Философия және саясаттану

Философия және саясаттану

loading...
Сипаттама
Оқытушылар
Білім беру бағдарламалары
Байланыс

«Философия және саясаттану» кафедрасының 50 жылдан астам қалыптасқан өзіндік тарихы бар. Қазіргі таңда кафедрада штаттық кесте бойынша 14 профессор-оқытушы құрамы (ПОҚ) қызмет атқарады. Оның ішінде 5-уі философия ғылымдарының кандидаты, бұл жалпы оқытушылар санының 35,7 %-ын құрайды. Қазіргі таңда кафедраның аға оқытушысы Аккулиева А.Е. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Философия» мамандығы бойынша 3- курста , оқытушы Ранова Г.К. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Мәдениеттану» мамандығында  3-курста докторантурада оқып жатыр.

Кафедраның кадрлық құрамы  сапалық және сандық талаптарға сай толық жасақталған.                                                                                                             

Кафедра миссиясы – дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарды қалыптастыру негізінде болашақ маман тұлғасының әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ету.

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР

Кафедра пәндерін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатында оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтар әзірлеу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, соңғы жылдары кафедра оқытушылары Кульбаева Д.Д., Куандыкова Э.Ж., Г.К. Мусабекованың «Философия» пәнінен оқу құралы, А,А. Иманбаевтың  «Логика» пәнінен оқу құралы, сондай-ақ Иманбаев А.А., Иманбекованың орыс тілінде   «Саясаттану» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы   жарық көрді.

Сонымен қатар, Джуншеев Р.Е. мен Г.К. Мусабекованың «Философия», «Ғылым тарихы мен философиясы» оқу құралдары, доцент Г.Б. Нурадиннің «Практикалық философия» оқу құралы және Г.К. Мусабекованың «Ежелгі Шығыс философиясы» (құрылымдық сызбалар мен кестелер) оқулығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігінің (РОӘК ОӘБ) шешімімен Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылды. Қазіргі таңда аталған еңбектер еліміздің жоғары оқу орындарының кітапханаларына таратылуда.                                        Жоғары оқу орындарында білім беру үдерісін цифрлық технологияларды қолдану барысында  кафедрада «Философия» пәнінен орыс және қазақ тілдерінде «Философия», «Практикалық философия» атауымен, Мәдениеттану пәнінен «Өркениет негізі», «Мәдениет философиясы» атауымен жаппай ашық онлайн курстар әзірленді. Кафедраның қауымдастырылған профессоры (доцент) Г.Б. Нұрадин Coursera платформасындағы қазақстандық жаппай ашық онлайн курстар (ЖАОК) топтамасын «Философияның іргелі тұжырымдамалары» курсымен толықтырды. Аталған курс Қазақстанда әзірленген 20-шы онлайн курс болып табылады

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Кафедра оқытушыларының ғылыми мақалалары Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларына енетін журналдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті талаптарына сәйкес ғылыми басылымдарда тұрақты түрде жарияланып келеді.

Кафедрада «ХХІ ғасыр адамының саяси-мәдени болмысына философиялық талдау» тақырыбындағы 2025–2027 жылдарға арналған үш кезеңдік ғылыми-зерттеу жұмысы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта зерттеудің екінші кезеңі –ХХІ ғасыр адамының мәдени-антропологиялық аспектілерін зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

 Сонымен қатар, кафедра оқытушылары 2024–2026 жылдарға арналған, жалпы құны 87 млн теңгені құрайтын «Практикалық философия: әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудағы интегралды білім беру мен дизайн-ойлау тұжырымдамалық метамоделі» тақырыбындағы гранттық қаржыландыру жобасы аясында ғылыми жұмыстар жүргізуде.

Кафедра жанындағы «Логос» ғылыми-танымдық үйірмесі студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуда маңызды рөл атқарады. Үйірме ұйымдастыруымен университет студенттерімен қатар, облыс және қала мектептері мен колледж студенттерінің қатысуымен шағын ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу дәстүрге айналған.

ҚОҒАМДЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС

Кафедра ұжымы университеттің, қаланың және жалпы қоғамның әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысып келеді. Атап айтқанда, Кульбаева Д.Д. мен Джуншеев Р.Е. Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері болып табылады. Кафедра оқытушылары елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси-әлеуметтік реформалар мен қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрақты түрде ғылыми-талдамалық мақалалар жариялап отырады.

«Философия және саясаттану» кафедрасы

Қызметкердің аты-жөні

Лауазымы

Ұялы телефоны

Электрондық поштасы

Кульбаева Дина Дюсебаевна

Кафедра меңгерушісі, доцент, философия ғылымдарының кандидаты

87713978705

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.