Қазақ әдебиетінің сындарлы сыншысы Серік Қирабаевтың туғанына 95 жыл
2022 жылдың 6 наурызында «6В03212-Конвергенттік журналистика» ББ-ның студенттеріне топ кураторы Б.Мырзабаева қазақ әдебиеті сынының атасы, академик С.Қирабаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің сындарлы сыншысы» тақырыбында танымдық дәріс өтті. Танымдық дәрісте Филология және журналистика кафедрасының меңгерушісі, доцент К.М.Қарымбаева мен филология ғылымдарының кандидаты Ә.Ж.Нүсіпова қатысты. Танымдық дәріс ұлағатты ұстаз туралы ыстық естеліктерден басталды. Кафедра меңгерушісі К.М.Қарымбаева ұстазы Серік Қирабаевтың темірдей тәртіпті ұстанатындығын, аудиторияға ағайдан соң ешкім де аяқ баса алмайтынын есіне алды. Есте сақтау қабілеті деңгейінің жоғарылығы сондай, осы аптада айтқан дәрісін келесі аптада тура тоқтаған жерінен жалғастырып кете беретінін баяндады. Серік ағайдың арқасында жазушы Әбіш Кекілбаевпен кездесуге мүмкіндік алғанын, автордың "Үркер" романына байланысты диплом жұмысын сәтті қорғағандығын ерекше әсермен жеткізді.
Жаныңда жүр жақсы адам
«Жақсылықты үйреткен мектеп – бақытты мектеп,» - деп чех ойшылы Ян Амос Коменский айтқандай, жақсылық жасап, жақсылықтың маңызын ұғындыруға себепкер адамдарымыз бар кезде біз — бақыттымыз. Біздің қамымызды жеп, біз үшін отқа да, суға да түсуге дайын жандар бар. Мейрімге толы жүрекпен өмір сүретін анамыз, қамқорлығын аямайтын әкеміз, қолдауы мықты бауырларямыз, сын сағатта қасыңнан табылар достарымыз, үйретуден жалықпайтын ұстаздарымыз бар. Шындығында біз күнделікті өмірде жақсы жандардың ізгі істері туралы көп ойлай бермейміз. Сондықтан Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті, Филология және журналистика кафедрасының оқытушысы Әбдір К. мен филология: қазақ филологиясының 3-курс студенттері «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырып аясында айналамыздағы игі істердің иелеріне тоқталып өтті. Тәрбие сағатының барысында студенттер бейнероликтер, тамашалап, жақсы жандардың ізгі істерін ортаға салды. Поэзияны жанымен сүйетін студент-Жанайдарқызы Н. жақсы жандарды санамалай отырып, анасына арнау айтса, Абайша ән сүйеиін Даниярқызы А.әкесіне ән арнады. Күнделікті өмірде байқала бермейтін ізгі істер туралы ой қозғады. Өмірзақова Ұ. ағы мен қарасы қатар жүретін бейбіт қоғамда жақсылық жасап жарысқан танымал жандар мен қамқорлық акцияларынан қалмайтын мемлекеттік қорлар жайлы презентация қорғады. Тәрбие сағатының барысында студенттер жақсылықтың маңызын бек түсініп, жандарында жүрген жақсы адамдарды анықтап, оларға алғыс білдіруді жөн көрді.
ОНЛАЙНДА ОЙ ТОЛҒАҒАН ОНОМАСТ ҒАЛЫМДАР
Ономастикалық атаулар, соның ішінде жер-су атаулары, әулет есімдеріміз – ұлттығымыз бен мемлекеттік бірегейлігімізді айқындайтын басты факторлардың бірі. Тәуелсіздік алғаннан бері ономастикалық атаулардың мазмұнын ұлттандыруға арналған бірқатар ауқымды іс-шаралар атқарылды. Латын әліпбиіне ауысқаннан бастап мыңдаған, жүз мыңдаған ономастикалық атауларымыз халықаралық, әлемдік ақпараттық кеңістіктегі айналымға енгелі отыр. Осы орайда еліміздің жер-су атауларын латын әліпбиінде таңбалау, сондай-ақ шеттілдік географиялық атауларды қазақ тілінің жаңа әліпбиінде жазу және төл антропонимдік жүйемізбен қатар, шеттілдік есімдерді таңбалау мәселесі бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Осыған орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 2022 жылдың 31 наурызында онлайн форматта «ОНОМАСТИКАЛЫҚ АТАУЛАРДЫ ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІМЕН ЖАЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Семинар мақсаты - тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік тілдің жағдайын талқылау, заманауи қазақ тілінің жазба және сөйлеу мәдениетінде пайда болған жаңа тенденциялардың артықшылығы мен кемшін тұстарын зерделеу, өз атауларымыз бен өзге атауларды жаңа әліпбиде таңбалаудағы бірегейлікті жоғалтпауы, ережеге сай болуы, атауларды таңбалаудың нақты ғылыми принциптерін жасау, арнайы лингвистикалық нормалар мен заңдылықтардың тетігін анықтау, топонимдік атаулардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының аты-жөндерінің дұрыс жазылған нұсқалары бойынша біріздендіру.
Жемқорлық — індет , жою — міндет
Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр.
Жемқорлық ірі немесе ұсақ болып бөлінбейді. Жемқорлықтың аты- жемқорлық. Ал, теориялық аспектіден қарайтын болсақ, жемқорлықтың түрлері бар. Атап айтқанда, «саяси», «экономикалық», «халықаралық» жемқорлық пен «төменгі» жемқорлық. Яғни, «элиталық» анда-санда кездессе де, ол жемқорлықтың көлемі ауқымды болады. Ал, ең қауіпті жемқорлық – күнделікті тұрмыста кездесетін «төменгі» жемқорлық болып табылады. Олар, оқу орындарында, бала-бақшада, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету саласында кездеседі. Елдің экономикасын артқа тартатын, бәсекелестікке кері әсер ететін жемқорлық – «төменгі» жемқорлық. Сондықтан, жаңа құрылған агентіктің бірден-бір мақсаты – халық арасында, мектеп деңгейіндегі оқушылардың сана-сезіміне осы жемқорлық жат құбылыс екенін жеткізу болып табылады.
НАУРЫЗ КӨЖЕ – НАУРЫЗ ДӘМ
Бұл мерекенің ерекшелігі – табиғатпен үндестігінде. Жердің тоңы жібіп, қыстың қаһары қайтатын, күн мен түннің теңелетін шағын түркі жұрты бірліктің, бақыттың, еңбектің, қуаныштың мерекесі ретінде атап өткен. Салтымыз басқа болғанымен, ниетіміз бір болған түркі халықтары, соның ішінде біздің қазақ халқы үшін Наурыз мерекесінің қадір-қасиеті, тәрбиелік мәні өте жоғары. Сондықтан Ұлыс күнін атап өту дәстүрін жастар арасында көбірек насихаттау аса маңызды.
Осы мақсатта М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің филология және журналистика кафедрасының аға оқытушылары Б.Мырзабаева мен А.Иматаеваның ұйытқы болуымен студенттер Ұлыстың ұлы күніне ерекше даярландық. №1 Студенттер үйінде мерекелік дастархан жасап, жатақхана студенттері мен оқытушыларға дәм татырдық.
«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫНА САЯХАТ
Көктем туа қатар келетін қос мереке адам жанына ізгілік сыйлайды. Оның бірі – Алғыс айту күні болса, екіншісі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Аналар мерекесі.
Әр перзент бұл өмірде ең бірінші алғысты анаға айту керек. Баласы үшін бар қиындыққа төзетін аналардың ерлікке пара-пар бейнетінің өтеуін ешнәрсемен қайтара алмайсыз. Университетіміздің «Конвергенттік журналистика» ББ-ның 1-курс студенттерінің кураторы Балмира Мырзабаеваның бастамасымен «Анаға тағзым» орталығына барғанда осыны түсіндік.
ӨНЕРЛІГЕ ӨРІС КЕҢ
Бүгін Дулати университетінде «Мәдениет және спорт» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мен көрген Мұқағали» атты ашық кураторлық сағат өтті. Қонақта «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Қазақстан Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты Көсемәлі Сәттібайұлы болды.
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ КӨШБАСШЫСЫ
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Д.А. Қонаевтің 110 жылдығына орай «Ұлы даланың ұлы көшбасшысы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Өткізілген іс-шараға университетіміздің студенттерімен қатар қаламыздың өзге оқу орындарының студенттері және мектеп оқушылары қамтылды. Конференцияда ұлы тұлғаның өмірі мен мемлекеттік қызметі, оның республикамыздың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесі, саяси және құқықтық көзқарастары туралы естеліктер айтылды. Мақсаты: Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің халқы үшін аянбай еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне өзінің зор үлесін қосқан еңбегі туралы жастарымызға дәріптеу, олардың бойында патриоттық сезімдерін ояту.
РУХАНИ КЕЗДЕСУ
Қазақ халқының мақал-мәтелдеріне, ел аузында жүрген сөз оралымдары мен өлең шумақтарынан имани ұғымдар мен ұстанымдардың жарқын мысалдарын таба аламыз.
Ислам діні - әлемдік діндер ішіндегі ең кең тараған қасиетті дін екені баршамызға аян.
Осыған орай 2022 жылдың 2-ші ақпан күні «Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар» факультетінің “Конвергенттік журналистика» ББ-нің студенттері Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы - магистр Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлымен кездесу өткізді. Дінтанушы жас журналистерге ислам діні жайында сауатты ақпарат берді. Қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтар жайында да маңызда мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар діни экстремизм ,террорлық ұйымдар, жас буынның теріс ағымдарға еріп кетуі секілді көптеген мәселелер қозғалды. Студенттер көкейіндегі сұрақтарына жауап алды, бірқатар ақыл-кеңес алып, рухани әсерленіп тарқасты. Бахтияр Қаржаубайұлы сұхбатты «Сіз ислам діні жайында кімнің дәрісін тыңдайсыз?», «Қандай кітаптар оқисыздар?» деген қарапайым сұрақтар қою арқылы, жас студенттерге әлеуметтік желідегі теріс пиғылды ақпараттардан сақтануға шақырды, сондай-ақ студенттерге оқу оқып, ғылыммен айналысу керектігін баса айтты.
«ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК» АТТЫ ІС-ШАРАЛАР МАРАФОНЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Филология және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тұғыры биік тәуелсіздік» атті іс-шаралар марафоны 2020 жылдың 9 желтоқсанында бастау алған болатын.
«Тұғыры биік тәуелсіздік» атты іс-шаралар марафонының ашылу салтанаты Тәуелсіздік залында ұйымдастырылып, аталмыш іс-шараға Филология және журналистика кафедрасының бүгінде танымал, дарынды ақын түлектері қатысып, өздері жүргізіп, Тәуелсіздік күніне арнауларын жеткізген болатын.
АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫ – ҰЛТ ТАРИХЫ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих және география» кафедрасында «Мұрагер» ғылыми-ізденіс үйірмесінің ұйымдастыруымен 2021 жылы 24 қарашада Алтын Орда тарихының 750 жыл толуына орай «Алтын Орда тарихы – ұлт тарихы» тақырыбында шағын конференция өтті. Конференция мақсаты – студенттер мен оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстарына баулу, ғылыми ізденіс жұмыстарымен айналысуға бағыт-бағдар беру, теориялық талдау жүргізу және мамандық бойынша кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу. Конференцияға Жамбыл облысы және Тараз қаласы мектеп оқушылары мен мұғалімдері, колледж студенттері мен оқытушылары қатысты. Жалпы қатысуға өтініш білдірген студенттер мен оқушылар саны 50 ге жуық болды.
ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР "JAMBYL" ТЕЛЕАРНАСЫНДА ҚОНАҚТА
Бүгін Филология және журналистика" кафедрасы "Жас журналистер клубының" ұйымдастыруымен студенттер "Jambyl" телеарнасына барды.
Қонақтарды "Jambyl" телеарнасының директоры Мейіржан Әлібекұлы мен орынбасары Айбол Қарашев қарсы алып, телеарна мен радионың жұмысымен, студиялармен таныстырды. Шара барысында телеарна мамандары өз жұмысы туралы айтып, білімгерлер үшін арнайы жаңалықтар мен "Таңғы тайм" бағдарламасының түсірілім сәті көрсетілді. Клуб мүшелері жаңалық жүргізу, радиода мәтін оқу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, жаңа маусымның жеті жаңалығы да студенттер назарына ұсынылды. Ал іс-шара соңында баспасөз орталығында Мейіржан Әлібекұлы мен Айбол Қарашев дәріс оқып, өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтып, студенттер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.
ҚАРТҚА ҚЫЗМЕТ – АЗАМАТҚА МІНДЕТ
1 қазан Халықаралық Қарттар күні…Бұл мерекенің негізгі мақсаты - өз шаңырағыңдағы құт-береке кіргізіп отырған ақ жаулықты әже мен ақ сақалды қарияны құрметтеу, ұлықтау. Қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген ерен еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, оларға сый-құрмет көрсету. Осы игі ниетті жүзеге асыруда Филология және журналистика кафедрасының оқытушылары (Ә.Түймебекова, Ғ.Абдыханова, Б.Мырзабаева, А.Иматаева, А. Ануарбекова) мен студенттері бүгінде дәстүрге айналдырған қайырымды істің ұйытқысы болды. Тараз қаласындағы №1 Қарттар үйінде қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ТІЛ ТУРАЛЫ ТӘМСІЛДЕРІ
"Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді", - деп Ғабит Мүсірепов айтпақшы, тілдің ұлт болашағы алдындағы киесі жоғары. Туған тілін қастерлеу, құрмет тұту - әрбір пенде баласының басты борышы. Тіл тәуелсіздігі - ой тәуелсіздігінің, ел тәуелсіздігінің бастау бұлағы.
ТІЛ ТАРИХЫН ТАНЫТАТЫН ТУЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті, Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру таяудағы жылдары атқарылатын негізгі міндеттердің бірі екендігін баса айтқан болатын.
ТІЛДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ – ЕЛДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ
Жаңа мың жылдыққа ұлы мұратпен қадам басқан еліміздің рухани жаңаруының бастауы – латын әліпбиінде жатыр. Латынға ауысу қазақ тілінің дамуына, халықаралық мәдени-рухани және экономикалық байланыстардың нығаюына және ІТ-технологиялардың дамуына жағдай жасайды. Қазақстанның бүкіләлемдік қауымдастықта аса ықпалды мемлекеттердің қатарынан орын алуы үшін күшті, экономикалық даму динамикасы үнемі өрлеу жолындағы ел болғаны ғана жеткіліксіз болмақ. Сонымен бірге, біз рухани-мәдени және дүниетанымдық тұрғысынан да өркендеуге тиіспіз. Ол үшін өркениеттіліктің ең бірінші сұранысы болып саналатын әліпбиіміз – латын қаріпімен болғаны дұрыс.
AЛAШ ЗИЯЛЫЛAPЫНЫҢ ҰЛТ ТІЛІ МӘCEЛECІ ТУРАЛЫ ТАҒЫЛЫМДАРЫ
XX ғacыpдың бacындaғы aлдынғы қaтapлы қaзaқ зиялылapы өздepінің caяcи қызмeтіндe ұлттық, coндaй-aқ жaлпы aдaмзaттық құндылықтapды қopғaуды бacxи мaқcaт дeп білді. Oлap өз xaлқынa тәуeлcіздік жәнe oтapшылдық құлдықтaн aзaттық aлу жoлындaғы күpecіндe көмeктecугe ұмтылды, әpбіp aдaмның жәнe әpбіp xaлықтың жeкe өз бocтaндығынa құқығы мeн бүкіл aдaмзaт мәдeниeтінің жeтіcтіктepі мeн тaбыcтapынa epкін қoл жeткізуі cияқты жaлпы aдaмзaттық қaзынaлap үшін күpecті. Қaзaқ зиялылapы 1905 жылдaн бacтaп ocы мaқcaттa дaлa өніpіндe қызу қызмeт жүpгізді. Қaзaқ зиялылapының көшбacшылapы xaлықтың caяcи жaғынaн көзін aшу үшін oның бoйындa білімгe дeгeн құлшыныcты oяту, caуaтcыздықты жoю қaжeт eкeнін түcінді. Қaзaқ зиялылapының бүкіл қызмeті ocы мaқcaтқa apнaлды дeугe бoлaды.
ЛАТЫН НЕГІЗДІ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨРІНІСІ
Еліміз тәуелсіздік алған жылдардың басынан бері қоғамда латын әліпбиі туралы мәселе кеңінен талқыланып келді. Қоғамдық ортада зиялы қауым тарапынан латын әліпбиіне көшу мәселесі қолдау тапты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында латын әліпбиіне көшу мәселесіне ерекше тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», - деген болатын.
Подробнее ...
ТІЛ – ТІРЕГІМ
Тіл – ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы. Ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»,– деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған. Әлемде жаулап алушы елдердің озбырлығынан, үстемдігінен қаншама тіл жоғалып кетсе, қаншама тіл жоғалудың аз-ақ алдында тұрғаны мәлім. Сондықтан қазіргі жаһандану дәуірінде аз ұлттар мен ұлыстар өз тілдерін қорғап қалуға барынша күш салуда. Қазақстан Республикасы қазақ тілінің ғана емес, қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілінің дамуына барынша жағдай жасап отыр. Елбасы Н.Назарбаевтың 22-қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялауы да осы мақсаттан туған.
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТКЕН XIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ОНЛАЙН ОЛИМПИАДАДА «МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ 1 ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ
2021 жылдың 30 сәуірде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткен XIII Республикалық студенттік онлайн олимпиадада үздік өнер көрсетіп «Мәдени тынығу» мамандығының 2,3-курс студенттері 1-жүлделі орынға ие болды. Дарынды студенттердің жетекшісі ҚР қайраткері Айтибаева Шолпан.
Олимпиадаға республиканың 7 жоғары оқу орындарының командалары қатысты. Олардың ішінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университетті бар.
МАСТЕР КЛАСС ПЕТР НОРЕЦ
2021жылды 24 сәуірінде Облыстық орыс драма театрында Мәскеудің ГИТИС (театр өнерінің мемлекеттік институты) институтының білікті қызметкері, талантты режиссер Петр Норец «Мәдениет және өнер» кафедрасының студенттеріне мастер класс өткізді
Мәскеулік мамандардың Тараз төріне ат басын бұруы облыстық орыс драма театырының директоры Ақылдос Тажиев пен Мәскеудегі ГИТИС өнер институтының рнкторы Георгий Заславский арасындағы екі жақты келісімшарттың нәтижесінде мүмкін болып отыр. Екі тарап арасындағы мақұлданған жобаны облыс әкімдігімәдениет, архивтер және құжаттар басқармасының басшылығыда қолдап отыр екен. Бұл өз кезегінде екі ел театырларының өзара тәжірибе алмасуына зор септігін тигізетініне талас тудырмаса керек.
БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕР УНИВЕРСИТЕТ МҰРАЖАЙЫНДА ҚОНАҚТА БОЛДЫ
Мұражай - өткен уақытпен жүздесе отырып, бүгінгі өмірге тарих парасатымен қарайтын орын. Бұл ғасырлар таңбасы мен табы қалған жәдігерліктер мен заттарға ой көзімен қараудың, заманалар айнасына қарап, ел мен елдік жолын пайымдаудың айрықша мүмкіндігі дер едік.
Жуырда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті "Филология және журналистика" кафедрасының веб журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан 1-курс студенттері университет мұражайында қонақта болып қайтты. Студенттердің рухани ой-өрісін дамыту, мәдени сауатын арттыру мақсатында жүзеге асырылған бұл бастама - өз кезегінде айтарлықтай ұтымды, тиімді болуымен қатар, өз нәтижесін көрсетті. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мұражайы -2001 жылдың 5 маусымынан бастап өз жұмысын атқаруда. Мұражай құрылымы бойынша-5 бөлімге бөлінген, яғни, 5 залдан тұрады. Студенттермен мұражайға аяқ басқан сәттен бізді Аспет Ақбайқызы мен Ақсауле Тортайқызы жылы қарсы алды, тарихи-мәдени мұралар бірінен соң бірі әсемдігімен көзге түсіп, айрықша әсер қалдырды.
«МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН В.СОЛЛОГУБТЫҢ «БЕДА ОТ НЕЖНОГО СЕРДЦА» ВОДЕВИЛЬІ ҚОЙЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен В.Соллогубтың «Беда от нежного сердца» водевильі қойылды
2021 жылдың 29 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Мәдениет және өнер» кафедрасының 1-3 курс орыс тобының студенттері В.Соллогубтың «Беда от нежного сердца» атты водевилін сахналады. Қойылым жыл бойында «Актер шеберлігі», «Режиссура», «Бос уақыттың көркемдік-педогогикалық технологиясы», «Театр ұжымының жетекшісі» пәндерінен алған білімдерінің нәтижесі. Бұл іс-шара кафедраның аға оқытушылары М.Алим, Б. Избасаровтардың ұйымдастыруымен өтті.
КЕДЕРГІЛЕРДІ АЛЫП БАЙЛАНЫС ОРНАТАЙЫҚ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Мәдениет және өнер» кафедрасының «КЕДЕРГІЛЕРДІ АЛЫП БАЙЛАНЫС ОРНАТАЙЫҚ» атты студенттер арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткізілген әдеби-сазды театралды кеш өтті.
2021 жылдың 22 сәуірінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Мәдениет және өнер» кафедрасының жоғарғы курс студенттері, 1курс студенттеріне арналған «КЕДЕРГІЛЕРДІ АЛЫП БАЙЛАНЫС ОРНАТАЙЫҚ» атты студенттер арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткізілген әдеби-сазды театралды кеш өтті.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Мәдениет және өнер» кафедрасының тәрбие жұмысы Мемлекеттік жастар саясатының негізгі стратегиялық бағыттарын іске асыруды көздейді.