News

Университет қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жоба жетекшілері мен жауапты орындаушылардың қатысуымен ақпараттық-әдістемелік кездесу өтті.

Жамбыл облысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалында М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті студенттеріне арналған Ашық есік күні өтті.

Университет қабырғасында Қазақстан Республикасының Президенттік орталығының ұйымдастыруымен «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» атты онлайн форматта семинар-тренинг өтті. Тренингке арнайы шақырылған лекторлар мен университеттің студенттері қатысты.

№2 Білімгерлер үйінде «DU UNION» студенттік парламентінің бастауымен «JARIQ» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.

Университет қабырғасында «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Арнайы және әлеуметтік педагогика», «Педагогикалық психология» кафедраларының бірлесіп ұйымдастыруымен «Инклюзивті орта: теория, практика, даму тенденциялары» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Университет қабырғасында «Тектұрмас баба феномені: аңызға айналған ақиқат» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Университет қабырғасында музей меңгерушісі Ақсәуле Тортайқызы мен тарих кафедрасының қауымдастырылған профессоры Альбина Әбенқызының бірлесіп бастауымен Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған «Жеңіс таңы атқанда!» тақырыбында жиын өтті.

Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасы ұйымдастыруымен  IV-ші облыстық  «Жалынды жас – дарынды ұрпақ!» атты облыстық мектепаралық өнер фестивалі өтті.