Super User
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ "БИОӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ"
2022 жылдың 29 сәуірінде "Қолданбалы биология" кафедрасы Жуалы ауданында жалпы білім беретін мектептердегі бітіруші сыныптар үшін "Биоалуантүрлілікті сақтау" тақырыбында өте танымдық кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Д. Қонаев атындағы орта мектеп";" №30 орта мектеп"; "№ 6 орта мектеп А. Пушкин атындағы». Сондай - ақ 6В05112-"Жалпы биология" мамандығының 3 курс студенттеріне әзірленген экотехнологиялар жобалары бойынша қызықты экскурсия өткізді.
Осындай танымдық форматта кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырумен және жүргізумен б.ғ. к., доцент Байтелиева Анар Мұратқызы айналысты, сондай-ақ экотехнологиялар бойынша экскурсияға басты жолсерік болды. Кездесуге "Қолданбалы биология" кафедрасының аға оқытушысы Г. Т.Куандыкова, аға оқытушы А. Т. Жанилова, оқытушы К. Н. Голикова қатысты.
ПРОФОРИЕНТАЦИОННАЯ РАБОТА НА ТЕМУ: «СОХРАНЕНИЕ БИОРАЗНООБРАЗИЯ»
29 апреля 2022 года кафедра «Прикладная биология» провела очень познавательную профориентационную работу в Жуалынском районе на тему: «Сохранение биоразнообразия» для выпускных классов в общеобразовательных школах: «Школа-гимназия №19 им. Д. Кунаева»; «Средняя школа №30»; «Средняя школа № 6 им. А. Пушкина», а также провели интересную экскурсию студентам 3- го курса специальности 6В05112-«Общая биология» по разработанным проектам экотехнологий.
Организацией и проведением профориентационной работы в таком познавательном формате занималась к.б.н., доцент Байтелиева Анар Муратовна, а также была главным проводником на экскурсию по экотехнологиям. На встрече также приняли участие и другие преподаватели кафедры «Прикладная биология» старший преподаватель Куандыкова Г.Т., старший преподаватель Жанилова А.Т., преподаватель Голикова К.Н., где выступили с презентацией и продемонстрировали видеоролик о преимуществах выбора профессии.
Жамбыл ГРЭС-індегі экскурсиялық сабақ
Теориялық білімді тәжірибемен ұштастырудың маңызы зор. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері облыстағы ең үлкен электр стансасына барып, кәсіби мамандардың жұмысымен танысты.
Т.Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аймақтық электр стансасы Тараз қаласының шет жағында орналасқан. Бүкіл мекемелер мен тұрғын үйлерді, кәсіпорындарды электр жарығымен қамтамасыз етіп, барлық саладағы жұмыстың үздіксіз жүруіне септігін тигізіп отырған стансаның өзіндік жұмыс жүйесі бар. Талап-міндеттері нақтыланған. Алға қойған жоспар-жобалары көп. Жыл санап қолданыстағы аппараттар да жаңғыртылып жатыр. Қазіргі таңда электр стансасында 6 энергоблок жұмыс жасап тұр. Жамбыл ГРЭС-і – Қазақстанның оңтүстігіндегі энергетикалық базаның негізгі көзі. Бұл республикадағы блоктық типтегі алғашқы әрі аймақтағы ең қуатты электр стансалардың бірі.
Студенттер экскурция сабақта осы мәліметтерге қанықты. Дулати университетінің автоматтандыру және телекоммуникация кафедрасының меңгерушісі М.Жүнісбеков, аға оқытушы Ж.Исакулова, оқытушы И.Амировтың 2 және 3 курс студенттері үшін ұйымдастырған практикалық сабақтың көздеген мақсаты да осы. Теориялық білімдерін тәжірибелік түрде ұштастырып, жалпы өндіріс туралы көзқарастарын кеңейту.
Кәсіпорынға кірер алдында әр адамның барлық құжаттары және денсаулық жағдайы тексерілді. Одан кейін студенттерге де, мұғалімдерге де техника қауіпсіздігі түсіндірілді. Кәсіпорында электрстанса құрылғыларымен «Жылу автоматикасы» цехының директоры, автоматика және телекоммуникация кафедрасының түлегі Юрий Салдатов таныстырып, әр энергоблок туралы ақпарат берді.
Мұндай практикалық сабақтардың студенттер үшін маңызы зор. Себебі өндірістік экскурсиялар балаларға кәсіби маман болып қалыптасуына, кәсіби қызметке деген қызығушылығын дамытуға, өз мүмкіндіктері мен кәсіби өсу перспективаларын түсінуге және бағалауға, оқуды аяқтаған соң мамандығының маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тек қана студенттер ғана емес мұғалімдік құрамда өзі үшін керекті мағлұмат алуына көмектеседі.





Референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері талқыланды
Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткен жиынға қатысты. Бірқатар учаскелік референдум комиссиясының жұмысымен танысты.
Жиынға Облыстық референдумды қолдау тобының мүшелері де қатысты. Кездесуде 5 маусымда өтетін маңызды шараны ұйымдастыру мен өткізу мәселелері сөз болды.

Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман референдумға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылар қатыса алатынын қозғады. Шетелдік ақпарат құралдарының өкілдеріне де есік ашық екенін айта келе, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың аккредиттелген байқаушыларына орталық комиссия белгілеген үлгідегі аккредиттеу куәлігі берілетінін атап өтті.
Бір анық мәселе, референдум нәтижесі – халық шешімі. Бұл ел тарихында лайықты орын алар үлкен бетбұрыс болатыны сөзсіз. Себебі, халықтың таңдауы ең жоғарғы заңдық күшке ие болады: ел қолдаса, Қазақстанның жаңарған Конституциясы қолданысқа енеді.
Ендеше, баршамыз 5 маусым күні азаматтық ұстанымымызды танытайық!



Жас зерттеушілерге жол ашқан жоба
Жас жеткіншектердің бойында ғылымға деген құштарлық ерте оянады. Ал осы қызығушылықты ертерек байқап, оны дұрыс бағытқа бағыттай білу – аса маңызды. Осы тұрғыдан алғанда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жас зерттеушілерге жол ашатын тиімді жобаларды жүзеге асырып келе жатқанын айту керек.
Мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы байланысты нығайтып, білім берудің қос сатысындағы үздіксіз үдерісті тиімді үйлестіріп отырған Дулати университеті биыл «Жас зерттеуші» облыстық ғылыми жобалар байқауын ұйымдастырған болатын. Игі бастаманың ұйытқысы болып отырған –
университеттің филология және журналистика кафедрасы.
10 аудан мен Тараз қаласындағы мектеп оқушылары (9-11 сынып) арасындағы «Жас зерттеуші» облыстық ғылыми жобалар байқауына қатысуға өтінім білдіргендер көп. Жас зерттеушілердің назарын Алаш қайраткері, ақын, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының лингвистика саласына қатысты мұраларын зерттеуге, сонымен қатар әдебиеттанушы ғалым Мұхтар Әуезовтің бай мұраларын саралау, талдау, насихаттауға аударуды мақсат тұтқан іс-шара өзінің көздеген үдесінен шықты.

Байқауға облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Is Group Pharma» ЖШСқолдау көрсетіп, демеушілік жасағанын айта кеткен жөн.
Байқауға жалпы 40-қа жуық жұмыстар келіп түсті. Іріктеу кезеңінен өткен 26-сы сараланып, плагиатқа тексерілуге ұсынылды. Плагиаттан 9 жұмыс өтіп, арнайы құрылған комиссияның шешімімен 6 жұмыс жүлделі орынға ие болды.
Атап айтсақ,А.Байтұрсынұлын қазақ терминологиясының негізін қалыптастырушы ғалым ретінде танытқан, сонымен қатар терминологиядағы заманауи проблемалар туралы зерттеген Ғани Мұратбаев атындағы гимназияның оқушысы Дана Есенқұлова (жетекшісі Заида Момушева) 1-орынды жеңіп алды.
Ал Тараз қаласындағы №54 орта мектептің 11 сынып оқушысы Әсем Асылбек (жетекшісіСағадат Мейрамбайқызы) пен №21 мектептің 9 сынып оқушысы Жанерке Серікжанқызының (жетекшісі Гүлнар Көшек) жобалары 2-орынға лайық деп танылды. Қазақ газеті және қазіргі баспасөздегі ұлттық мәселелерді қарастырған №18 орта мектептің 9 сынып оқушысы ХолидахонСултанходжаева (жетекшісі Айбиби Үсенқұлова), №20 мектептің 9-сынып оқушысы Жайна Қалан (жетекшісі Салтанат Қоршыбек), №15 мектеп гимназиясының оқушысы Айлара Айтмаханбет(жетекшісі: Гүлжан Ережепова) 3-орынды иеленді.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанатында университеттің гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Жамиля Темірғалиқызы жеңімпаздарды Талғат Ешенқұловтың атынан алғыс білдірді.



Approved candidates:
|
No |
Full name of the student as per the passport
|
Gender |
|
Phone number |
Subject area |
Partner University |
|
1 |
SALYKOVA BIBINUR |
female |
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
+7 707 278 21 99 |
Biology |
University of Camerino, ITALY |
|
2 |
KARIMAKHUNOV DILMUKHAMMED |
male |
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
+7 707 897 51 20 |
Foreign languages teacher training |
University of Huelva, Spain |
|
3 |
ABUKHAN AKZHOL |
male |
-------- |
+7 771 335 96 24 |
Chemistry |
Polytechnic Institute of Braganca, Portugal |
Reserve list:
|
No |
Full name of the student as per the passport |
Gender |
|
Phone number |
Subject area |
Planned period of the mobility |
|
1 |
USKEMBAY NURSAYA |
female |
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
+7 708 240 22 14 |
Foreign philology |
Fall semester 2024-2025 academic year |
|
2 |
MUTAKHAN ULMEKEN |
female |
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
+7 778 399 40 33 |
Foreign philology |
Fall semester 2024-2025 academic year |
|
3 |
KERIMBAEVA AILANA |
female |
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
+7 747 492 85 14 |
primary education |
Fall semester 2024-2025 academic year |
Non-approved candidates:
|
№ |
Full name of the student as per the passport |
|
Phone number |
Subject area |
Reason(s) for disapproval of the candidate |
|
1 |
KERIMBEK SABINA |
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
+7 707 193 63 86 |
Foreign language |
Fall semester 2024-2025 academic year |
|
2 |
TURAR ASSEL |
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
+7 747 523 00 34 |
Psychology |
Fall semester 2024-2025 academic year |
|
3 |
SULTAN ROSE |
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
+7 702 618 09 69 |
Psychology |
Fall semester 2024-2025 academic year |
Болашақ журналисттердің ізденісі
Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің журналистика мамандығының 1-2 курс студенттері Ләззат Талғатқызының жетекшілігімен "Тараз- 24" телеарнасының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Қаламыздың беделді телеарналарының біріне айналған Тараз-24 жастардың басын қосқан жаңалықтар жарсысы.
Бас редактор Мархабат Көпбосынқызының бастамасымен студенттер қайнаған жұмыс ортасына барып, қызу қарбалас тірлікті көрді. Сондай-ақ білімгерлер арнайы ұйымдастырылған кастингке қатысып өздерін телеарнадан көруге мүмкіндіктер алды. Алдағы уақытта шығармашыл ұжыммен бірлесе жұмыстар жасалып телеарна тарапынан қолдау білдіретінділігі айтылды.
Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл мамандықтың жауапкершілігі жоғары екендігін сезіне білген студенттер өздерін кәсіби тұрғыда дамыта алды.
Встреча с Оралханом Дауитом
Сегодня состоялось очередное мероприятие Клуба молодых журналистов Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати, созданного кафедрой "Филология и журналистика" факультета гуманитарных и социальных наук, в котором принял участие известный журналист, главный редактор Областной газеты "Ак жол" Оралхан Даут.
Оралхан Даут прочитал лекцию членам клуба, поделился своим опытом в журналистике и дал советы молодым людям. В ходе встречи студенты активно задавали вопросы, рассказывая об истории журналистики, о ее настоящем и будущем, о мастерстве написания статей, искусстве постановки тем, о вопросах обобщения и способах привлечения читателей. К примеру, Акмарал Карабек рассказал, может ли журналист газеты работать на телеканале, Анар Ауесбек хотел бы знать способы написания статьи, а Дильназ Бекбосын поинтересовался эффективностью развития электронной версии газет.
Таким образом, мастер-класс, в котором приняли участие около 40 студентов, прошел на высоком уровне. В конце встречи организаторы поблагодарили гостя, а студенты сфотографировались на память.
Дулати университетінде жас журналистер клубы ашылды
Айгүл СӘМЕТҚЫЗЫ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушысы, жас журналистер клубының жетекшісі.
– М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде жас журналистер клубы ашылған екен. Осы идея қайдан келді? Жалпы, журналистер клубын ашу қажеттіліктен туған дүние ме, әлде тапсырыспен жүзеге асты ма?
– Жамбыл облысының журналистер дайындау ұстаханасы – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Бүгінгі таңда біздің студенттеріміз Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетіне қарасты «Филология және журналистика» кафедрасында конвергентті және веб журналистика мамандықтары бойынша білім алуда. Жалпы, студенттің жазуға төселіп, мықты маман болып шығуы теориялық біліммен қатар, практикалық машықтануды да талап етеді. Осы орайда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз шығармашылық байланыс орнату, студенттерді редакциядан тәжірибеден өткізу мәселесі жолға қойылған. Бүгінгі таңда кез келген салада бәсекеге қабілетті мамандардың сұранысқа ие екені белгілі. Сол себепті, сапалы, білікті маман даярлап шығару көзделген. Міне, осы тұрғыдан алғанда кафедрада студенттерге арналған клуб ашудың қажеттілігі туындағаны рас. Бұл ешқандай да тапсырыспен жүзеге асқан дүние емес. Бастамамызды кафедра меңгерушісі Күлзинат Мейрамбайқызы мен оқытушы-профессорлық құрамы қолдап, осылайша дүниеге келген жоба. Ал клубтың жұмысын оқытушы Ләззат Талғатқызы екеуміз жүргізіп келеміз. Ләззат Талғатқызы клуб мүшелерінің университеттің ақпарат және медиакоммуникация қызметімен бірлесе атқаратын жұмысын үйлестіреді. Атап айтқанда, клуб мүшелерінің университеттің телестудиясында жұмыс істеуін ұйымдастырып, ақпараттық қолдау көрсетіп, үлкен шаруаның басы-қасында жүр.
Дін - тәрбие негізі
5 қазанда сағат 10.00-де ZOOM платформасында гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің "Филология және журналистика" кафедрасының кураторлары "Дін - тәрбие негізі" тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.
1-курс филология тобының кураторы Ә.Түймебекованың ұйымдастыруымен өткен шараны 1-курс веб журналистика тобының кураторы А.Әнуарбекова жүргізіп, қонақ ретінде "Дінтану" орталығының маманы, дінтанушы Алпысбаев Бақтияр Қаржаубайұлы, сондай-ақ кафедра кураторларымен қатар 70-ке жуық студент қатысты.
Онлайн өткен шарада Бақтияр Алпысбаев студенттерге деструктивті діни ағымдардың адам санасына кері әсері туралы айтып, ғалымдардың сөзіне сүйене отырып, зайырлылық пен дін анықтамасына тоқталып, діни кітаптардың да жайын тілге тиек етті.
Студенттермен пікіралмасу, әңгімелесу форматында өткен шарада көптеген мағлұматтар айтылып, жастарға ақыл-кеңес берілді. Сондай-ақ, студенттер де өздрін толғандырған сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап алды.
