9 МАМЫР ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ
9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай, «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен факультет аралық тәрбиелік іс-шара өткізілді.
ЕҢСЕСІ БИІК – ҰЛЫ ЖЕҢІС
29.04.21 жылы Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультетінде «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының оқытушыларымен Ұлы Жеңістің 76 –жылдығына арналған «Еңсесі биік – ұлы Жеңіс», атты тәрбие іс-шарасы онлайн түрінде ZOOM платформасы арқылы өткізілді.
«ЖҰЛДЫЗДЫ 100 ТҮЛЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АРМАН ЖАНАЛИЕВПЕН ОНЛАЙНДА СҰХБАТ
2021 жылы 23 сәуір күні «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жұлдызды 100 түлек» атты онлайн сұхбат өткізілді. Кездесу кешінің қонағы осы «Мәдени – тынығу жұмысы» мамандығының түлегі, Республикалық қазақша КВН ойындарының ойыншысы, Республикалық «Әзіл әлемі» театрының белді актері, әлеуметтік желі арқылы блогерлікпен айналысып, отбасылық видеофильмдер түсіріп, танымал болып жүрген Арман Жаналиев. Онлайн кездесуге «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығының 1-3 курс студенттері белсене қатысты. Сұхбатты модератор, «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Куненова Файза Сайлаубекқызы Арманның шығармашылық өмірімен таныстырып, студенттермен қызықты әңгіме өрбіте отырып, бүгінгі студент жастардың шығармашылық бойынша білім алу, іздену, еңбектену, маман болып қалыптасу барысында, жалпы еліміздегі мәдениет және өнер саласы бойынша жастардың беталысы, қоғамдағы ролі жөнінде тағлымды сұхбат болды. МТЖ –ның 1 курс студенттері әр түрлі сұрақтар қойып, қонақпен тікелей ой бөлісті.
«ҰЛЫЛАРДЫҢ ҮНДЕСТІГІ» АТТЫ ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН МУЗЫКАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМ
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «ҰЛЫЛАРДЫҢ ҮНДЕСТІГІ» атты театрландырылған музыкалық қойылым өтті.
Қоғамдық сананы жаңғырту ұзақ мерзімді сипатқа ие және Қазақстанның мәдени, рухани мұрасын сақтау һәм ілгерілету саласында іске асырылған «Мәдени мұра» және «Халық тарих толқынында» атты ірі бағдарламалары, Қазақстан жастарының қоғамдық санасының мазмұны олардың мүдделерімен, құндылықтарымен, перспективаларымен тығыз астасады және өзіне мәдениетті, мінез-құлық практикасын, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді, ғылымды, адамгершілік императивтерін қамтитын рухани негізге сүйенеді.
«МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫНЫҢ КӘСІПТІК БАҒДАР ЖҰМЫСЫ
«Мәдениет және өнер» кафедрасының 2020-2021 оқу жылына жоспар бойынша бекітілген аудандық және қалалық мектептермен Тараз қаласы бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес колледждер атап айтсақ, Жамбыл обылысы, Жамбыл ауданы, Гродиково ауылы «Гродиков» орта мектебі, Жамбыл обылысы, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылы «Б.Тайшапұлы атындағы» орта мектебі, Жамбыл обылысы, Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылы «Абай атындағы» орта мектебі, Тараз қаласы Құмшағал, массив Шөлдала, №55 орта мектептері, сонымен қатар Тараз қаласы «Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары» колледжі бекітілген болатын.
«ТӘУЕЛСІЗДІГІМ ТІРЕГІМ!» АТТЫ ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР КЕШІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
2021 жылдың Сәуір айының 14 жұлдызында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің №1,2,3 студенттік жатақханаларында тұрып жүрген студенттерге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастырумен «Тәуелсіздігім тірегім!» атты патриоттық әндер кеші ұйымдастырылды. Кештің мақсаты - жастардың отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру арқылы оларға патриоттық тәрбие беру, Отанына, өзінің еліне деген құрметін арттыру, мәдениеті мен дәстүрін тануға көмектесу, сонымен қатар өнерге, әдемілікке баулу.
ЖЫР АЛЫБЫ –ЖАМБЫЛ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы –жамбыл» атты дөңгелек үстелі өтті.
2021 жылдың 14 наурыз күні «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушылары А.Е.Молдазимова, П.С.Куненованың ұйымдастыруымен, Мәдени-тынығу жұмысы мамандығының 1 курс ВКДР20-01тобы студентерінің қатысуымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты дөңгелек үстел өткізілді.
ЖАС ҒАЛЫМДАР ТОП ЖАРДЫ
Назарбаев университеті және қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігінің ұйымдастыруымен «ЖАС ҒАЛЫМ – 2021» атты студенттердің III Республикалық ғылыми көрмесі өтті.
Ғылыми жобаға Филология ғылымдарының докторы,профессор Меруерт Рахымбайқызының жетекшілігімен «Сөз энергетикасының адамның рухани болмысына әсері» тақырыбында журналистика мамандығының студенттері Әбдірасил Еңлік және Ақылбекова Аяжан қатысып, «Қазақ әдебиеті» бағыты бойынша жүлделі III орын иеленді.
Академик А.Смақова студенттердің еңбегін, өте креативті тың тақырып деп баға беріп, алғырлығына тәнті болды. «Қазақ тілі және түркітану» Департаменті директоры Юлай Шамилоглу және Қазақ тілі оқытушыларының халықарылық бірлестігі президенті Эльмира Оразалиева алғыс хат пен III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бұл жеңісін жас ғалымдар 12 сәуір ғылым күні өздерін білім нәрімен сусындатып жатқан профессор-оқытушыларына арнады.
Медиа-қызмет
ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК
2.04.21 жылы Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультетінде «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының оқытушыларымен М.Мақатаевтың 90 –жылдығына арналған «Жырлайды жүрек», атты тәрбие іс-шарасы өткізілді.Іс-шараны кафедра доценті Асанкулова Б.С., аға оқытушы Калымбетова Н. П. ұйымдастырып өткізді.
ХХ ғасырдың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырларын өлең сүйер қауымға кеңнен насихаттау болып табылады
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ - ҚАЗАҚ ДАЛА СЫНЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ
30.03.21 жылы Гуманитарлық – әлеуметтікғылымдарфакультетінде «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының оқытушыларымен «Жамбыл Жабаев - қазақ дала сының ұлы ақыны» атты тәрбиеіс-шарасы өткізілді.
«Т. Қ. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ ӨТКЕН ОНЛАЙН ОЛИМПИАДАДА «МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР» КАФЕДРАСЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕЛЕНДІ
2021 жылдың 15-17 наурыз аралығында «Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» Республикалық мемлекеттік мекемесінде өткен онлайн олимпиадада «Мәдениет және өнер» кафедрасының «Мәдени тынығу» мамандығының 2 курс студенті «Вокал» пәні бойынша Лесов Бекнияз 2-орын иеленеді. «Сахна қозғалысы» пәні бойынша «Ғасрлар үні» микс-композиция 3-орынды «Мәдени тынығу» мамандығының 2 курс студенттері иеленді. «Сахна тілі» пәні бойынша М.Өтемісұлы «Мен, мен, мен едім» композиция 3 орынды 3,2 курс студентері иеленді. Ф.Оңғарсынованың «Мен онымен қай кезде көрісемін?» атты монологын оқыған 3 курс студенті Шегетай Нұрасыл 3 орын иеленді. «Актер шеберлігі» пәні бойынша Абайдың қара сөздерінен инсенировка және «Режиссура» пәні бойынша К.Гоголь «Ревизор» арнайы дипломмен марапаталды. Жетекшісі ҚР қайраткері Айтибаева Шолпан.
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ
2021 жылдың 21 наурыз күні «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің аумағында өткен қалалық Наурыз мерекесінде М.Х.Дулати қазақ үйінің сахнасында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен жаңадан дүниеге келген нәрестеге ат қою, бесікке салу салттары бойынша сахналық қойылымдар көрсетілді. Көрініске «Мәдениет және өнер» кафедрасының оқытушылары мен студенттер қатысты.
Ат қою - жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен адам болсын деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады. Жастардың әке-шешесі, ата-әжесі тірі болған жағдайда сәбиге атты солар қояды.
ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ ЕРСАЙЫН ТӨЛЕУБАЙМЕН ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ
2021 жылдың 15 наурыз «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ҚР халық әртісі Ерсайын Төлеубайдын қатысуымен «Қазақ кино әліміндегі тарихи тұлғалар» атты онлайн конфернция өтті. Ерсайын Төлеубай Шәкен Айманов атындағы «Қазақ фильм», «Қырғыз фильм» кино студияларында бірнеше фильмдерге түскен актер. Сондай-ақ Қазақстандағы танымал драматург-режиссер. Бірнеше облыстық театрларында көркемдік жетекші, бас режиссер қызметтерін атқарған. Халық артисі.
ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРАНЛҒАН «ҚАЗАҚ САХАРАСЫНЫҢ ҚОҢЫРАУЫ» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШІ
өтетін орны: ГӘҒФ акт.залы
мерзімі:25/02/2021ж.
2021 жылдың 25 ақпанында «Мәдениет және өнер» кафедрасының 1 курс студенттері мен кураторы кафедра оқытушысы Жапаров Нүрғалидің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30жылдығы аясында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына аранлған «Қазақ сахарасының қоңырауы» атты әдеби кеші өтті. Кешті «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы ф.ғ.к., Тұрарова Айсұлу Нұрдынқызы ашты. Әдеби кеште ұлы ағартушы, педагог, ғалым, жазушы Ы.Алтынсариннің өлеңдері оқылып және «Кел балалар оқылық» атты әдеби музыкалық композиция көрермендердің назарына ұсынылды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған әдеби кештің жастар үшін берер тәрбиесі мол болды.
ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА «ЖАС МАМАН- 2021» ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ЖӘРМЕҢКЕСІ
өтетін орны: ГӘҒФ акт.залы
мерзімі: 25/02/2021ж
2021 жылдың 26 ақпанында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен биылғы жылы университет бітіретін түлектермен жұмыс берушілердің «Жас маман- 2021» атты кездесу жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы ф.ғ.к., Тұрарова Айсұлу Нұрдынқызы ашты. Іс-шараға К.Әзірбаев атындағы Облыстық филомонияның көркемдік жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі, Шапағат медалінің иегері, «Мерей» продюсерлік орталығының директоры Мусапанов Әріпай Муханұлы, «Алатау» фольклорлық ансамбілінің көркемдік жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі, көптеген халықаралық конкурстардың лауряты Дастан Көреген, Қазақ ұлттық-аспаптар оркестірінің көркемдік жетекшісі халықаралық конкурстардың лауреаты, Байзилдаев Дулат Боранбайұлы, Мұхтар Рахманқұлов ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл обл құрметті азаматы, «Балауса» цирк ұжымының жетекшісі Талғат Жорабекұлы Альчикенов, балетмейстр Айжан Қонарбаева, «Кәусар» вокалдық тобының жетекшісі Усенова Назима Әбдекерімқызы, Аскар Тоқпанов атындағы Облыстық қазақ драма театрының актеры Қырықбаев Жандар, Облыстық қазақ драма театрының жоғары дәрежелі әртісі Индира Мустафаева қатысты.
«АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ!» АТТЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 32 жыл толуына арналған «Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым!» атты кездесу кеші.
өтетін орны: ГӘҒФ акт.залы
мерзімі:12/02/2021ж
2021 жылдың 12 ақпанында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен 15-ақпан Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 32 жыл толуына арналған «Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым!» атты кездесу кеші өтті. Кешті «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі Кабиева Айгул Кабиқызы ашты. Студенттердің қатысуымен концерттік бағдарлама мен «Жауынгер хаты» атты театралдық көрініс қойылды. Кездесуге Ауған соғысының ардагері Құрманқұлов Талғат қонақа келіп, өз басынан өткен оқиғаларымен бөлісті. Кеш соңында студенттер арнайы дайындаған сыйлығын тарту етті.
ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ
27.02.21 жылы Гуманитарлық – әлеуметтікғылымдарфакультетінде "Қазақ және орыс тілдері" кафедрасының оқытушыларымен "Психология – болашақтыңмамандығы" аттытәрбиеіс-шарасыөткізілді.Іс – шараны кафедра доценті Асанқұлова Б.С., ағаоқытушы Калымбетова Н.П. ұйымдастырып, өткізді.
ПСИХОЛОГИЯ - БОЛАШАҚТЫҢ МАМАНДЫҒЫ
Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу - үлкен өнер. «Армансыз адам- қанатсыз құспен тең» дегендей, оқушылар мектеп бітірген соң, өзі армандаған бір мамандықтың иесі болады. Жас жеткіншектер мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам: «Мамандығым - мақтанышым» дей отыра, сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына талпынатын болады. Мамандық - жай күнелту, ақша табу емес. Әр адам өз мамандығынан рухани күш алып, еңбектің рахатын көреді. Адам атақ-абыройға кенеледі. «Ұялмаған әнші болады, Ерінбеген етікші болады» деген халқымыздың даналық сөзі бар. Тіпті етікші болсаң да, өз ісіңнің шебері болуың керек.
Подробнее ...
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ИГЕРУ - ӘРБІР ОҚЫТУШЫНЫҢ МІНДЕТІ
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР –ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында Амангелді орта мектебінің ұстаздарына 06.01.21 ж. мерзімінде «Қашықтан білім берудегі инновациялық технологиялар» тақырыбына Zoom платформасында «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің оқытушылары ұйымдастыруымен аймақтық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар өткізілді.
ҒЫЛЫМИ СИМПОЗИУМ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Ресейдің білім академиясының «Психология институтымен» сабақтастықта ұйымдастырған ХХVІ Халықаралық «Өмір мәнінің психологиялық мәселелері мен акме» тақырыбындағы симпозиумның бесінші Қазақстандық жастар секциясы өтті.
Жиынға Дулати университеті «Психология» мамандығының 3-курс студенттері Назерке Оразқұл, Мөлдір Сейдазимова, 4-курс студенті Иван Потапенко, Жазира Сардаров қатысып, жүлделі 1-2 орындарды иеленді. Студенттер сәуір айында Ресейдің Москва қаласында болатын қорытынды кезеңге қатысу мүмкіндігіне ие болып, дайындыққа кірісіп кетті.
Студенттеріміздің ғылыми жетекшісі доцент Рысты Керимбаеваға шығармашылық табыстар мен ғылым жолында даярлаған шәкіттеріне жеңіс тілейміз.
Ұлмекен Жамирова
«Психология және педагогика»
кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к
ҚҰТТЫҚТАЙМЫН
Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, ҚР мәдениет қайраткері, профессор Кабиева Айгүл Кабиқызы «Қазақстан халқы ассамблеясының 25 – жыл» төс белгісімен марапатталды.
«АБАЙ» ФИЛЬМІНДЕГІ РӨЛІ
Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Еркебаев Дүйсебай жақында жарыққа шыққан режиссер Мурат Бидосовтың «Абай» атты фильмінде Тобықты руының ақсақалы кейіпкерін сомдады.
БІРІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
Нұрсұлтан қаласында өткен «Mega Fest kz» халықаралық байқауында Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының жасөспірімдерге арналған «Актерлық академия» оқушылары «Актер жанының сыры» атты шығармамен поэзия номинациясы бойынша Гран-при, ал «Үміт» атты шығармамен монолог номинациясы бойынша 1 орын алды.