
Super User
Профориентационная работа с учащимися школ
12 апреля 2022 года на военной кафедре проведена профориентационная работа с учащимися школ города Тараз № 39,45, 60 в количестве 37 человек.
В ходе профориентационной работы учащиеся ознакомились с учебной материально-технической базой военной кафедры.
ЕСТЕЛІК ДӘРІСІ
2022 жылғы 12 сәуірде әскери кафедраның аға оқытушысы, отставкадағы подполковник Ұ.Ж. Жұмабеков студенттерге «Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетов» атты тақырыпта дәріс өткізді.
Отставкадағы подполковник Ұ.Ж. Жұмабеков өз сөзінде ел үшін қиын уақытта әскер басқарған Сағадат Қожахметұлы өмірінің жарқын сәттері туралы айтып берді. Дәріс соңында қатысушыларға «Қазақстандықтар – Кеңес Одағының Батыры» фильмі көрсетілді.
ЛЕКЦИЯ ПАМЯТИ
12 апреля 2022 года старший преподаватель, подполковник в отставке Жумабеков У.Ж. провел лекцию для студентов на тему: «Первый Министр обороны РК Халык Қаһарманы С. Нурмагамбетов».
В своих выступлениях подполковник в отставке Жумабеков У.Ж. рассказал о ярких эпизодах из жизни Сагадата Кожахметовича, который возглавил армию в непростое для страны время.
В заключении присутствующим был продемонстрирован фильм «Казахстанцы – Герои Советского Союза».
Жігерлі жастардың жетістіктері
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректор Талғат Ешенқұлов халықаралық және респубикалық спорттық жарыстардан жүлдемен оралған жігерлі жастармен кездесті. Бұл –
табанды әрі талапшыл студенттердің ректормен алғашқы кездесуі емес. Былтыр да әр деңгейдегі додалардан олжамен оралғанда оларды оқу орнының басшысы арнайы қабылдаған болатын.
– Былтырғы кездесу мен үшін үлкен мотивация болды. Сіздің бізге сенім артып, жетістікке жеткенімізге қуаныш білдіргеніңіз, арнайы қабылдағаныңыз серпін берді. Осыдан кейін жаттығуларды бұрынғыдан да күшейте түстік. Осы жолы жарыстан жүлдесіз қайтпау үшін барынша тырыстық. Оқуда да үлгерімімізді төмендетпеу үшін барымызды салып жатырмыз, - деді жақында ғана арбада билеуден өткен ел чемпионатынан жүлдемен оралған Ерғали Төлеубеков.
Бұл жарысқа М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінен 2 студент қатысқан болатын. Бірі – бүгінде 2-курста оқып жатқан Ерғали болса, екіншісі 1-курстан-ақ белсенділігімен көзге түскен Әсел Мұсаева. Олар кездесуде жарыс барысы туралы әңгімеледі.
Германияда өткен халықаралық турнирде үздіктер қатарынан көрінген Дулати университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3-курс студенті Айбек Искраның жарыстан алған әсері көп екен. «Жұптасып жүзуден Германияның халықаралық чемпиондары» атты (Internationale Deutsche meistercahaften Im para schwimmen) жарыста алғашқы үштіктің қатарынан көрінген Айбек күміс жүлдені еншілеуге сәл ғана сәттілік жетіспей қалғанын айтты.
Айбек бұған дейін де S-13 дисциплинасы бойынша «Брасс» әдісімен 100 метр қашықтықта өтетін халықаралық жарыстардан бірнеше мәрте жүлделі оралған болатын.
Ректор шектеулі мүмкіндіктеріне қарамастан, табысқа жетудің барлық мүмкіндіктерін пайдаланып жүрген студенттерге ризашылығын білдіріп, емен-жарқын әңгімелесті. Жігерлі жастар көрсетілген сый-сияпаттан бұрын Талғат Ілиясұлының өздеріне көңіл бөліп, қал-жағдайларын сұрағанына, ашық диалогқа шақырғанына риза болды.
«Білім беру процесінен, жалпы университеттен қандай өзгерістер көргілерің келеді?» - деген сауалға студенттер іркілмей, өз ой-пікірлерін жеткізді. Жатақханада, оқу корпустарында қандай жағдай жасалса, мүмкіндігі шектеулі жастар үшін қолайлы болатынын айтып, ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Дулати университетінің білімгерлері «Студент-зерттеуші» атағын алып, Атаулы стипендияларға ие болды
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ғылымға бет бұрған студенттер үшін «Студент-зерттеуші» арнайы куәлігіне ие болу – үлкен мәртебе. Жастар өз ісіне қолдау күтетіні белгілі. Осыны ескерген университет басшылығы ғылым жолына енді қадам басып келе жатқан студенттерді марапаттауды дәстүрге айналдырған. Биыл да осы іс-шара жалғасын тапты. Айтулы шараға университет профессор-оқытушы құрамдары мен декандар және белгілі ғалымдардың жақындары қатысты.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры Талғат Ешенқұлов дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын жастарды қолдау іс-шарасы өз кезегінде оқу орнының ғылыми әлеуетін арттыруға септігін тигізіп отырғанын атап өтті. Негізгі мақсат – еліміздің дамуына, ғылым саласында өз үлесін қосып жүрген жастарды ынталандыру екеніне тоқталды.
– Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жастар жобасына биыл 22 жыл толып отыр. Білімсіз, ғылымсыз, жаңа технологиясыз адамзаттың даму эволюциясын елестету мүмкін емес. Ал оның іргесін қалайтындар – оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы. Университеттің ғылыми потенциалын арттыруға сүбелі үлес қосып отырғандар – біздің ғалымдарымыз. Уақытты, қажырлы еңбекті, білімді талап ететін бұл жолда төзімділік танытып, табысқа жеткен аға буынның ерен еңбегін дәріптей отырып, студентттерге алдыңғы толқынды үлгі етеміз.
Біз жас зерттеушілердің еңбектеріне немқұрайлы қарай алмаймыз. Әрдайым қолдап, марапаттап отыру – міндетіміз. Бүгін мерекеге орай 34 студент «Студент-зерттеуші» атағын иеленбек. Сонымен қатар, атақты ғалымдардың атындағы атаулы стипендиялар табыс етіледі. Құрметті жас ғалымдар сіздер еліміздің тірегі, университетіміздің мақтанышысыздар! Алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіздер! - деді Талғат Ілиясұлы.
Дулати университетінің жас зерттеушілерінің жасаған ғылыми жобалары бүгінде Қазақстанда және шет мемлекеттерде өтетін түрлі деңгейдегі конференцияларға, симпозиумдарға, форумдарға ұсынылып, қорғалып жүр. Елге жетістікке жетіп, мерейі өсіп оралғандары да көп.
– Жастарды тек ғылым күнінде ғана емес, әр уақытта ындаландырып отыру қажет. Конференциялар түрлі жарыстарға қатысып келетін болса факультетте міндетті түрде марапаттаймыз. Бүгін менің шәкіртім Әйкерім Қырықбай Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, Тараз қаласының құрметті азаматы, профессор Мұратбек Қасенов атындағы сыйақымен марапатталды, - дейді «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Жазира Теңізбаева.
Бұл – бүгінгі студенттердің алғашқы жетістігі емес. Ізденімпаз білімгерлеріміздің бірін әңгімеге тартық. Психология мамандығының 3-курс студенті Ержан Рахымбай:
– Бұған дейін де университет көлемінде, қалалық дейгейлерде ұйымдастырылған шараларға белсене қатысып жүрдім. Алдыңғы жылы жетекшім Сандуғаш Үсеновамен бірлесе отырып, кең көлемде «Инклюзивті білім беру бағдарламасы» бойынша 2 зерттеу жұмысын жаздым. «Жас дарын» республикалық байқауына қатысып, жүлделі орынды иелендім. Бүгінгі марапат – сол жұмысымның тағы бір жемісі. «Студент-зерттеуші» атағына ие болдым. Бұл игі іс өз жалғасын табатын болса, алдағы уақытта үлкен белестерді бағындыра алатыныма сенімдімін. Әрине, барлық студент бұл ұсынысты қолдайды деп ойлаймын.
«Студент» сөзі латын тілінен аударғанда бір нәрсеге ұмтылушы, бір нәрсеге қызығушы деген мағынаны береді. Бүгінгі марапат иелері нағыз өз аттарына лайық жастар екенін көрсете білді.
Университетке еңбегі сіңген ғалымдардың атындағы Атаулы стипендияны студенттерге тапсырған ғалымдардың барша жақындарына, факультет дакандарына алғыс айтамыз!
1. Академик, техника ғылымдарының докторы Марс Үркімбаев атындағы атаулы стипендияны тапсырған «Академик Марс Үркімбаев бастамалары» қорының президенті профессор Сағат Мырзашұлы және мемлекет және қоғам қайраткері Шамсат Исабеков.
2. Еңбек сіңірген қайраткер – гидротехник Талха Әйменов атындағы атаулы стипендияны тапсырған профессор, технологиялық факультетінің деканы Әнуарбек Әймен.
3. Техника ғылымдарының кандидаты, профессор Виктор Антимонов атындағы атаулы стипендияны тапсырған ұлы Евгений Антимонов.
4. Техника ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынәлі Жүнісбеков атындағы атаулы стипендияны тапсырған жары Жұпаркүл Тұргұнбаева.
5. Техника ғылымдарының докторы, профессор Данияр Кариев атындағы атаулы стипендияны тапсырған жұбайы Дана Қасымқызы.
6. Академик, техника ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Қойбақов атындағы атаулы стипендияны тапсырған профессор, техника ғылымдарының докторы Сейітхан Қойбақов.
7. Техника ғылымдарының кандидаты, профессор Еділбек Омаров атындағы атаулы стипендияны тапсырған қызы, техника ғылымдарының докторы, профессор Ғалия Омарова.
8. Техника ғылымдарының кандидаты Рахматулла Тұрғаналиев атындағы атаулы стипендияны тапсырған «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының меңгерушісі доцент Ерғали Ахметов.
9. Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Сенбек Шилібеков атындағы атаулы стипендияны тапсырған «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының диеркторы Кенжеғали Шилібек.
10. з.ғ.д., профессор Әбдіманап Бектұрғанов атындағы сыйақымен марапаттаған «Қылмыстық құқық және процесс» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к. Мақсат Абаев.
11. з.ғ.к. Отар Қағазов атындағы сыйақымен марапаттаған «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Жабайылдаева.
12. з.ғ.д., профессор Нұралы Өсеров атындағы сыйақымен марапаттаған «Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., Анар Бекенова.
13. э.ғ.д., профессор Сатекбай Әуелбаев атындағы сыйақымен марапаттаған «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті, э.ғ.к. Айгүл Молдабекова.
14. э.ғ.д., профессор Сатекбай Әуелбаев атындағы сыйақымен марапаттаған «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті, э.ғ.к. Диана Мұратова.
15. Академик Клара Бұзаубакова атындағы атаулы сыйақымен марапаттаған Клара Бұзаубакова.
16. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз Әмірбек Орынбеков атындағы сыйақымен марапаттаған жұбайы Злиха Бексалова.
18. Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, Тараз қаласының Құрметті азаматы, профессор Мұратбек Қасенов атындағы сыйақымен марапаттаған қызы Шолпан Қасенова.
19. Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар факультеті атынан бір реттік стипендияны тапсырған гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Жамила Мамырханова.
20. Ақпараттық технологиялар факультеті атынан бір реттік стипендияны тапсырған ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Гаухар Мұратова.
21. Өнер жане спорт факультеті атынан бір реттік стипендияны тапсырған Дизайн жане сан индустриясы кафедрасынын меңгерушісі Айгүл Құдабаева.
Открыт срок подачи документов на программу Erasmus+
Уважаемые студенты, обучающиеся на 1/2 курсе, на государственном Гранте!
Сообщаем, что прием документов для студентов, желающих обучаться за рубежом в рамках программы Erasmus+, открыт на короткий срок! С 12 по 29 апреля 2022 года
Требования:
Студенты 1/2 курса очного отделения;
Обладатели государственных грантов;
Студенты, владеющие английским языком;
Документы:
Копия загран паспорта;
Транскрипт (GPA не менее 3.30);
Рекомендательное письмо от имени декана;
Копия сертификата об освоении английского языка (при наличии);
Копия документа, подтверждающего, что Коп состоит из семьи с детьми (при наличии);
Копия документа, подтверждающего отсутствие родителей (при наличии);
Копия документа, подтверждающего инвалидность студента (при наличии).
Erasmus+ бағдарламасына құжат тапсыру мерзімі ашылды
Құрметті, мемлекеттік грантта оқитын 1/2 курс студенттері!
Erasmus+ бағдарламасы аясында шетелде білім алуға ниет білдіретін студенттердің құжаттарын қабылдау қысқа мерзімге тағы ашылғанын хабарлаймыз! Құжат қабылдау мерзімі: 2022 жылдың, 12 - 29 сәуірге аралығы.
Талаптар: үміткерлердің күндізгі бөлімнің 1/2 курс студенттері болуы;
Міндетті түрде мемлекеттік грант иегерлері болуы;
Ағылшын тілін меңгерген болуы.
Құжаттар:
Шетелдік паспорт көшірмесі;
Транскрипт (GPA 3.30-дан кем емес);
Декан атынан ұсыныс хат;
Ағылшын тілін меңгеру туралы сертификат көшірмесі (бар болған жағдайда);
Көпбалалы отбасынан екендігін растайтын құжат көшірмесі (бар болған жағдайда);
Ата-анасының жоқтығын растайтын құжат көшірмесі (бар болған жағдайда);
Студенттің мүгедектігін растайтын құжат көшірмесі (бар болған жағдайда).
Профессору Ибатулину Сагит Рахматуллаевичу 70 лет!
Исполнилось 70 лет одному из выдающихся выпускников Джамбулского гидромелиоративно-строительного института Ибатуллину Сагиту Рахметуллаевичу, доктору технических наук, профессору, члену корреспонденту Казахской академии сельскохозяйственных наук. Сагит Рахматуллаевич с отличием завершив в 1974 году обучение на гидромелиоративном факультете, трудовую деятельность как проявивший склонности к научно-исследовательской работе начал в Джамбулском гидромелиоративно-строительном институте (ДГМСИ). Окончив в 1978 году обучение в аспирантуре Московского гидромелиоративного института в 1979 г. Начал работу преподавателем, старшим преподавателем, с 1980 года начальником Научно-исследовательского сектора, с 1988 года проректор по научной работе и в 1994-1998 г.г. первым проректором Джамбулского гидромелиоративно-строительного института, в 1998-2003 годы проректор по научной работе и международным связям Таразского государственного университета им.М.Х.Дулати, с 2003 года директор Казахского научно-исследовательского института водного хозяйства, председатель Исполнительного Комитета Международного фонда спасения Арала «Укрепление регионального сотрудничества по воде: роль Исполнительного комитета Международного Фонда спасения Арала»".
На всех ответственных должностях института Ибатуллин С.Р. проявил незаурядные организаторские способности. Так, возглавляя научную часть, он добился увеличения объемов исследований в 8 раз, количества изобретений в 5 раз, организовал проблемные и отраслевые лаборатории по строительному производству, был инициатором создания первых в республике студенческих научно-исследовательских объединений.
В должности проректора по научной работе Сагит Рахматуллаевич принимал непосредственное участие в разработке системы платного образования и перевода вуза на хозрасчет, является автором модульной непрерывной научной подготовки студентов, инициировал впервые открытие при вузе бизнес-школы, выпускники которого после окончания становились студентами института. На базе ДГМСИ впервые в республике был открыт диссертационный совет по защите диссертаций по гидротехническому строительству по мелиорации земель, у истоков которого как инициатор, стоял Сагит Рахматуллаевич, в котором успешно были защищены десятки докторских и кандидатских диссертаций.
Ибатуллин С.Р. с 1994 года как первый проректор непосредственно руководил всей учебно-методической работой института, является непосредственным разработчиком тестово-рейтинговой системы контроля знаний в комплексе с бессессионной технологией обучения успешно внедренной в учебный процесс. Ибатуллин С.Р. в числе ведущих специалистов СССР неоднократно включался в творческие коллективы НИИ проблем высшей школы, принимал участие в разработке концепции непрерывного образования и др. проблем, был членом учебно-методических объединений по гидротехническим специальностям, членом НТС Минсельхоза СССР. Им разработана система комплексной оценки деятельности преподавателя вуза, которая была внедрена в ДГМСИ с 1992 г., а в последующем была внедрена практически во всех вузах Казахстана и Советского Союза.
Благодаря инициативе Ибатуллина С.Р. были налажены творческие контакты с зарубежными учебными и научными и научными центрами. Так, при его непосредственном участии впервые в республике с помощью лучших специалистов Калифорнийского университета (США) создан демонстрационный участок (5 га) новых технологий орошения. Как профессор высшей школы Ибатуллин С.Р. неоднократно стажировался и читал курсы лекций на экономическом и строительном факультетах и школе бизнеса Калифорнийского университета. Является соавтором нового издания американского учебника по проектированию и строительству ирригационных систем, подготовленного к изданию в 1998 г. (Университет штата Оклахома, США). На международных симпозиумах и переговорах по водным проблемам трансграничных рек Азии, как дипломат и представитель Казахстана Ибатулин С.Р. всегда успешно отстаивает интересы нашего государства.
Уважаемый Сагит Рахматуллаевич! Примите самые искренние поздравления по случаю вашего юбилея от нашей семьи, друзей, сокурсников и вашей альма-матер - Таразского регионального университета им.М.Х.Дулати! Вам желаем самое главное - доброго здоровья, семейного благополучия с Людмилой Афанасьевной. Мы Вас уважаем и любим за вашу искренность, поддержку в непростые времена, особенно во время учебы в аспирантуре в Москве, высоко ценим вашу порядочность. Благодарен судьбе, что довелось с Вами работать, что многому научился у вас. Уважение в научной среде, среди водников не только стран СНГ, но и дальнего зарубежья есть результат вашей честной и неустанной работы по защите интересов Казахстана. Неоценим Ваш вклад в развитие водного хояйства Казахстана, благодаря которому вновь начинает возрождаться мелиорация, растут площади орошаемых земель, что способствует укреплению Продовольственной безопасности страны!
Аман, сау болыныз Сəке, ұзақ омір тілейміз сізге.
Профессор Таразского регионального регионального университета им.М.Х.Дулати Әймен Әнуарбек Талқаұлы, д.э,н., академик.
Ректор Жамбыл инновациялық жоғары колледжімен танысты
М.Х.Дулати университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің директоры Әлішер Бодаубековпен кездесіп, білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелер туралы әңгімелесті. Колледж басшысы білім ордасының жетістіктері мен атқарып жатқан жұмыстарын таныстырып өтті.
Бұл – өңірдегі кәсіби білім беретін мекемелер арасында 1993 жылдан бері жоғары бәсекелестік көрсетіп келе жатқан оқу орны екені белгілі. Студенттері мен оқытушыларының қол жеткізген жетістіктері де көп. Педагогика, экономика және ақпараттық технологиялар саласы бойынша мамандарды даярлауда еңбек нарығындағы сұранысты өтеп отыр деуге де болады.
– Колледжде бірінші курста тек мектептегі бағдарламаны қайталап, шыңдау жұмыстары жүргізіледі. Екінші жылдан бастап, өз мамандығы бойынша негізгі пәндер енгізіледі. Колледждің басты талабы – тіл меңгеру. Көп ұлттың тілін білген сайын жастардың мүмкіндіктері де артады. Бізде түрік, орыс, ағылшын тілдері терең үйретіледі. Колледжде тек Жамбыл облысы ғана емес, басқа өңірлерден де талапкерлер келіп, білім алады, - деген Әлішер Бодаубеков әр аймақтан келген жастар үшін жайлы жатақхана, ыстық тамақ қамтамасыз етілгенін айтып өтті.
Талғат Ілиясұлы болашақ өз ісінің шеберлерін даярлауға баса көңіл бөліп, білім сапасын көтеру мен тәрбие жұмыстарын баса назар аударатын білім ордасындағы оқу процесіне жақсы баға берді. Аудиторияларды аралап, сабақ барысын көріп танысты. Жастардың IT бағытында қол жеткізген жетістіктерін көріп, қуаныш білдірді.
Әлішер Рустамұлы Дулати университетінің түлектері де қазіргі таңда Жамбыл инновациялық колледжінде білім беріп жүрген талапшыл мұғалімдер екенін айтып Талғат Ілиясұлына ризашылық білдірді.
Алдағы уақытта Дулати университеті Жамбыл инновациялық жоғары колледжімен тәжірбие алмасып, тығыз байланыс орнатуды жоспарлап отыр.
Медиа-қызмет
Современный учебник: новый подход к содержанию и формату
В рамках декады науки ППС кафедры русского языка и литературы Абдрахман Г.К. И Шмаковой Е.С. была проведена встреча с автором учебников по русскому языку и литературе д.ф.н., профессором Казахского национального университета имени Абая Абишевой С.Д.
В ходе встречи были озвучены проблемы, касающиеся создания и внедрения школьных учебников в образовательный процесс. Обсуждались проблемы изучения теории стихосложения в старшей школе, интерпретации лирического текста в обновленном содержании образования, использование цифровых ресурсов на уроках по русскому языку и литературе, роль цифрового электронного учебника и др.
Студенты 4 курса, присутствовавшие на встрече, имели возможность задавать вопросы, касающиеся тем дипломных проектов. В ходе встречи С.Д. Абишева презентовала свой учебник – традиционный и в электронном формате, ответила на вопросы.