Жаңалықтар

SES ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Германияның Senior Expert Service (SES) халықаралық бағдарламасы шеңберінде Дулати университетіне сарапшы Урсула Георги келді. Ses сарапшысының Германия университеттерінде және шетелдерде, соның ішінде Австрия, Малайзия, Италия, Швейцария, Бразилия, Чили, Индонезия, Португалия, Сирия, Тәжікстан және Өзбекстан сияқты көптеген мемлекеттерде  көп жылдық оқыту тәжірибесі бар. Оның жоғары оқу орындарының ақпараты мен сапасын басқару, ақпараттық ұсыныстарды бағалау және әзірлеу, оқытудың белсенді практикалық әдістері мен заманауи технологияларын, соның ішінде жасанды интеллектті қолдана отырып, білім беруді басқарудағы практикалық тәжірибесі мол.

Урсула Георги жоғары оқу орындарының менеджменті, ақпараттық менеджмент, стратегиялық маркетинг, сапа менеджменті, ғылыми саладағы стратегиялық тұжырымдама және біліктілікті арттыруды жоспарлау, трендтер мен инновацияларды басқару, ішкі және сыртқы коммуникацияны профильдеу және брендинг процестерін жақсы игерген. Сондай-ақ, ол тұтынушылық ресурстарды басқару, басқарудағы икемді әдістер, өнеркәсіптік құқықтарды қорғау, интернационалдандыру және бағдарламалау шеңберіндегі сарапшы, халықаралық аккредиттеу бойынша сарапшы ретінде білікті маман.

Урсула Георги сәуірдің 8-9 күндері Стратегиялық даму басқармасы қызметкерлерімен кездесіп, стратегия, рейтинг, аккредитация және сапаны қамтамасыз ету бағыттары бойынша сұхбаттасты. Сонымен қатар оларды жетілдіруге арналған өзінің практикалық ұсыныстарымен бөлісті.

Кездесудің екінші күні ол бағдарламаға сәйкес семинар өткізді. Семинар барысында  оқу бағдарламасының кезеңдері мен жыл сайынғы сапаны тексеру циклдары туралы әңгімелеп, дипломдық жоба тұжырымдамасынан бастап түлек профиліне дейінгі аралықтағы қажеттіліктер мен міндеттерге тоқталды. Тәжірибе саласы мен кәсіптік саладағы типтік процестерді сипаттай келе, оқыту нәтижелері, мазмұны және жеке модульдер бойынша бағалау жөніндегі тұжырымдарымен бөлісті. Сапаны қамтамасыз ету шеңберіне, әсіресе жүйені аккредиттеу контекстіне тоқталып, білім бағдарламаларына бағалау жүргізу жөнінде ойларымен бөлісті.