Жаңалықтар (Коммерцияландыру бөлімі)

Дулати университетінде Француз республикасының «Total Energies» компаниясының «Total Energy» тұрақты даму мектебі» профессорларының университеттегі жұмыс сапарларының аяқталуына байланысты салтанатты іс-шара өткізілді.

7.10.2024 -10.10.2024 аралығында профессорлар Дулати университетінің оқытушылары мен студенттеріне келесі тақырыптарда лекция өткізіліп, тәжірибелерімен бөлісті.

Дулати университетінің қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен студенттер арасында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты байқау өтті.

Байқауда Жамбыл облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Шолпан Кариева, Жамбыл облыстық бөлшек сауда компаниялары ассоциациясының басшысы Виктория Усманова, Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев, Жобалық басқару және цифрландыру орталығының басшысы Дина Төлегенова, «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі Гүлзат Искакова төрелік етті.

Байқаудың мақсаты – шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, инновациялық стартаптар мен кәсіпкерлік жобаларды қажетті ресурстармен, біліммен және ғылыми-техникалық әзірлемелерімен қамтамасыз ету. Жастар арасында стартап мәдениетін насихаттау және индустриядағы үздік идеяларды дамыту.

Байқауды Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев құттықтау сөзбен ашып, байқаудың маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде технология дәуірінде әр жас буын өзінің жобасын іске асыра алатынын, ең бастысы — өзекті мәселені тауып, оны шешудің жолдарын ойлап табу екенін айтып, қатысушылардан үлкен үміт күтетінін жеткізді.

Жүлде қоры 3 миллион теңгені құрайтын «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алу байқауына 14-35 жас аралығындағы жастар өзара бақ сынады. Аталған грант қаражаты ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға, Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобалар үшін, жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды әзірлеуге, экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды шыңдауға және медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру ісіне бағытталған. Өз білімін, біліктілігін және тәжірибесін сынай отыра 13 команда қазылар алқасы алдында жобаларын қорғады. Жобаны көрсету үшін жобаның қысқаша сипаттамасы, кезеңдері, процесі, технологиясы, нәтижесін қамтитын жоба паспортын визуализациялау үшін командалар дайындаған презентация ұсынылды. Дайындалған жобаның қоғамға пайдасы мен экономикалық тиімділігіне баса назар аударылды.

Байқау соңында ең үздік деген жобалары бар командаларға университетіміздің Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаевтың тарапынан қолдау көрсетіліп, жүлде қоры 3 миллион теңгелік «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алу байқауына қатысу үшін мүмкіндік берілді.

     

 

Дулати университетінің Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен 20 қараша күні өткізілетін «The Wonderful World Camel milk » атты байқау қатысушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Университеттің «Ғылым және коммерцияландыру департаменті» Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті, «Биология» кафедрасының ғалымдары Байзақ ауданындағы жеке кәсіпкер, «АГРОМИКС» шаруа қожалығының директоры Назым Нұрбаевамен кездесті.

Кездесуде «Биология» кафедрасының меңгерушісі, доцент, биология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Зияева және ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы Жақсыбай Төлеубаев саңырауқұлақ пен бөдене өсірумен айналысып жатқан кәсіпкердің өнімдерімен танысты.

Дулати университетінің қабырғасында оқытушылар мен жас ғалымдарға арналған «The wonderfui world of camel milk» байқауы өтті.

«LF company» бірлесіп, Ғылым және коммерцияландыру департаментінің коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен байқауға 12 команда қатысып, бақ сынасты. Байқаудың мақсаты - жиналған жұртқа түйе сүтінен өндірілген жаңа өнімдерді таныстыра отырып, жарнама жасау.

М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде "спорттық бағдарламалау федерациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ICPC ірі студенттік турнирінің 1/4 финалы өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның барлық университеттерінің студенттеріне бағдарламалаудағы өз дағдыларын көрсетуге, осы салаға қызығушылықты арттыруға, техникалық қабілеттерін дамытуға, кәсіби байланыстарын нығайтуға және IT-индустриядағы табысты мансаптың негізін қалауға мүмкіндік беру. Осы мақсаттарды іске асыру үшін Федерация Қазақстанның түрлі өңірлерінде студенттер үшін бірқатар

Дулати университетінің «Ғылым және коммерцияландыру департаменті»  Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен факультет декандарының ғылым жөніндегі орынбасарларымен кездесу өтті.

Кездесу мақсаты – университет ғалымдарының ғылыми қызметте дамуын нығайту арқылы ортақ пікір алмасып, идеялар мен жобаларды іске асыру.

Университет қабырғасында  Ғылым және коммерцияландыру департаментінің бастауымен  Түркия, Таяу Шығыс, Румыния және Болгарияны қамтитын «Elsevier» барлау тобының шешімдерді сату жөніндегі менеджері Ясемин Солайемен онлайн форматта кездесу өтті.