
Super User
Встреча с ветераном
Символично, что праздники 7 и 9 мая отмечаются с разницей всего в один день, отражая преемственность поколений защитников Отечества.
Чем больше проходит времени, тем больше осознание значимости Великой Победы. Она предопределила жизнь всего человечества на сотни лет вперед, и мы обязаны сохранить эту летопись для потомков.
На примере героев Великой Отечественной войны, должна расти и воспитываться молодежь. И потому это связь времен так ценна для нас.
Наша общая задача – каждый день содействовать сохранению мира для нашего народа, чтобы трагические события тех лет никогда не повторялись.
Систематически, на нашей военной кафедре проводятся различные мероприятия по военно – патриотическому воспитанию молодежи «Уроки мужества» посвященные «Великой Победы и профессиональному празднику Дня защитника Отечество» и это стало нашей традицией.
Во взводах проведены «Уроки Мужества» под лозунгом: « Никто не забыт, ничто не забыто» посвященные 77- ой годовщине Победы в ВОВ и «30 лет на страже Родины» посвященной к 30 – летию образования ВС РК
22 апреля 2022 года в актовом зале Военной кафедры Таразского регионального университета имени М. Х. Дулати, проведено мероприятие «Круглый стол» посвященное 77-й годовщине Победы в ВОВ и «30 лет на страже Родины» посвященное к 30 – летию образования ВС РК.
Почетные гости «Круглого стола»:
- Представитель высшего командования ВС РК генерал – майор в отставке Ерниязов Алимжан Канагатович
- Директор Департамента воспитательной работы и социальных вопросов Таразского регионального университета имени М. Х. Дулати Назарбекова Алуа Ахмедиарқызы
Выступил начальник военной кафедры полковник Мукушев С.А., с докладом «Вооруженные Силы – 30 лет на страже независимости, суверенитета и безопасности РК», далее выступил старший преподаватель военной кафедры подполковник в отставке Жумабеков У.Ж. с докладом «Вклад Казахстана в Победу», затем слово предоставили Генерал – майору в отставке Ерниязову А. К. - он рассказал, о проведенных мероприятиях по созданию и становлению Вооруженных Сил Республики Казахстан. Далее, выступила Директор Департамента воспитательной работы и социальных вопросов Таразского регионального университета имени М. Х. Дулати Назарбековой А. А. – руководства военной кафедры, во главе с начальником полковника Мукушева С.А. провели мроприятия на высшем уровне.
Студенты военной кафедры выступили с концертной программой:
- Мулладжанов Далер Алижонович – 421 взвод, исполнил песню «1945»
- Жаныбек Рамазан Жаныбекұлы – 111 взвод, исполнил песню «Пайғамбарға арнау»
- Сарпбек Жамалбек Саматұлы – 121 взвод, исполнил песню «Қазақ жігіттері». В конце музыкальной программы, все вместе исполнили песню «Мен Қазақпын».
В завершении «Круглого стола», был показ документальный фильм « Военнослужащие Казахстана в год 30-летия Независимости», и вручены ветерану цветы и памятный подарок.
Университет жобасы жүзеге асады
Жаңа инновациялық идеялар алаңына айналған «Жас ғалым» жобасынан М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ұсынған жоба 19 миллион теңге қаржылай грантты ұтып алды. Осылайша жаңа жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік туып отыр.
Университеттің «Наноинженерлік зерттеу әдістері» зертханасының меңгерушісі, т.ғ.д, профессор Исабай Бекбасаров кеңесшілігімен, "Құрылыс және материалдар өндіру" кафедрасының аға оқытушысы Нұржан Шаншабаевтың ғылыми жетекшілігімен жасалған «Фибробетонды полиберікті қағылмалы пирамидалы-призмалық қадалар дайындау» жобасы жеңіске жетті. Терең зерттеулер арқылы үлкен нәтижеге жетудің жолын ұсынған жоба жүзеге асса, бұл басқа ғалымдарға үлкен серпіліс берері анық.
![]() |
![]() |
Исабай Бекбасаров | Нұржан Шаншабаев |
Жалпы, өндіріс саласында, экономикада «өзіндік құны» деген термин бар. Ол дегеніңіз – кәдімді істің көзі деген мағынада. Егер қандай да бір істі қолға алып, көзін таппасаңыз, шығынға батарыңыз анық.
Бүгінде кез келген салада өнертапқыштарға қолдау көрсетіле бастағаны да, сондықтан. Себебі, өндіретін өнімнің жұмсалған қаржыдан немесе жұмыс күшінің еңбекақысынан асып түссе – ол жоба өзін-өзі ақтамағаны. Ал оның тиімді әрі өнімді жолы – ғылыми зерттеулер арқылы қол жеткізген жобалар.
«Кітапханаға қонып, сол жерде түнімен кітап оқитынмын»!
23 сәуір- дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында 1-курс Конвергенттік журналистика мамандығының ұйымдастыруымен "Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста!" тақырыбында ақын, журналист Нұржан Қадірәлімен әдебиет әлеміне рухани саяхат болды.
Кездесу кітапхана қызметкерлерінің түрлі жанрдағы кітап қорларын оқырман қауымға таныстыруымен басталды. Кітапсүйер қауым өздерінің санасына саңылаудай болсын сәуле түсірген сүйікті кітаптары жайлы ой бөлісіп, бір-біріне кітап тарту етіп, игі іс жасады.
Дулати университетінің түлегі – Нұржан Қадірәлімен кездесуге көптеген білімгерлер мен оқытушылар қатысты. Олар өз сұрақтарын қойып, есте қалар тәтті естеліктерін баяндады. Сұрақтардың басым бөлігі ақынның шығармашылығы жайында болды. Әсіресе конвергенттік журналистика студенттері сан алуан сұрақтарын жаудырып, болашақта Нұржан аға сияқты өз ісінің маманы атанғысы келетіндіктерін білдірді.
Конвергенттік журналистика 1-курс студенті Лесбек Диананың "Өлеңдеріңіздің көбі неліктен махаббат жайлы?",-деген сұрағына "Махаббат адамды есейтеді",-деп жауап берген ақын мына дүниенің махаббатсыз бос екенін айтты. Бәрінен бұрын, мен Нұржан ағаның бала кезіндегі кітапқұмарлығына таңдандым. "Кітапханаға қонып, сол жерде түнімен кітап оқитынмын. Таңертең күзетші мені көргенде шошып кететін",-деп жас ақын кітаптың өз өміріндегі айрықша орынын хабарлады. Ақын күніне 1-2 сағатын кітап оқуға арнайтынын жеткізді. Бұл сөздерінің ақиқат екендігіне ақынның сөз саптауы мен тіл байлығы бұлтартпас айғақ болып тұр. Ақын өлең жазуда шабытқа тәуелді емес екенін, кез-келген уақытта қолына қаламын алып, қағаз бетіне өлең жолдарын түсіре беретінін жеткізді. Журналист "Жүрек өрті" атты авторлық кітабын терең біліммен сусындап жүрген студенттерге өз қолтаңбасымен сыйға тартты.
Нұржан Қадірәлімен жүздесу баршамызға керемет әсер қалдырды. Поэзия жайлы біраз сыр шертіп, көңіліміз көтеріліп, рухани дамып қайттық.
Ұлжан АБУОВА,
Конвергенттік журналистика мамандығының 1-курс студенті.
Мектеп оқушылары арасында “Үздік ғылыми жоба-2022” VIII Республикалық байқауы өтті
23 сәуір күні М.Х.Дулати университетінің М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында 2022 жыл - Балалар жылы аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Үздік ғылыми жоба - 2022» VIII Республикалық байқауын өткізді. Байқауға Алматы, Ақтау, Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Кентау, Тараз қалаларындағы және Жамбыл облысындағы мектептерден 185 оқушы қатысты.
Байқаудың негізгі мақсаты оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру, ой еңбегінің беделін арттыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету, оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін көтеру болып табылады.
«Дулати жастар» театрының «Кел балалар оқылық!» қойылымынан кейін байқауды салтанатты түрде ашқан Басқарма мүшесі – Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Нұрмұханбет Данияр Ысқақұлы, байқаудың жас жеткіншектерді ғылымға баулудағы маңыздылығын айта келе, байқаудың өтуіне белсене қатысқан ұстаздарды Ректордың алғыс хатымен және белсенді мектепті арнайы естелік сыйлықпен марапаттады. Белсенді білім ұйым номинациясын Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия жеңіп алды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Досыбаева айдын Орынбекқызы байқауға қатысушыларды құттықтап, оқушылардың ғылымға талпынысын арттыру туралы сөз қозғап, облыстың мектеп оқушыларының ғылыми жетістіктеріне тоқтала кетті.
Байқау ұйымдастырушысы, Басқарма мүшесі - «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының директоры, Шилібек Кенжеғали Қошқарбайұлы байқаудың қысқаша тарихына және байқаудың ерекшеліктеріне тоқталды. Сондай-ақ, халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары, «Студент-зерттеуші» атағының иегерлері «Сәулет» мамандығының 5-курс студенттері Косакова Мадина Танатқызын, Күдериева Мереке Нұрқанатқызын, Тулебаева Айжан Ғалымжанқызын «Университеттік технологиялық бизнес-инкубатор» корпоративтік Қорының сыйақысымен марапаттады.
Ашылу салтанатынан кейін, байқау қатысушылары 6 бағыт бойынша өз күштерін сынады. Байқау қорытындысымен Қор президенті Кенжеғали Шилібек таныстырып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді І, ІІ. ІІІ дәрежелі дипломдармен, естелік медальдармен және мақтау қағаздарымен марапаттады. Байқау барысында оқушылар «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының ғылыми жетістіктер көрмесімен танысты.
Кенжеғали ШИЛІБЕК,
Басқарма мүшесі - «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының директоры
Добровольная благотворительность в помощь нуждающимся
Благотворительность представляет собой оказание бескорыстной помощи нуждающимся. В современном мире многим людям, попавшим в тяжелую жизненную ситуацию, требуется благодетель. Далеко не каждый может самостоятельно справиться с бедой, порой людям просто необходима чья-то помощь.
Обучающиеся 3-го курса образовательной программы 6В07115-“Химическая инженерия и процессы” и 6В05314-“Химия” кафедры «Химия и химическая технология» Таразского регионального университета им. М. Х. Дулати, в рамках календарного плана кураторского часа по теме “Жетім көрсең жебей жүр” продовольственная и материальная помощь оказаны многодетной матери-одиночке, жительнице Тараза.
Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көрерсің
Жақсылыққа қайырымдылықпен жауап беру әр жанның болмысына біткен ізгі амал. Маңайыңдағы мұқтаждарға мейірімділік пен ізгілік, достыққа адалдық таныту – адамгершіліктің белгісі болса, адамзаттың барлығына «бауырым» деп қарау Абайдан қалған өсиет.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының 6В07115-“Химиялық инженерия және процестер” және 6В05314-“Химия” білім беру бағдарламасының 3-ші курс қазақ және орыс тобының білімгерлері кураторлық сағаттың күнтізбелік жоспары бойынша “Жетім көрсең-жебей жүр” тақырыбы аясында Тараз қаласының тұрғыны, жалғызбасты көпбалалы анаға азық-түліктер мен материалдық көмек көрсетті.
«Терроризмге қарсы іс-қимыл» және «Антитерроризмге қарсы объектілердің қауіпсіздігі» тақырыбында өткізілген сабақ.
2022 жылдың 20 сәуірінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің терроризмге қарсы орталығының өкілі А.А. Ахан әскери кафедра студенттерімен «Терроризмге қарсы іс-қимыл» және «Антитерроризмге қарсы объектілердің қауіпсіздігі» тақырыбында сабақ өткізді.
Сонымен қатар, антитерроризмге қарсы объектілердің қауіпсіздігі туралы бейнефильм көрсетілді.
Проведение занятий на темы «О противодействии терроризму» и «Антитеррористической защищенности объектов»
20 апреля 2022 года со студентами военной кафедры представителем антитеррористического центра Департамента комитета национальной безопасности по Жамбылской области Ахан А.А. проведено занятие по «Антитеррористической защищенности объектов» и «О противодействии терроризму».
Также был показан видеофильм по антитеррористической защищенности объектов.
БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ
Ағымдағы жылдың 20 мен 22 сәуір аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасының базасында оқытушылар құрамымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-мен бірлескен, Тараз қаласында алғашқы әскери және технологиялық даярлықтың 25 оқытушы-ұйымдастырушыларына кезекті біліктілікті жоғарылату курстары өткізілді.
ПОВЫШЕНИЕ КВАЛИФИКАЦИИ ПРЕПОДАВАТЕЛЕЙ-ОРГАНИЗАТОРОВ НАЧАЛЬНОЙ ВОЕННОЙ И ТЕХНОЛОГИЧЕСКОЙ ПОДГОТОВКИ
С 20 по 22 апреля текущего года на базе военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х.Дулати преподавательским составом совместно с АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» проведены очередные курсы повышение квалификации с 25 преподавателями-организаторами начальной военной и технологической подготовки города Тараз.