Super User

Super User

2022 жылдың 13-сәуірде «Конверттік журналистика» білім беру бағдарламаның 1-курс студенттеріне дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды. Аталған кездесуге Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев қатысып, студент жастарға дін мен дәстүр сабақтастығы, қазақ ойшылдардың діни мұралары және қасиетті рамазан айында оразаны ұстау әдебі туралы көптеген рухани-мәдени құндылықтарды жеткізе білді. Студенттердің көкейіндегі көптеген сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Бейсенбі, 14 Сәуір 2022 06:53

Құттықтаймыз!

«Техникалық физика» кафедрасының аға оқытушысы Толқын Касенованың Web of Science мәліметтер базасында индекстелген 3,263 импакт–фактормен Q2 квартильіне кіретін, сонымен қатар Scopus базасында индекстелген Cite Score бойынша 79 процентилі бар «PhysicaA: Statistical Mechanicsandits Applications» халықаралық журналына мақаласы шықты.

Мақалаға сілтеме: https://authors.elsevier.com/a/1etDr1M2-2EWtW

Бейсенбі, 14 Сәуір 2022 05:50

Мектеппен байланыс нығаяды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Жуалы аудандық білім бөлімінің №2 Мыңбұлақ орта мектебі арасында байланыс нығая түспек. Білім мекемелері арасында орнаған ынтымақтастық оқу және маман даярлау процесінде тәжірибе алмасуға негізделген.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті атынан басқарма мүшесі - зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Данияр Нұрмұханбет пен Мыңбұлақ мектебінің директоры Нарбек Қожагелдин білім, ғылым мен мәдениет саласында тікелей және өзара ынтымақтастық орнату және оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында меморандумға қол қойды.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 211 оқу взводының студенті Құмаров Нұрдаулет Тараз қаласында 2022 жылғы сәуірдің 1 мен 10 аралығында волейболдан ерлер арасындағы өткен жоғары лиганың (қосалқы құрамның) Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысты.

ІІІ орын ие болды. Медальмен марапатталып, «Турдың үздік ойыншысы» номинациясына ұсынылды.

Студент военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х.Дулати Кумаров Нурдаулет 211 учебного взвода участвовал в чемпионате Республики Казахстан по волейболу среди мужчин высшей лиги (дублирующего состава) с 1 по 10 апреля 2022 г. в городе Тараз.

Занял ІІІ место, награжден медалью и был номинирован «Лучший игрок тура».

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 211 оқу взводының студенті Искра Айбек 2022 жылғы 31 наурыз және 3 сәуір аралығында Берлин қаласында арқамен 50 метр қашықтықта паралимпиялық жүзуден ерлер арасында өткен Әлем кубогына қатысты.

ІІІ орын иеленді, медальмен және грамотамен марапатталды.

Студент военной кафедры Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати Искра Айбек 211 учебного взвода участвовал в чемпионате кубка мира по параолимпийскому плаванию на дистанции 50 метров на спине в городе Берлинесреди мужчин с 31 марта по 3 апреля 2022 года.

Занял ІІІ место, был награжден медалью и грамотой.

2022 жылғы 6 мен 12 сәуір аралығында әскери кафедра студенттерімен «Маскүнемдік пен нашақорлық – қылмыстар мен оқиғалардың көзі, ВИЧ инфекциясын жұқтыруды тудыратын жайлар» тақырыбында студенттермен әңгіме өткізілді.

Цикл бастығы, запастағы подполковник Д.Ж. Калилаев студенттерге есірткіні қолданудың салдары туралы айтып берді, алкогольдің зиянды әсері туралы білімдерін айтарлықтай кеңейтті, ВИЧ инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайлары, оның пайда болу себептері туралы әңгімеледі.

Әңгіменің мақсаты: қазіргі әлемде мәселенің өзектілігін көрсету, студенттердің өзін-өзі тану арқылы салауатты өмір салтына деген қызығушылығын ояту.

С 6 по 12 апреля 2022 года со студентами военной кафедры была проведена беседа на тему: «Пьянство и наркомания источники происшествий и преступлений, потенциальные условия заражения ВИЧ-инфекций».

Начальник цикла, подполковник запаса Калилаев Д.Ж. рассказал студентам о последствиях употребления наркотиков, значительно расширил их знания о вредном влиянии алкоголя, с потенциальными условиями заражения ВИЧ инфекции, раскрыл его сущность профилактику  и  причины  его возникновения.

Цель беседы: показать актуальность проблемы в современном мире, пробудить у студентов интерес к здоровому образу жизни через познание себя.

2022 жылғы 12 сәуірде әскери кафедрада Тараз қаласының № 39, 45, 60 мектеп оқушыларымен 37 адам көлемінде кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында оқушылар әскери кафедраның оқу материалдық-техникалық базасымен танысты.

167 бет. Барлығы: 454
Top