Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні
«Практикалық шетел тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Д.Алтынбекованың ұйымдастыруымен наурыз мерекесін және қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» тақырыбында сайыс түріндегі іс-шараға өткізді. Аталмыш іс-шараға ГӘҒФ «Филология» және «Тарих мұғалімдерін даярлау» мамандықтарының студенттері екі топ болып қатысты.
Төрт бөлімнен тұратын сайыста студенттер өз білімдері мен белсенділіктерін көрсете білді.
«Шешені судай төгілген...» бөлімінде екі топтың арасынан көркем сөз оқу шеберлері шығып, Наурыз туралы өлең шумақтарын оқып сынға түсті.
Журналистермен кездесу өтті
Бүгін Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті "Филология және журналистика" кафедрасының ұйымдастыруымен "Қазақ баспасөзі: бүгіні мен болашағы" тақырыбында журналистермен кездесу өтті.
Дулати университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығына қарасты "Creativ zone"-да Жас журналистер клубының мүшелері мен осы саланың майталман мамандарының басын қосқан іс-шара пікіралмасу форматында өрбіді.
Қонақтар, облыстық "Ақжол" газетінің бас редакторы Хамит Есаман, "Егемен Қазақстан" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Табиғат Абаилдаев, "Университет тынысы" газетінің редакторы Ардақ Үсейінова баспасөздің тарихынан болашағына дейінгі аралықтағы ірі-ірі мәселелерге тоқталып, қадау-қадау сұрақтарға жауап берді.
ЖОО мен орта білім беру мекемелерімен ынтымақтастық жалғасуда
Қазіргі уақытта білім беру негізі, маңызды әрі тиімді тәсілдердің бірі – онлайн және оффлайн жүйесінің бір-бірімен сабақтастығы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Жақсы үрдістің іске асуы ЖОО оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің тәжірибе алмасуымен тығыз байланысты.
Осы орайда, «Практикалық шетел тілдері» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы жыл сайын, ынтымақтастық және біліктілікті арттыру, кәсіптік бағдар жұмысын жасау мақсатында, облыс және қала мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған семинарлар ұйымдастырып отырады.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қазақстандық қоғамдық даму институты жариялаған үздік жобалар байқауында Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің, «Әлеуметтік психология» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Керимбаева Рысты Калдыхановнаның жобасы үздік танылып, «Үздік жобалар-2022» жинағына еніп, министрлік сайтына қойылды. Факультеттің педагогикалық ұжымы Рысты Қалдыхановнаға зор денсаулық, ұзақ өмір, ғылым жолындағы еңбектеріне шығармашылық табыстар тілейді!
Қымбат Қаржауқызы студенттерге дәріс оқыды
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті Филология және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен кезекті қонақ дәрісі өтті.
Бүгінгі дәрісті «Конвергенттік журналистика» ББ-ның 1,2-курс студенттеріне облыстық «JAMBYL» телеарнасының редактор-жүргізушісі, «Рауан» бағдарламасының жетекшісі, Дулати университетінің түлегі Қымбат Қаржауқызы оқыды.
Дәрісте телеарна қызметінің сан-алуан қызықтары мен қиындықтары, тележурналиске қойылатын негізгі талаптар, телехабарларды дайындау, оны түсіру, өңдеу, ақпарат жазу, оны жеткізу жолдары туралы пайдалы ақпараттар айтылды. Қымбат Қаржауқызы өзінің ақпарат саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Кездесуде студенттер көкейлерінде жүрген сауалдарына тұщымды жауаптарын алды.
Қымбат Қаржауқызы Дулати университетінің студенттерімен тығыз байланыста жұмыс жасауға қашанда қуанышты екенін жеткізіп, талапты, талантты студенттерге телеарна есігінің әркез ашық екенін жеткізді.
Жас журналистер клубының кезекті кездесуі өтті
Бүгін Дулати университетіне Жамбыл облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова келіп, журналистика ББ бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесті.
Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Филология және журналистика» кафедрасының Жас журналистер клубы ұйымдастырған шараға әр түрлі топтардан 30-ға жуық студент қатысып, еркін форматта әңгіме-сұхбат өрбіді.
Департаменттің баспасөз қызметінде қанша адам жұмыс істейді, олардың тікелей міндеті мен атқаратын қызметі қандай деген қарапайым сұрақтардан бастап процес барысында болатын қызықты және қиын сәттер туралы бүкпесіз әңгіме айтылған жиында қатысушылар да белсенділік танытты. Жас журналистер үшін Полиция департаментінен ресми ақпарат алу жолдары, ол қалай жиналатыны, өңделетіні, таратылатыны, БАҚ-пен байланыс орнатудың маңыздылығы, басқа баспасөз қызметінен айырмашылығы, бәрі-бәрі қызықты болғанын осы тақылеттес сұрақтар үсті-үстіне қойыла бергенінен байқалды.
Тарихи қаланың төл мерекесі
Тарихы тағылымға бай Тараз шаһарының жұрты қазан айының сегізінші жұлдызында «Қала күнін» атап өтті.
Тарихи қаланың төл мерекесінің қорытынды концерті Көне Тараз этно-мәдени кешенінде облыстық өнер майталмандары мен елімізге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, Қала күнінің көркін қыздыра түсті. Концерттік бағдарламаның шымылдығын облыс әкімі Н.Нұржігітов өзінің құттықтау сөзімен ашты. Өз кезегінде облыс әкімі алдағы жоспарларымен бөлісіп, Тараз қаласының демографиясының айтарлықтай өскенін, қала тұрғындарының саны 420000-нан асқанын баяндады. Сонымен қатар бес бірдей көп балалы анаға "Алтын алқа" медалін табыстап, өз саласында үздік болғандарды марапаттады. Облыс және қала әкімдері қарапайым халықпен тілдесіп, естелік үшін суретке түсіп те үлгерді.
Кездесулер мен қоштасулар
Бүгін Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық драма театрында "Қоштасқым келмейді" атты драмалық спектакль сахналанды.
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының Таразға жасаған гастрольдік сапарының үшінші күнінде А.Маемировтің режиссерлігімен қойылған бұл туынды көпшіліктің көңілінен шыққаны анық.
А.Володиннің шығармасы арқау болған әзіл-шындығы аралас қойылымда қоғамда өзектілігін жоғалтпаған отбасы кикілжіні,ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу мәселесі көтеріледі. Сан түрлі тағдырға жолыққан сегіз отбасы әр алуан себептермен некесін бұзбақ болып сотқа жүгінеді. Сот орындаушысы бір-біріне қырғи қабақ болған ерлі-зайыптыларды татуластырмақ болып барын салады. Отбасылық құндылықты кеш түсінген олар,ақыр аяғында өз шешімдерінің дұрыс емес екеніне көздері жетеді.
Тіл жаңғыруының негізі - жаңа әліпби
Қазір ғылым мен техниканың дамып, адами құндылықтар мен дүниедегі заманауи заттардың бәсекеге түсіп отырған шағы. Десек те, адам санасының даму деңгейінің жоғары сатысына көтеріліп, адами құндылықтарды сараптайтын – уақыт. Бүгінгі посткеңістіктегі өзіндік діні мен ділі, салт-дәстүрі, жалпы табиғи болмысы толық адами құндылықтарға негізделген қазақ халқының ХХІ ғасырдағы басты орны айқын. Себебі мақсатымыз анық. Ол – «Мәңгілік ел» құрып, оны сақтау. Осы мақсатта нақты қадамдар жасалуда. Соның бірі әрі бірегейі - қазақ тілін дамыту, ғылым мен техниканың тіліне айналдыру.
Әлеуметтік желілердегі актив сөздердің жазылуындағы қателіктер
Қазіргі кезде жазба коммуникацияның, жалпы ақпарат алмасудың басты құралы – әлеуметтік желілер. Ватсап – жылдам хат-хабар алмасудың тиімді желісі болса, фейсбук, твиттер, инстаграмм – оған қарағанда, қысқаша мақала, пост жазып, ой бөлісіп, пікір алмасудың ең ыңғайлы желілері. Жазба мәдениет - ауызша мәдениеттің биік шыңы десек, жазу мәдениетінің негізі – сауаттылық. Бірақ, өкінішке орай, әлеуметтік желілердегі мемлекеттік тілдегі жазбалардың қатесіне көз сүрінеді. Осы қателіктермен күресіп жүрген бірден бір ағамыз – Қайнар Олжай. Десек те, кейде Қайнар Олжай сабақтарын көзге ілмейтіндер де табылады. Қазақ тілінің қамын ойлаған тілжанашырлары «Әлеуметтік желілердегі сауатсыздық», «Әлеуметтік желілердегі қателіктер» деген тақырыпта түрліше мақалалар жариялап, өз ойларын ашық жазып, бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп жүр. Әлеуметтік желілердегі қазақша сөздерді қазақ әріптерімен жазбау, қазақ сөздерін ықшамдап жазамын деп, қате жазу және т.б. қателіктер. Бұл үрдіс осылай жалғасса, жастар арасында қате жазу – дұрыс жазу нормасы болып қалыптасу қаупі де тұр. Әлеуметтік желілердегі мұндай сауатсыздық үрдісі тек біздің елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде екенін байқауға болады. Көрші Ресей мемлекеті де осындай сауатсыздықпен күресуде. Оны Ресейлік БАҚ-тан байқауға болады.
Жаңа кезеңде ғылымды дамытуға көңіл бөлу керек
Жаңа кезеңдегі Қазақстанның өркендеуінің басты бағытының бірі– ғылымды дамыту болуы тиіс.
Себебі, өркендеуді ойлаған ел ең алдымен салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеуге көңіл бөледі. ХХІ ғасырға аяқ басқалы бері жаһан жаңа технологиялар дәуіріне өтті. Адамзаттың өмір сүру тәртібі өзгерді, себебі күн сайын жаңа технологиялар дүниеге келіп жатыр. Адам смартфон мен компьютердің соңғы шығарылған үлгісін меңгеріп болам дегенше жаңа технологиядағы үлгісі шығып үлгереді. Ғылымы мен технологиясы дамыған елдер әлемді жаулап алуда. Осындай алпауыт мемлекетпен біздің жас отанымыз тек ғылымы арқылы бәсекелесе алады. Ал жастардың мектептен бастап ғылымға деген қызығушылығын арттыру – бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫНДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
2022 жылдың 13 сәуір күні конвергенттік журналистика тобында кезекті кураторлық сағат өтті. Рамазан айына орай кураторлық сағат "Ораза ұстау әдебіне" арналды. Оразаға қатысты болғандықтан, кездесуге Дулати университеті Дінтану орталығының маманы Бахтияр Алпысбаев қатысты.
Білім - барлық белгісізді белгілі етеді. Дінді тану үшін де білім керек. "Діни сауаты болмаса, естіген ақпараттың бәріне сене беруге болмайды. Ең әуелі өз-өзіне сұрақ қоюы керек. Мәселен," оразаны не үшін ұстап жүрмін?"- деді дінтанушы.
Бәріміз оразаны сауап үшін ұстайтынымыз хақ. Алайда, қазіргі жастардың көпшілігі диета үшін, артық салмақтан арылу мақсатында таң атқаннан кеш батқанға дейін құр аш жүреді. Бұл мүлде дұрыс емес. Ең алдымен ораза ұстауға деген ниеті таза болуы тиіс.
Ғалымдармен ашық сұхбат
12 сәуір - Ғылым қызметкерлерінің күніне орай Филология және журналистика кафедрасының аға оқытушылары Темірбай Әлиұлы және Бақытжан Махашұлымен "Қазақстан ғылымының көкжиегі: жастар және ғылым" тақырыбында пікіралмасу өтті.
Әбу Насыр әл-Фарабидың "Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр" деген нақылын әңгімесіне арқау етіп алған Темірбай Әлиұлы, ең алдымен, ғылымның қоғамдағы орнын, мемлекет үшін маңызын, әр елдің жетістіктерінің ғылыммен тығыз байланысын түсіндірді. Кез келген мемлекеттің бренді ғылым арқылы анықталады, алайда таяқтың екі ұшы болатыны секілді, ғылымның дамуының әлемді дағдарысқа ұшырататыны да жалған емес екендігі жайлы айтты. Ғылыми техникалар дамыған сайын адамдар оған тәуелді бола бастайды, көп қозғалудан қалады. Бірақ біздің оқып жатқан мамандығымыз гуманитарлық ғылымға кіреді. Демек, әлемде экономикалық дағдарыс болғанда, біздің ғылым рухани бренд ретінде адамдарға қуат беретінін Темірбай Мұқашов талдап түсіндірді. Оның ішінде, «ұлы ақынымыз Абайдың рухани мұралары - қазақты ғаламға танытып тұрған мәңгілік өшпес жырлары» екенін мақтанышпен хабарлады.
Қазақ әдебиетінің сындарлы сыншысы Серік Қирабаевтың туғанына 95 жыл
2022 жылдың 6 наурызында «6В03212-Конвергенттік журналистика» ББ-ның студенттеріне топ кураторы Б.Мырзабаева қазақ әдебиеті сынының атасы, академик С.Қирабаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің сындарлы сыншысы» тақырыбында танымдық дәріс өтті. Танымдық дәрісте Филология және журналистика кафедрасының меңгерушісі, доцент К.М.Қарымбаева мен филология ғылымдарының кандидаты Ә.Ж.Нүсіпова қатысты. Танымдық дәріс ұлағатты ұстаз туралы ыстық естеліктерден басталды. Кафедра меңгерушісі К.М.Қарымбаева ұстазы Серік Қирабаевтың темірдей тәртіпті ұстанатындығын, аудиторияға ағайдан соң ешкім де аяқ баса алмайтынын есіне алды. Есте сақтау қабілеті деңгейінің жоғарылығы сондай, осы аптада айтқан дәрісін келесі аптада тура тоқтаған жерінен жалғастырып кете беретінін баяндады. Серік ағайдың арқасында жазушы Әбіш Кекілбаевпен кездесуге мүмкіндік алғанын, автордың "Үркер" романына байланысты диплом жұмысын сәтті қорғағандығын ерекше әсермен жеткізді.
Жаныңда жүр жақсы адам
«Жақсылықты үйреткен мектеп – бақытты мектеп,» - деп чех ойшылы Ян Амос Коменский айтқандай, жақсылық жасап, жақсылықтың маңызын ұғындыруға себепкер адамдарымыз бар кезде біз — бақыттымыз. Біздің қамымызды жеп, біз үшін отқа да, суға да түсуге дайын жандар бар. Мейрімге толы жүрекпен өмір сүретін анамыз, қамқорлығын аямайтын әкеміз, қолдауы мықты бауырларямыз, сын сағатта қасыңнан табылар достарымыз, үйретуден жалықпайтын ұстаздарымыз бар. Шындығында біз күнделікті өмірде жақсы жандардың ізгі істері туралы көп ойлай бермейміз. Сондықтан Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті, Филология және журналистика кафедрасының оқытушысы Әбдір К. мен филология: қазақ филологиясының 3-курс студенттері «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырып аясында айналамыздағы игі істердің иелеріне тоқталып өтті. Тәрбие сағатының барысында студенттер бейнероликтер, тамашалап, жақсы жандардың ізгі істерін ортаға салды. Поэзияны жанымен сүйетін студент-Жанайдарқызы Н. жақсы жандарды санамалай отырып, анасына арнау айтса, Абайша ән сүйеиін Даниярқызы А.әкесіне ән арнады. Күнделікті өмірде байқала бермейтін ізгі істер туралы ой қозғады. Өмірзақова Ұ. ағы мен қарасы қатар жүретін бейбіт қоғамда жақсылық жасап жарысқан танымал жандар мен қамқорлық акцияларынан қалмайтын мемлекеттік қорлар жайлы презентация қорғады. Тәрбие сағатының барысында студенттер жақсылықтың маңызын бек түсініп, жандарында жүрген жақсы адамдарды анықтап, оларға алғыс білдіруді жөн көрді.
ОНЛАЙНДА ОЙ ТОЛҒАҒАН ОНОМАСТ ҒАЛЫМДАР
Ономастикалық атаулар, соның ішінде жер-су атаулары, әулет есімдеріміз – ұлттығымыз бен мемлекеттік бірегейлігімізді айқындайтын басты факторлардың бірі. Тәуелсіздік алғаннан бері ономастикалық атаулардың мазмұнын ұлттандыруға арналған бірқатар ауқымды іс-шаралар атқарылды. Латын әліпбиіне ауысқаннан бастап мыңдаған, жүз мыңдаған ономастикалық атауларымыз халықаралық, әлемдік ақпараттық кеңістіктегі айналымға енгелі отыр. Осы орайда еліміздің жер-су атауларын латын әліпбиінде таңбалау, сондай-ақ шеттілдік географиялық атауларды қазақ тілінің жаңа әліпбиінде жазу және төл антропонимдік жүйемізбен қатар, шеттілдік есімдерді таңбалау мәселесі бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Осыған орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 2022 жылдың 31 наурызында онлайн форматта «ОНОМАСТИКАЛЫҚ АТАУЛАРДЫ ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІМЕН ЖАЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Семинар мақсаты - тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік тілдің жағдайын талқылау, заманауи қазақ тілінің жазба және сөйлеу мәдениетінде пайда болған жаңа тенденциялардың артықшылығы мен кемшін тұстарын зерделеу, өз атауларымыз бен өзге атауларды жаңа әліпбиде таңбалаудағы бірегейлікті жоғалтпауы, ережеге сай болуы, атауларды таңбалаудың нақты ғылыми принциптерін жасау, арнайы лингвистикалық нормалар мен заңдылықтардың тетігін анықтау, топонимдік атаулардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының аты-жөндерінің дұрыс жазылған нұсқалары бойынша біріздендіру.
Жемқорлық — індет , жою — міндет
Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр.
Жемқорлық ірі немесе ұсақ болып бөлінбейді. Жемқорлықтың аты- жемқорлық. Ал, теориялық аспектіден қарайтын болсақ, жемқорлықтың түрлері бар. Атап айтқанда, «саяси», «экономикалық», «халықаралық» жемқорлық пен «төменгі» жемқорлық. Яғни, «элиталық» анда-санда кездессе де, ол жемқорлықтың көлемі ауқымды болады. Ал, ең қауіпті жемқорлық – күнделікті тұрмыста кездесетін «төменгі» жемқорлық болып табылады. Олар, оқу орындарында, бала-бақшада, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету саласында кездеседі. Елдің экономикасын артқа тартатын, бәсекелестікке кері әсер ететін жемқорлық – «төменгі» жемқорлық. Сондықтан, жаңа құрылған агентіктің бірден-бір мақсаты – халық арасында, мектеп деңгейіндегі оқушылардың сана-сезіміне осы жемқорлық жат құбылыс екенін жеткізу болып табылады.
НАУРЫЗ КӨЖЕ – НАУРЫЗ ДӘМ
Бұл мерекенің ерекшелігі – табиғатпен үндестігінде. Жердің тоңы жібіп, қыстың қаһары қайтатын, күн мен түннің теңелетін шағын түркі жұрты бірліктің, бақыттың, еңбектің, қуаныштың мерекесі ретінде атап өткен. Салтымыз басқа болғанымен, ниетіміз бір болған түркі халықтары, соның ішінде біздің қазақ халқы үшін Наурыз мерекесінің қадір-қасиеті, тәрбиелік мәні өте жоғары. Сондықтан Ұлыс күнін атап өту дәстүрін жастар арасында көбірек насихаттау аса маңызды.
Осы мақсатта М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің филология және журналистика кафедрасының аға оқытушылары Б.Мырзабаева мен А.Иматаеваның ұйытқы болуымен студенттер Ұлыстың ұлы күніне ерекше даярландық. №1 Студенттер үйінде мерекелік дастархан жасап, жатақхана студенттері мен оқытушыларға дәм татырдық.
Подробнее ...
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫНА САЯХАТ
Көктем туа қатар келетін қос мереке адам жанына ізгілік сыйлайды. Оның бірі – Алғыс айту күні болса, екіншісі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Аналар мерекесі.
Әр перзент бұл өмірде ең бірінші алғысты анаға айту керек. Баласы үшін бар қиындыққа төзетін аналардың ерлікке пара-пар бейнетінің өтеуін ешнәрсемен қайтара алмайсыз. Университетіміздің «Конвергенттік журналистика» ББ-ның 1-курс студенттерінің кураторы Балмира Мырзабаеваның бастамасымен «Анаға тағзым» орталығына барғанда осыны түсіндік.
ӨНЕРЛІГЕ ӨРІС КЕҢ
Бүгін Дулати университетінде «Мәдениет және спорт» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мен көрген Мұқағали» атты ашық кураторлық сағат өтті. Қонақта «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Қазақстан Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты Көсемәлі Сәттібайұлы болды.
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ КӨШБАСШЫСЫ
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Д.А. Қонаевтің 110 жылдығына орай «Ұлы даланың ұлы көшбасшысы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Өткізілген іс-шараға университетіміздің студенттерімен қатар қаламыздың өзге оқу орындарының студенттері және мектеп оқушылары қамтылды. Конференцияда ұлы тұлғаның өмірі мен мемлекеттік қызметі, оның республикамыздың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесі, саяси және құқықтық көзқарастары туралы естеліктер айтылды. Мақсаты: Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің халқы үшін аянбай еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне өзінің зор үлесін қосқан еңбегі туралы жастарымызға дәріптеу, олардың бойында патриоттық сезімдерін ояту.
РУХАНИ КЕЗДЕСУ
Қазақ халқының мақал-мәтелдеріне, ел аузында жүрген сөз оралымдары мен өлең шумақтарынан имани ұғымдар мен ұстанымдардың жарқын мысалдарын таба аламыз.
Ислам діні - әлемдік діндер ішіндегі ең кең тараған қасиетті дін екені баршамызға аян.
Осыған орай 2022 жылдың 2-ші ақпан күні «Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар» факультетінің “Конвергенттік журналистика» ББ-нің студенттері Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы - магистр Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлымен кездесу өткізді. Дінтанушы жас журналистерге ислам діні жайында сауатты ақпарат берді. Қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтар жайында да маңызда мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар діни экстремизм ,террорлық ұйымдар, жас буынның теріс ағымдарға еріп кетуі секілді көптеген мәселелер қозғалды. Студенттер көкейіндегі сұрақтарына жауап алды, бірқатар ақыл-кеңес алып, рухани әсерленіп тарқасты. Бахтияр Қаржаубайұлы сұхбатты «Сіз ислам діні жайында кімнің дәрісін тыңдайсыз?», «Қандай кітаптар оқисыздар?» деген қарапайым сұрақтар қою арқылы, жас студенттерге әлеуметтік желідегі теріс пиғылды ақпараттардан сақтануға шақырды, сондай-ақ студенттерге оқу оқып, ғылыммен айналысу керектігін баса айтты.
«ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК» АТТЫ ІС-ШАРАЛАР МАРАФОНЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Филология және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тұғыры биік тәуелсіздік» атті іс-шаралар марафоны 2020 жылдың 9 желтоқсанында бастау алған болатын.
«Тұғыры биік тәуелсіздік» атты іс-шаралар марафонының ашылу салтанаты Тәуелсіздік залында ұйымдастырылып, аталмыш іс-шараға Филология және журналистика кафедрасының бүгінде танымал, дарынды ақын түлектері қатысып, өздері жүргізіп, Тәуелсіздік күніне арнауларын жеткізген болатын.
АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫ – ҰЛТ ТАРИХЫ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих және география» кафедрасында «Мұрагер» ғылыми-ізденіс үйірмесінің ұйымдастыруымен 2021 жылы 24 қарашада Алтын Орда тарихының 750 жыл толуына орай «Алтын Орда тарихы – ұлт тарихы» тақырыбында шағын конференция өтті. Конференция мақсаты – студенттер мен оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу, ғылыми ізденіс жұмыстарымен айналысуға бағыт-бағдар беру, теориялық талдау жүргізу және мамандық бойынша кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу. Конференцияға Жамбыл облысы және Тараз қаласы мектеп оқушылары мен мұғалімдері, колледж студенттері мен оқытушылары қатысты. Жалпы қатысуға өтініш білдірген студенттер мен оқушылар саны 50 ге жуық болды.