Super User

Super User

Жаңа кезеңдегі Қазақстанның өркендеуінің басты бағытының бірі– ғылымды дамыту болуы тиіс.
Себебі, өркендеуді ойлаған ел ең алдымен салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеуге көңіл бөледі. ХХІ ғасырға аяқ басқалы бері жаһан жаңа технологиялар дәуіріне өтті. Адамзаттың өмір сүру тәртібі өзгерді, себебі күн сайын жаңа технологиялар дүниеге келіп жатыр. Адам смартфон мен компьютердің соңғы шығарылған үлгісін меңгеріп болам дегенше жаңа технологиядағы үлгісі шығып үлгереді. Ғылымы мен технологиясы дамыған елдер әлемді жаулап алуда. Осындай алпауыт мемлекетпен біздің жас отанымыз тек ғылымы арқылы бәсекелесе алады. Ал жастардың мектептен бастап ғылымға деген қызығушылығын арттыру – бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті – тек болашақ мамандарды даярлап қана қоймай ғылыммен айналысуына мүмкіндік жасайтын оқу орны. Университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттері әртүрлі бағытта ғылыммен айналысып, көптеген жетістіктерге жетіп келе жатқаны – осы сөзіміздің дәлелі.

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай университетімізде көптеген іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде «Экономика және құқық факультеті», «Қаржы және есеп» кафедрасы университетіміздің ғылыми жетістіктері мен осы салада жетістікке жеткен оқытушылар, студенттерді насихаттау және кәсіби-бағдар жұмыстарын жүргізу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдастырды.

Сенбі, 16 Сәуір 2022 04:33

Ғылыми қызметкерлер күні

12 сәуір — Қазақстанда ғылым қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді.
Бұл Қазақстан Республикасының Президентінің 2011 жылы 20 қазанда қол қойған Қаулысымен бекітілген. Бұл күн қазіргі Қазақстандағы ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрған Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаев туған күнімен тікелей байланысты. Ол өзінің бүкіл өмірін туған Республикасында ғылым мен оны дамытуға арнады.  Қаныш Имантайұлы Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті ғана емес, оның негізін қалаушы, КСРО Ғылым Академиясының филиалдары мен Қазақстандағы ғылыми-зерттеу институттарын құру арқылы ғылымның дамуына қол жеткізіп, нәтижесінде Қазақ КСР Ғылым Академиясын негізін қалады.

Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде құрылған Жамбыл өңіріндегі жұмысшы тобының зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқанына 2 жылдай уақыт болды. Осы кезеңде тарихшылар көптеген тың деректерді тауып, бірқатар архивтік мәліметтерге қанығып, өзіндік тұжырымға да келді. Енді осыған ғылыми негіз жасалуы керек. Осы мақсатта Дулати университеті «Түркістан өлкесінде жүргізілген саяси қуғын-сүргін: тарих және тың көзқарас» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

IMG 20220414 WA0048

Негізі мұндай маңызды міндеттің Дулати университетінің тарихшыларына жүктелуі бекер емес. Біріншіден, жұмысшы топтардың ісін үйлестіру – облыстағы жетекші университтерге міндеттелген. Екіншіден, бұл білім ордасының тарихшы мамандарды даярлаудағы тарихы да, тәжірибесі де қалыптасқан.

 Қалай айтсақ та, төл тарихымыздағы ақтаңдақтарды аршып алу үшін ғалымдарға тың серпін қажет. Бұрынғы дерек пен дәйекті алға тартып, «былай болғанды» қайталап жатуды уақыт көтермейді. Міне сондықтан, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 жыл бұрын қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін Мемлекеттік комиссия құруды тапсырған болатын. Бүгінгі Дулати университетінде өткен ғылыми конференция осы ауқымды міндеттердің іс жүзіндегі нақты көрінісі болды.

Халықаралық мәртебеге ие бұл жиынға Қырғыз елінің, Тәжікстан, Өзбекстанның саяси қуғын-сүргін кезеңіне қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген ғалымдар мен еліміздің өзге де аймақтарынан жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары қатысты.

IMG 20220414 WA0046

Негізгі үш бағытта – Кеңес билігі тұсындағы Түркістан өлкесінде (Қазақ, Өзбек, Қырғыз, Түрікмен, Тәжік республикаларында) жүзеге асырылған жаппай саяси репрессиялар, Қазақстан және оның Оңтүстік өңірінде жүргізілген саяси қуғын-сүргін, ашаршылық қасіреті және халықтарды депортациялау, Кеңестік билік және Алаш қозғалысы: идеологиялық текетірес және жазалаулар тақырыптары бойынша тың тұжырым жасауды көздеген конференция көздеген үдеден шықты деп айтуға толық негіз бар. Себебі, бұрынғы Түркістан өлкесіне қарасты елдердің ғалымдары өз тұжырымдарымен бөлісті. Ал бұл саяси қуғын-сүргін шараларын жаңаша көзқараста зерделеу үшін аса қажет қадам.

Конференцияда кеңес дәуірінде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Украинада жүргізілген саяси қуғын-сүргін, ауыл-шаруашылығын ұжымдастыру мәселелері мен оның зардаптары, ашаршылық пен халықтарды депортациялау салдары туралы зерттеу жұмыстары талқыланды. Сол кезеңдегі Алаш қайраткерлерінің қызметіне қатысты біршама баяндамалар тыңдалды.

 Конференцияға онлайн режимде қатысқан тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА-ның академигі, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер институтының директоры Хангелді Әбжанов «Қазақстандағы қуғын-сүргін және кеңестік тарихты зерттеу ұстанымдары» тақырыбында баяндама жасады.

 Ал тарих ғылымдарының докторы, пофессор

Кахроман Раджабов кеңестік өкіметтің Өзбекстандағы жүргізген репрессия саясатына тоқталды. Тарих ғылымдарының кандидаты, И.Арабаев атындагы Кыргыз мамлекеттик университетінің доценті Жұмагұл Байдилдеев «Кыргыстандагы 1937-1938 жылдардагы саясий куугунтуктоолор жана анын кесепеттери» тақырыбына кеңірек тоқталды.

 Жалпы ғалымдар босқосуында тың деректер мен жаңа көзқарастарды алға тартқан бас-аяғы 8 баяндама жасалды. Соның ішінде көршілес үш елдің тарихшылары қозғаған тақырыпты атап көрсетуіміздің өзіндік мәні бар. Себебі, осы конференцияның тақырыбының өзі тұтас Түркістан өлкесін қамтиды. Ал кезінде сол өлкеге қарасты мемлекеттердің тарихшылары тізе қосып, бұл тақырыпты бірлесе зерттемесе, біржақты тың тұжырым жасау мүмкін емес.

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Ж.Баласағұн атындағы Түркістан өлкесін зерттеу орталығының директоры Сейдахан Бақторазов конференцияны ұйымдастыру кезінде осы мәселелерге баса мән берілгенін айтты.

– Бүгінгі конференция – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін құрылған мемлекеттік комиссияның Жамбыл өңіріндегі жұмысшы тобының жүргізген жұмыстарының жалғасы. Облыстағы жұмысшы топтың төрағасы – Дулати университетінің басқарма мүшесі - Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Данияр Нұрмұханбет, өзім орынбасарымын. Жұмысшы топтың жүргізген жұмысына тұжырым жасау үшін ғылыми конференция өткіздік. Атауын «Түркістан өлкесінде жүргізілген саяси қуғын-сүргін: тарих және тың көзқарас» атауымыздың өзінде тарихи мән бар. Кеңес өкіметі орнағанға дейін Жамбыл жері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамындағы Сырдария облысының Әулиеата уъезі болып аталды. Ал кейін Түркістан АКСР-нің құрамына енді. Ал енді Жамбыл өңірінің тарихын толық ашуымыз үшін біз сол кездегі Түркістан өлкесінің тарихын толық қамтуымыз керек, - дейді Сейдахан Бақтарозов.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, комиссия солақай саясаттан жапа шеккен қазақстандықтарға қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіруге тиіс. Бұл – мемлекеттің ғана міндеті емес, бүкіл қоғамның парызы.

Бейсенбі, 14 Сәуір 2022 11:21

Стажировка в Москве

Старший преподаватель кафедры «Экономика» Вильнара Алибекова проходит стажировку в Московском государственном университете имени М. В. Ломоносова в рамках стипендии «Болашак».

Продуктивно проходит научная стажировка по международной стипендии «Болашак» в МГУ имени М.В. Ломоносова, в ведущем ВУЗе России, который в 2021 году, занял 21 место по качеству образования в рейтинге лучших университетов мира Times Higher Education (THE World University Ranking – 2021). Специальность «Менеджмент в образовании (Стратегический менеджмент и лидерство в образовании. Управление Университетом) в Высшей школе управления и инноваций МГУ под руководством декана факультета В. В. Печковской.

3

Согласно программе стажировки активно участвую в научных семинарах и готовлю доклад на научную конференцию «Ломоносовские чтения» в секции «Управление корпоративными инновациями».

1

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Вильнара Әлібекова «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтуде.

Вильнара былтыр әлемнің үздік Times Higher Education (THE) World University Ranking - 2021 университеттерінің рейтингінде білім сапасы бойынша 21-орынды иеленген Ресейдің жетекші жоғары оқу орнында ғылыми тағлымдамадан өтіп жатқанына қуанатынын жеткізді. Бұл тәжірибе алмасу үшін таптырмас мүмкіндік екенін атап өтті.

3

Дулати университетінің оқытушысы енді тағылымдама бағдарламасына сәйкес ғылыми семинарларға қатысуы тиіс. «Жалпы өзім «Корпоративтік инновацияларды басқару» секциясында «Ломоносов оқулары» ғылыми конференциясына «Ресей мен Қазақстанның үлгісіндегі қос диплом бағдарламаларын іске асыру проблемалары» тақырыбы бойынша баяндама дайындап, қорғауды жоспарлап отырмын», - дейді Вильнара Әлібекова.

 1

Председатель Ученого Совета, Председатель правления - Ректор Таразского Регионального Университета имени М.Х.Дулати Талгат Ильясович Ешенкулов в торжественной обстановке , 12 апреля 2022 года - в день науки, вручил удостоверение «Студент - исследователь 2022» № 341 студентке 4 курса специальности 5В060700 «Биология» Мухан Меруерт Маликкызы , удостоверение «Студент - исследователь 2022» № 342 студенту 2 курса специальности 6В05112 - «Общая биология» Умарову Арслану Мухаммеджановичу..

По условиям конкурса, студенты заполнили специально разработанную  информационную анкету по присвоению квалификации «Студент-исследователь»,  в которой по бальной системе количеством полученных баллов оцениваются количественные и качественные показатели научной активности. Мухан Меруерт Маликкызы имеет средний балл успеваемости GPA-3,52 и общий балл - 111. Умаров Арслан Мухаммеджанович имеет средний балл успеваемости GPA-3,5 и общий балл - 103.

2022 жылдың 13 сәуір күні конвергенттік журналистика тобында кезекті кураторлық сағат өтті. Рамазан айына орай кураторлық сағат "Ораза ұстау әдебіне" арналды. Оразаға қатысты болғандықтан, кездесуге Дулати университеті Дінтану орталығының маманы Бахтияр Алпысбаев қатысты.

Білім - барлық белгісізді белгілі етеді. Дінді тану үшін де білім керек. "Діни сауаты болмаса, естіген ақпараттың бәріне сене беруге болмайды. Ең әуелі өз-өзіне сұрақ қоюы керек. Мәселен," оразаны не үшін ұстап жүрмін?"- деді дінтанушы.

Бәріміз оразаны сауап үшін ұстайтынымыз хақ. Алайда, қазіргі жастардың көпшілігі диета үшін, артық салмақтан арылу мақсатында таң атқаннан кеш батқанға дейін құр аш жүреді. Бұл мүлде дұрыс емес. Ең алдымен ораза ұстауға деген ниеті таза болуы тиіс.

Бейсенбі, 14 Сәуір 2022 10:14

Ғалымдармен ашық сұхбат

12 сәуір - Ғылым қызметкерлерінің күніне орай Филология және журналистика кафедрасының аға оқытушылары Темірбай Әлиұлы және Бақытжан Махашұлымен "Қазақстан ғылымының көкжиегі: жастар және ғылым" тақырыбында пікіралмасу өтті.

Әбу Насыр әл-Фарабидың "Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр" деген нақылын әңгімесіне арқау етіп алған Темірбай Әлиұлы, ең алдымен, ғылымның қоғамдағы орнын, мемлекет үшін маңызын, әр елдің жетістіктерінің ғылыммен тығыз байланысын түсіндірді. Кез келген мемлекеттің бренді ғылым арқылы анықталады, алайда таяқтың екі ұшы болатыны секілді, ғылымның дамуының әлемді дағдарысқа ұшырататыны да жалған емес екендігі жайлы айтты. Ғылыми техникалар дамыған сайын адамдар оған тәуелді бола бастайды, көп қозғалудан қалады. Бірақ біздің оқып жатқан мамандығымыз гуманитарлық ғылымға кіреді. Демек, әлемде экономикалық дағдарыс болғанда, біздің ғылым рухани бренд ретінде адамдарға қуат беретінін Темірбай Мұқашов талдап түсіндірді. Оның ішінде, «ұлы ақынымыз Абайдың рухани мұралары - қазақты ғаламға танытып тұрған мәңгілік өшпес жырлары» екенін мақтанышпен хабарлады.

13-апреля 2022 года для студентов 1-курса образовательной программы «Конвертная журналистика» была организована информационно-разъяснительная работа в сфере религии. На данной встрече присутствовал главный специалист Центра религиоведения Б.Алпысбаев, который смог донести до студенческой молодежи множество духовно-культурных ценностей о преемственности религии и традиций, о религиозном наследии казахских мыслителей и этике соблюдения поста в священный месяц. На многие вопросы студентов были даны исчерпывающие ответы.

166 бет. Барлығы: 454
Top