Super User
Университетте жас журналистер клубы құрылды
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетіне қарасты "Филология және журналистика" кафедрасында "Жас журналистер клубы" ашылды. Қараша айының басында қолға алынған бастамамыз қолдау тауып, аз ғана уақыттың ішінде 70-ке жуық мүше жинады. Әрине, қатысушылар өзіміздің студенттеріміз. Дей тұрғанмен, таңдау еркі өздерінде тұрған талапты, белсенді, білімге құштар студенттер күннен күнге қатысушылардың қатарын көбейтуде. Білсек, үйренсек, көрсек деген жалынды жастардың басын қосқан клубтың жұмыс жоспарында көптеген іс-шаралар бар. Соның ішінде белгілі, белді журналистер мен болашақ журналистер арасын байланыстырып, шәкірт тәрбиелеу ісіне қарымды қаламгерлерді жұмылдырғымыз келгеннен туған ой еді бұл. Бұйырса, алдағы уақытта әріптестерімізді басқа қалада болса онлайн кездесуге, жамбылдық болса университетке шақыратын боламыз.
Журналистер "Jambyl" телеарнасында қонақта
Бүгін Филология және журналистика" кафедрасы "Жас журналистер клубының" ұйымдастыруымен студенттер "Jambyl" телеарнасына барды.
Қонақтарды "Jambyl" телеарнасының директоры Мейіржан Әлібекұлы мен орынбасары Айбол Қарашев қарсы алып, телеарна мен радионың жұмысымен, студиялармен таныстырды. Шара барысында телеарна мамандары өз жұмысы туралы айтып, білімгерлер үшін арнайы жаңалықтар мен "Таңғы тайм" бағдарламасының түсірілім сәті көрсетілді. Клуб мүшелері жаңалық жүргізу, радиода мәтін оқу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, жаңа маусымның жеті жаңалығы да студенттер назарына ұсынылды. Ал іс-шара соңында баспасөз орталығында Мейіржан Әлібекұлы мен Айбол Қарашев дәріс оқып, өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтып, студенттер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.
Медиасауаттылық - заман талабы
Бүгін "Филология және журналистика" кафедрасы "Жас журналистер клубының" ұйымдастыруымен "Медиасауаттылық - заман талабы" тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Белгілі медиатренер, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, "Атырау" телерадиоарнасының директоры, ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының стипендиаты Қанат Әуесбайдың қатысуымен өткен іс-шараға клуб мүшелері толық қатысты.
Мақала жазу шеберлігі жайлы дәріс өтті
Бүгін "Филология және журналистика" кафедрасы Жас журналистер клубының ұйымдастыруымен облыстық "Ақ жол" газетінің Бас редакторы Оралхан ДӘУІТТІҢ шеберлік сағаты өтті.
Оралхан Дәуіт клуб мүшелеріне дәріс оқып, өзінің журналистикадағы 25 жылдық тәжірибесімен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар боларлық ақыл-кеңесін берді. Жалпы, журналистиканың тарихынан сыр шертіп, бүгіні мен болашағы туралы ой қозғады. Мақала жазу шеберлігі жайлы, тақырып қою өнері, ой қорыту мәселесі, жалпы оқырманды баурап алудың жолдары жайлы тағылымды мәліметтермен бөлісіп, машықтанудың маңыздылығына тоқталды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелеттік жасқа толмаған студенттермен жұмыс
11-қарашада "Филология және журналистика" кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелеттік жасқа толмаған студенттермен жұмыс» тақырыбында В21Фил-3,5, В21Жур-3, В21Вебжур-3 топтарының студенттеріне №1 полиция бөлімінің аға полиция инспекторы Гүлшат Жетпісбайқызы Байназарова дәріс оқыды. Іс-шараға кафедра оқытушылары Түймебекова Ә.Ә., Мырзабаева Б.Д., А.С.Ануарбековалар атсалысты. Сонымен қатар аталған іс-шараға факультет деканының тәрбие жөніндегі орынбасары Макимова Гүлбану қатысты.
Журналистік сараптама және медиа трендтер
Бүгін "Филология және журналистика" кафедрасының ұйымдастыруымен Жас журналистер клубының кезекті шеберлік сағаты өтті. Шығармашыл жастар Zoom платформасында бұл жолы республикалық "Айқын" газетінің бас редакторы, халықаралық "Болашақ" бағдарламасының түлегі Нұрмұхамед Байғарамен кездесті.
Шеберлік дәрісіне "Болашақ" бағдарламасының түлегі, филология ғылымдарының кандидаты Қанат Әуесбай модератор болып, жүргізді.
80-ге жуық студент қатысқан іс-шара барысында Нұрмұхамед Байғара журналистиканың қыр-сыры туралы айта келе, сараптамалық мақала жазудың ерекшеліктері мен медиа трендтерге тоқталды.
Студенттер де белсенділік танытып, тақырып төңірегінде сұрақтарын қойып отырды. Мәселен, Д.Зауытбекова әдебиетпен қамтамасыз етілудегі кемшін тұстар жайлы сөз етуін, ал Д.Асқар шетел мен қазақ журналистикасы жайлы айтып беруін сұрады.
МАҚАЛА ЖАЗУ МАШЫҒЫ
Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттік телестудиясында шеберлік сағаты өтті. Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті "Филология және журналистика" кафедрасы Жас журналистер клубының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға облыстық "Арай" газетінің бас редакторының орынбасары Жасұлан Сейілханов қатысып, журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан 1,2-курс студенттеріне "Мақала жазу машығы" тақырыбында дәріс оқыды.
Кездесу барысында әскери журналистика мен спорт журналистері туралы сұрақтар қойылып, кәсіпке адалдық, баспасөздің болашағы мен әмбебап маманға деген сұраныс жайлы әңгіме өрбіді.
Болашақ журналистер өз ойымен бөлісіп, еркін сұқбаттасты. Сондай-ақ шеберлік сағатына мектеп оқушылары да қатысты.
ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ
27 мамыр күні Тараз қаласы мен аудандарда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде жастарды жұмыспен қамту мәселелері, оқу орындарында көрсетілетін жеңілдіктер бойынша кеңес беріледі.
Өтетін орны: Тараз қаласы, «Жастар» аллеясы. (Сүлейменов пен Желтоқсан көшелерінің қиылысы).
Өз мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар!
Постдокторлық бағдарлама конкурсының стипендиаты атанды
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Педагогикалық психология» кафедрасының доцент м.а., PhD Эльмира Айтенова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жариялаған постдокторлық бағдарлама конкурсының стипендиаты (17.05.22ж. №06-03-02/62 бұйрығымен) атанды.
Стипендиаттың болашақ педагогтерді кәсіби іс-әрекетке даярлау аясындағы ғылымға қосқан үлесі арта берсін. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби және ғылыми-зерттеу ізденісінде шығармашылық табыстар тілейміз!
Құттықтаймыз!
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушы Аслан Мурзахметовті философия докторы PhD дәрежесін алу үшін «6D070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша диссертациясын сәтті қорғады!
т/б «Ақпараттық тенологиялар» факультеті
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы.
