Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) ұсынымдарын іске асыру аясында «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» (7М01702) білім беру бағдарламасының мазмұнын, түлек бейінін және оқу үдерісін педагогтерді даярлаудың заманауи талаптарына сәйкестендіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
IAAR ұсынымдарына сәйкес білім беру бағдарламасының түлек бейіні құрамына 9.4-бөлім – «Тұлғалық және моральдық-этикалық қасиеттері мен түлектің білім беру-кәсіби траекториясы» енгізілді. Бөлімде түлектің тұлғалық және моральдық-этикалық қасиеттері, сондай-ақ оның білім алу және кәсіби даму траекториясы (бакалавриат → магистратура → докторантура → кәсіби біліктілікті арттыру) қамтылады. Жаңа бөлім түлектің кәсіби даярлығын тұлғалық және моральдық-этикалық сапаларымен сабақтастықта кешенді бағалауға мүмкіндік береді. Жауапкершілік, сыни ойлау, өзін-өзі дамыту, кәсіби этика және академиялық адалдық қағидаттарына басымдық беріледі.
Бағдарламаны дамытудың маңызды бағыттарының бірі – жасанды интеллектті (ЖИ) білім беру үдерісіне жауапты әрі мақсатқа сай енгізу. Осы мақсатта академиялық адалдық, деректерді қорғау және кәсіби этика қағидаттарын сақтай отырып, ЖИ құралдарын оқу үдерісінде тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдерін кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда.
Болашақ педагогтердің ЖИ сауаттылығын қалыптастыруға да ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, білім алушылардың ЖИ технологияларының мүмкіндіктері мен шектеулерін түсінуіне, алынған ақпарат пен нәтижелерді сыни тұрғыдан бағалауына, олардың дұрыстығын тексеруіне және ЖИ құралдарын білім беру тәжірибесінде жауапкершілікпен қолдануына қажетті дағдыларды дамыту көзделеді.Академиялық адалдық нормаларын, авторлық құқық талаптарын және деректердің құпиялылығын сақтау, сондай-ақ ЖИ арқылы алынған ақпараттың сенімділігін тексеру негізгі қағидаттар қатарында қарастырылады.
IAAR ұсынымдарына сәйкес университет білім беру бағдарламасын жетілдіру үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру бағдарламасына енгізілген және жоспарланған өзгерістер туралы ақпарат университеттің ресми сайты, кафедраның веб-парақшалары және әлеуметтік желілер арқылы тұрақты түрде жарияланып отырады. Оқу жылы ішінде жаңартылған ақпаратты кемінде екі рет жариялау көзделеді.
Жоспарланған жұмыстар білім беру бағдарламасының сапасын арттыруға, болашақ педагогтердің кәсіби, тұлғалық және цифрлық құзыреттерін дамытуға, ЖИ құралдарын жауапкершілікпен пайдалану мәдениетін қалыптастыруға және білім беру үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
