Жаңалықтар

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕ ЛИНГВИСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Диссертациялық кеңес өтіп, қазіргі лингвистика ғылымының өзекті мәселелері қаралды. Кеңес барысында ұсынылған зерттеулер жан-жақты талқыланып, ғылыми сараптамадан өтті.

Кеңеске филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Баян Жолдасбекова төрағалық етті. Кеңес жұмысына педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Бегалиева, Академиялық хатшы Гүлназ  Даутова, филология ғылымдарының докторы, профессор Жадыра Баянбаева қатысты.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы Гүльнвпа Әбдірахман диссертациялық кеңестің уақытша мүшесі әрі ресми рецензент ретінде қатысып, диссертациялық зерттеуге ғылыми сараптама жүргізуге өз үлесін қосты.

Диссертациялық кеңестің жұмысы ғылыми сараптаманың жоғары деңгейін, объективтілік пен академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын және филология ғылымының заманауи бағыттарын дамытудағы маңызды рөлін көрсетті.