Жаңалықтар

Дулати университетінің базасынан ашылған Д.И. Менделеев атындағы Ресей химиялық-технологиялық университетінің Тараз филиалында Ашық есік күні өтті. Іс-шараға мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар, оқытушылар, химия саласының мамандары қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен біліктілікті арттыру курсына қатысып, өз білімімді жетілдірдім.

Қоршаған ортаның өзгеруімен күресіп жатқан әлемде таза энергия шығарындыларын азайтуда және сенімді энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «Жасыл энергия шақырады» атты облыстық дөңгелек үстел өтті. Шара М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде ұйымдастырылды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ректоры Байжуманов Мұхтар және қауымдастырылған профессор Ерубаев Ерлан BR24992867 гранттық жобасы аясында «Қазақстанның су шаруашылығын және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту мен басқаруға арналған ресурстарды үнемдеу технологияларын әзірлеу және инновациялық инжиниринг орталығын құру» мақсатында Шанхай (ҚХР) қаласындағы тоқыма емес материалдар өндіруге арналған жабдықтар мен осы материалдарды өндіретін зауыттарға іссапармен барды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер бойынша проректор Еркінбаева Ләззат пен «Edukey.kz» ЖШС директоры Копейсинов Ерлан маңызды құжатқа қол қойды!