Super User
Балалар болашағына арналған баянды мәселе
Балалар жылында тек іс-шаралар өткізумен шектелмей, жас ұрпаққа білім және тәрбие беру ісіндегі тұжырымдарымызды қайта қарап, бұл іске қоғамды жұмылдыру жағында ойлағанымыз жөн. Осындай өзекті міндеттерді мақсат еткен жиын Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде өтті.
«Қазақстан Балалар университеттерінің І республикалық слетіне» М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының п.ғ.к., қауымдастырылған профессоры (доцент) З.Қашқынбаева қатысып қайтты.
Жалпы бұл жиынға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің өкілдері қатысты. Слет бағдарламасында «KIDS-EXPO 2022» атты балалардың ғылыми шығармашылық көрмесі, балаларға арналған квест, «Қазақстандағы балалар университеттерінің даму перспективасы» атты дөңгелек үстел, физика, информатика, математика, биология, география ғылымдары бойынша шебер-сыныптар, кітаптар көрмесі көрсетілді. Мұнда тың идеяларға толы жобалық зерттеулер, электронды GIS атластар, балалар экспериментіне арналған жинақтар, роботтар моделі, TINCERCARD виртуальды платформасы, 3D принтер мен дрон жұмыстары таныстырылды.
«GIS дизайн», «EDUHitech», «VR/DR және 3D баспа», «Bio-Foodsystems», «Water», «Psyсhomagiс» бағыттары бойынша балалар ғалымдардың жетекшілігімен жасаған ғылыми өнертапқыштық жаңалықтарымен бөлісті. Бұл бағыттар оқушылардың зияткерлік қабілетін, шығармашылық жігерін, ғылыми-дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына ықпалы зор.




Көк Туымызды желбіретіп жүрген спортшыларға құрмет көрсетілді
Елге, жерге деген құрметі ерекше, мемлекетшіл ұстанымы нық әр азаматты Әнұранның айбыны тебірентпей қалмасы анық. Бұл күні еліміздің әр қиырында ел-жұрт түгелдей, Әнұран, Ту, Елтаңба – орны биіктен сайланған мемлекеттің мызғымас рәміздері екенін сезіне де, көрсете де білді.
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамы еліміз бойынша бір уақытта шырқалған Мемлекеттік Гимнді бірге айтып, отаншыл рухты көтергені – елжандылықтың бір көрінісіндей болды. Елдік рух асқақтаған ерекше мерекеде Дулати университетінің басқарма төрағасы-ректор Талғат Ешенқұлов жақында әлемдік және халықаралық деңгейдегі жарыстарда, дүбірлі додалаларда еліміздің Көк туын көкте желбіретіп, ел мерейін асырып, жамбылдықтардың атын шығарып келген спортшыларға құрмет көрсетіп, сый жасады.
– Желбіреген көк Туды көргенде толқымайтын адам жоқ. Көк ту – бүкіл елдің азаттығының белгісі. Ту екі жағдайда көтеріледі. Президенттің шетелге мемлекеттік сапарларында жəне спортшылар жеңіске жеткенде. Сондықтан, байрағымызды көкте желбіретін, рәміздерге деген құрметімізді арттырып жүрген біздің спортшы студенттерімізге рахмет, - деді Талғат Ілиясұлы.
Еске сала кетсек, жақында ғана М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Ғасыр Тұрғынбай Кашиас Ду Сул (Бразилия) қаласында өткен ХХІVжазғы Сурдлимпиядада еркін күресінен қола жүлдегері атанған болатын.
Шектеулі мүмкіндіктеріне қарамастан, тағдырдың сынағына сынбай, талмай жаттығып, жетістікке жетіп жүрген еркін күрестен Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат Әділет Жамбыл, пара жеңіл атлетикада ел құрамасына жүлде салып жүрген студенттер –
Салтанат Әбілхасымқызы мен Анастасия Яковлеваға табандылықтары үшін қандай қолдау көрсетсе де жарасады. Халықаралық деңгейде өткен соңғы дүбірлі додада Салтанат күміс жүлдені жеңіп алса, Әділет пен Анастасия қола жүлдені қанжығаларына байлаған болатын.






Техникалық байқау
2022 жылғы 1-2 маусым аралығында Тараз гарнизонының әскери полиция бөлімі М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының көлік құралдарына техникалық байқау жүргізді. Ескертулер жоқ.
Технический осмотр
В период с 1 по 2 июня 2022 года отделом военной полиции Таразского гарнизона был проведен технический осмотр транспортных средств военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати. Замечаний нет.
«Инклюзивті және интеграциялық білім берудің ерекшеліктері» тақырыбында жазғы сауықтыру лагері
Арманы бір, үні бір,
Аға ардақты, іні гүл.
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл!
1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты және биылғы «Балалар жылына» арналған жаздық лагерьдің ашылу салтанатында «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасы дәріс беретін студенттері ән-жырдан шашу шашып, би билеп, балаларға арнап өлеңдер оқыды.
Мақсаты: «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды түзете-дамыту және әлеуметтендіру, студенттердің бойында адамгершілік қасиетті насихаттау мен білім, біліктерін жетілдіру» болып табылады.
Мерекелік іс-шара барысында Л.И. Бекембетова «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың танымдық процестері мен ұсақ моторикасын дамыту» тақырыбында құм терапиясын шебер жүргізсе, Э.Ж. Амиркенова «Игры для развития речевого дыхания у детей» - логопедиялық сабақты жоғары деңгейде өткізе білді. А.Т. Жумагулова «Сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалардың ұсақ моторикасын дамыту» - саз терапиясын, А.Асанқызы «Тіл асты бұлшық етіне арналған логомассажын», С.Б. Абдрахман «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүргізілетін ароматерапиясын» тамаша жүргізе білді, сонымен қатар Э.Б.Өтегенова әлеуметтік педагогтың жұмысын «Арттерапия» арқылы тиімді көрсете білді.

«Ұстаз» институтының директоры э.ғ.к., доценті О.К.Джолдасова: 1-маусым 1950 жылдан бастап – Халықаралық балаларды қорғау күні болып атап өтіліп келеді. Бізде бүгін екі мереке, балалар күнімен қатар келген сауықтыру лагердің ашылу салтанаты құтты болсын! Сонымен қатар елімізде алғаш рет университет қабырғасында жазғы сауықтыру лагерін «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасы ұйымдастырып отыр. Бұл лагердің тағы бір ерекшелігі балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытып, сөйлеу тілі бұзылысы бар балалардың артикуляциялық аппаратын тексеріп, сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін анықтап және түзете-дамыту жұмыстарын кафедраның білікті логопед мамандарымен қатар осы мамандықта оқитын студенттер де жүргізеді. Әрі бұл болашақ логопед мамандарына практика ретінде өз пайдасын тигізері сөзсіз. Балалар – біздің болашағымыз, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына олардың бүгінгі таңда алатын тәлім-тәрбиесі мен біліміне байланысты. Сондықтан да биылғы жылды Президентіміз Қ.К.Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялауы бекер емес. Олай болса бүгінгі балалар мерекесі құтты болсын! Оларға тек мықты денсаулық, уайымсыз өмір, тәтті балалық шақ және болашақтарының жарқын болуын тілеймін!» - деп құттықтау сөзімен бүгінге мерекелік концертті аяқтады.
Алдағы уақытта ата-аналар бүлдіршін балаларын университет қабырғасында ашылған жазғы сауықтыру лагеріне әкеліп, олардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ат салыспақ.




«Арнайы және әлеуметтік педагогика»
кафедрасының аға оқытушысы Е.Б.Дуйсенбеков
ЖҮРЕККЕ ЖЫЛУ СЫЙЛАҒАН БАЙҚАУ... Жеңімпаз – Дулати университетінің студенті
Мамыр айының 19 күні Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету» орталығының ұйымдастыруымен «Өмірге құштармын!» атты әлеуметтік жобасының негізінде өткізілген облыстық байқауға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультетінің студенттері Айнұр Орақбаева мен Жасұлан Дүйсени қатысқан болатын. 5 мамырда өткен бірінші кезеңнен сүрінбей өткен қос студентіміз де екінші кезеңге жолдама алған болатын.
Бұл жоба - мүмкіндігі шектеулі балалар арасында шығармашылықты дамыту мақсатындағы студенттердің жетекшілігімен жүзеге асады.
Жобаның демеушісі – Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Ерболат Байұзақұлы Саурықов.
Байқаудың бірінші кезеңіне барлығы 19 студент өз «кейіпкерлерімен», яғни мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Байқау талаптарын орындап, үздік деп танылған 10 жұмыс екінші кезеңге жолдама алған болатын. Айнұр мен Жасұлан да топ жарып, екінші кезеңнен де сүрінбей өтті.
ЖҮРЕККЕ ЖЫЛУ СЫЙЛАҒАН БАЙҚАУ... Жеңімпаз – Дулати университетінің студенті
Мамыр айының 19 күні Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету» орталығының ұйымдастыруымен «Өмірге құштармын!» атты әлеуметтік жобасының негізінде өткізілген облыстық байқауға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультетінің студенттері Айнұр Орақбаева мен Жасұлан Дүйсени қатысқан болатын. 5 мамырда өткен бірінші кезеңнен сүрінбей өткен қос студентіміз де екінші кезеңге жолдама алған болатын.
Бұл жоба - мүмкіндігі шектеулі балалар арасында шығармашылықты дамыту мақсатындағы студенттердің жетекшілігімен жүзеге асады.
Жобаның демеушісі – Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Ерболат Байұзақұлы Саурықов.
Байқаудың бірінші кезеңіне барлығы 19 студент өз «кейіпкерлерімен», яғни мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Байқау талаптарын орындап, үздік деп танылған 10 жұмыс екінші кезеңге жолдама алған болатын. Айнұр мен Жасұлан да топ жарып, екінші кезеңнен де сүрінбей өтті.
Сенат депутаты Дулати университетінің профессор-оқытушыларымен кездесті
Елдегі саяси жүйесінің өзгеруі – ең алдымен халыққа қажет. Сарапшылар референдумда Конституцияға енгізуге ұсынылған өзгерістер мемлекеттік жүйеге оң әсер етеді деген пікір білдіруде. Сондықтан 27 жылдан кейін өткізілгелі жатқан референдум ел өміріндегі елеулі оқиға болмақ. Ал осындай тарихи әрі маңызды кезеңде азаматтық белсенділік танытып, таңдау жасау – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт.
Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессор-оқытушыларымен кездесу өткізген Парламент Сенатының депутаты Абдалы Нұралиев осыған тоқталды.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов халық елде өзгеріс болғанын күтетінін айта келе саяси реформалар сол өзгерістерге бастайтынын қозғады. Референдумға қатысудың маңыздылығы да осында екенін атап өтті.
Абдалы Тоқбергенұлы кездесуде ел алдында тұрған маңызды іс-шара – референдум туралы кең көлемде түсініктер берді. Мемлекет басшысы ұсынып отырған Конституцияға енгізілетін өзгерістер елді демократияландыруға жасалған батыл қадам екенін атап өтті. Өзгеріске түсетін 33 бапқа кеңінен тоқталып, әрқайсының маңызын жеткізді.
Кездесуде профессор-оқытушы құрамдар мен белсенді жастардың басын қосқан бұл жиында қатысушылар көптеген мәліметтерге қанық болды.
Өздерінің көкейінде жүрген сан сауалдарын ашық микрафон арқылы сенат депутатына жолдап толық жауап ала алды.
Жиын соңында оқытушылармен еркін пікір алмасқан Абдалы Нұралиев өзінің Дулати университетінің түлегі екенін айтып өтті. Жоғары оқу орнының қайбір жетістігін көргенде марқайып, кеудені қуаныш билейтінін жеткізді. Қатысушылардың барлығын ел тарихындағы атаулы күнге жауапкершілікпен қарауға шақырды.




Медиа-қызмет.
Тіл жаңғыруының негізі - жаңа әліпби
Қазір ғылым мен техниканың дамып, адами құндылықтар мен дүниедегі заманауи заттардың бәсекеге түсіп отырған шағы. Десек те, адам санасының даму деңгейінің жоғары сатысына көтеріліп, адами құндылықтарды сараптайтын – уақыт. Бүгінгі посткеңістіктегі өзіндік діні мен ділі, салт-дәстүрі, жалпы табиғи болмысы толық адами құндылықтарға негізделген қазақ халқының ХХІ ғасырдағы басты орны айқын. Себебі мақсатымыз анық. Ол – «Мәңгілік ел» құрып, оны сақтау. Осы мақсатта нақты қадамдар жасалуда. Соның бірі әрі бірегейі - қазақ тілін дамыту, ғылым мен техниканың тіліне айналдыру.
Әлеуметтік желілердегі актив сөздердің жазылуындағы қателіктер
Қазіргі кезде жазба коммуникацияның, жалпы ақпарат алмасудың басты құралы – әлеуметтік желілер. Ватсап – жылдам хат-хабар алмасудың тиімді желісі болса, фейсбук, твиттер, инстаграмм – оған қарағанда, қысқаша мақала, пост жазып, ой бөлісіп, пікір алмасудың ең ыңғайлы желілері. Жазба мәдениет - ауызша мәдениеттің биік шыңы десек, жазу мәдениетінің негізі – сауаттылық. Бірақ, өкінішке орай, әлеуметтік желілердегі мемлекеттік тілдегі жазбалардың қатесіне көз сүрінеді. Осы қателіктермен күресіп жүрген бірден бір ағамыз – Қайнар Олжай. Десек те, кейде Қайнар Олжай сабақтарын көзге ілмейтіндер де табылады. Қазақ тілінің қамын ойлаған тілжанашырлары «Әлеуметтік желілердегі сауатсыздық», «Әлеуметтік желілердегі қателіктер» деген тақырыпта түрліше мақалалар жариялап, өз ойларын ашық жазып, бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп жүр. Әлеуметтік желілердегі қазақша сөздерді қазақ әріптерімен жазбау, қазақ сөздерін ықшамдап жазамын деп, қате жазу және т.б. қателіктер. Бұл үрдіс осылай жалғасса, жастар арасында қате жазу – дұрыс жазу нормасы болып қалыптасу қаупі де тұр. Әлеуметтік желілердегі мұндай сауатсыздық үрдісі тек біздің елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде екенін байқауға болады. Көрші Ресей мемлекеті де осындай сауатсыздықпен күресуде. Оны Ресейлік БАҚ-тан байқауға болады.
