IP)

Берілетін біліктілік:
6В01513- Математика (IP) білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

Бітіруші түлек моделі:
Бағдарлама түлегі – жалпы және қосымша білім беру ұйымдарында математика пәні бойынша педагогикалық қызметті кәсіби деңгейде жүзеге асыруға қабілетті, шығармашылық ойлауы дамыған және әлеуметтік жауапты мұғалім.

Кәсіби қызмет салалары:

  • жалпы білім беретін мектептер;
  • гимназиялар мен лицейлер;
  • қосымша білім беру ұйымдары;

Оқыту нәтижелері:
Бітіруші:

  1. Математика пәні бойынша оқу-тәрбие үдерісін жоспарлайды және ұйымдастырады;
  2. Заманауи педагогикалық және цифрлық технологияларды қолданады;
  3. Кәсіби-педагогикалық этиканы сақтайды және үздіксіз кәсіби дамуға дайын.
  4. Жобалық және шығармашылық жұмыстарды жүзеге асырады;

 

Бакалавриат

6В01513 Математика (IP),

6В01501 Математика мұғалімдерін даярлау,

Магистратура

7М01501 Математика педагогтарын даярлау

Даму жоспары

Қызметкердің аты-жөні Лауазымы Жұмыс телефоны Ұялы телефоны Электрондық поштасы
Тасуов Болат декан 51-00-66 +7(701)677-48-33 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Джунбаева Гульнур Нурхалиевна оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі декан орынбасары 51-00-66 +7 707 886 56-16 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Толқынбаева Айнұр Тұрсынханқызы Тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары 51-00-66 - Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Бекеева Гульсим Ережепбаевна Ғылыми жұмыстары жөніндегі декан орынбасары 51-00-66 - Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.