Факультетті дамытудың стратегиялық бағыттары
2023 жылдың қазан айынның 20 жұлдызында №369/1 бұйрығына сәйкес «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті құрылды.
Жаратылыстану ғылымдары факультетінің миссиясы- қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуге қабілетті жаратылыстану ғылымдары саласында жоғары білікті мамандарды даярлау.
Осы мақсатқа жету үшін факультет келесі міндеттерді орындайды:
- Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаратылыстану ғылымдары саласындағы мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін дамытады.
- Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен және ұйымдарымен ынтымақтасады.
- Халық арасында ғылыми білімді насихаттайды.
Факультет құрамында қазіргі таңда 5 кафедра, 27 білім беру бағдарламалары бар, олар:
- «Математика» кафедрасы
- «Физика және информатика» кафедрасы
- «Биология» кафедрасы
- «Химия» кафедрасы
- «Білім берудегі тарих және география» кафедрасы
«Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің түлектері ғылымда, білім беруде сұранысқа ие.
«Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің нақты мақсаттары мен міндеттері белгілі бір университет пен аймақтың ерекшеліктеріне байланысты өзгеруі мүмкін. Алайда, жалпы алғанда, жаратылыстану ғылымдары факультетінің миссиясы ғылым мен білімнің дамуына ықпал ету, сондай-ақ қоғамның дамуына үлес қоса алатын жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.
Ғылыми - зерттеу жұмыстары
«Мұрагер» ғылыми-зерттеу үйірмесінің ұйымдастыруымен облыстық көлемде «Жалаңтөс батыр – Тұран жолбарысы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияға қатысушылар жүлделі орындарға ие болғандар дипломдармен марапатталды. Белсенділік бірдірген ғылыми жетекшілеріне алғыс хат табысталды және барлық қатысушыларға сертификат берілді.

Оқу-әдістемелік жұмыстар
Факультеттегі оқу – әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты – оқу процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жағдай жасау. Оқу-әдістемелік жұмысқа басшылықты деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.
Факультетте 18 бакалавриат, 7 магистратура, 1 докторантура бойынша білім беру бағдарламасы бар. Білім беру бағдарламалары мазмұны әлеуметтік серіктестер мен жұмы сберушілердің сұраныстарына бағытталған
Студенттер контингенті 1326 бакалавр, 126 магистратура, 1 доктарантураны құрайды (грантта оқитындар саны 937 студент). Факультет ПОҚ-ы алдыңғы қатарлы шетел, республикалық ЖОО және орталықтарында жыл сайын біліктілерін жоғарылатады: NewCastleуниверситеті (Ұлыбритания), Вильдау қолданбалы ғылымдар университеті (Германия), Ұлы Витаутас университеті (Литва), Senior Expert Service, НЗМ ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» БАҰО АҚ, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУжәнет.б., ғылыми-әдістемелік конференцияларына, семинарларына, тренингтерге белсенді түрде қатысады. Магистранттар контингенті 174 адамды құрайды, грантта оқитындар саны 119.
Факультет білім беру бағдарламаларын дайындау үшін барлық оқу процесіне қажетті оқу-материалдарымен қамтамасыз етілген. Факультеттің ғимараттары санитарлық нормалар мен өртке қарсы қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Оқу аудиториялары, лабораториялық базалар, оқу кабинеттері, жатақхана және басқа да орындар, спорттық кешендер бекітілген нормалар мен тәртіпке сай.
Білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасы жаңарту және жетілдіру мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылуда.
Тәрбие жұмыстары
"Математика" кафедрасы кураторларының ұйымдастыруымен студенттер жатақханасында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130-жылдығына арналған әдеби сағат өтті. Жатақханада тұратын математик студенттер ақынның өмірбаяны мен шығармашылығын айта келіп, өлең жырларын мәнерлеп оқыды. Ақын шығармашылығына байланысты викториналық сұрақтар қойылды. Бұл әдеби іс-шараның мақсаты С.Торайғыровтың әдеби мұрасы, жалынды жырлары арқылы жастарға ұлтжандылық тәрбие беру.

«Дін және біздің қоғам» тақырыбында дінтанушы Б.Алпысбаев және «ББ тарих және география» кафедрасының аға оқытушылары Данабекова Д., Абдурахманова К.Р. ұйымдастыруымен студенттермен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты-Діннің тарихын, мәнін және оның қоғамдағы алатын орнын анықтау, Адамгершілікке имандылыққа тәрбиелеу, діни экстремизмнің алдын-алу болып табылады.
"Математика" кафедрасының ұйымдастыруымен ПД Есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасы мен ПД кинология орталығы мамандарымен "Нашақорлык-ғасыр дерті!" тақырыбында кездесу болды.
Кинология мамандары иттердің көмегімен есірткіні табу мен ұстау жолдарын көрсетті.
Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Каукешова Айгерім Асанқызы тақырып бойынша пайдалы ақпараттар бере отырып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Нашақорлықтың зардаптары туралы айтылып, қоғамның дертіне айналған теріс қылықтардан аулақ болу керектігін ескертті.

Материалдық-техникалық базасы
«Биология» кафедрасының жылыжай кешенінде әртүрлі инновациялық технологиялар пайдаланылады. Соның бірі су үнемдеу, яғни тамшылатып суғару технологиясы. Сонымен қатар өсімдіктерді топырақсыз өсіруге болады, ол үшін ағаш үгінділері немесе кокос субстраттары пайдаланылады. Бұл эксперименттік жұмыстар жүргізу үшін өте пайдалы болып табылады.
"Жылыжай" эксперименттік учаскесінде білім алушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндіктері мол.

Спектрофотометр -жарық толқынының ұзындығына байланысты екі монохроматты жарық ағымдарының интенсивтіліктерінің қатынасын өлшеуге арналған оптикалық аспап. Спектрофотометр жарық көзінен, монохроматордан, жарық қабылдағыштан және тіркеу құрылғысынан тұрады. Әр түрлі денелердің 0,185 ... 200 мкм диапазонда нұр шашу, сіңіру және шағылыстыру қабілетін өлшеу үшін пайдаланылады.
SOPTOP EX30 зертханалық микроскопында 22 мм окулярлардың кең көру өрісі бар. Микроскоп бинокулярлы немесе тринокулярлы түтікпен жабдықталған. Зертхананың міндеттеріне байланысты әртүрлі конфигурацияларда ұсынылады: Rif модулі, фазалық контраст, поляризация және фотоаппаратта да, компьютерде де суретке түсіру мүмкіндігі бар цифрлық планшеттік камера қосылған. Препараттарды көруге толық мүмкіндік бар.

Жаңа эргономикалық дизайн, тұрақты микроскоп негізі, жұмыс істеу оңай, әртүрлі жұмыс жағдайларына жарамды.
Модульдік дизайн, флуоресценциямен, фазалық контрастпен, поляризациямен, қараңғы өріс режимдерімен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Модульдер жарық өріс режиміне негізделген. Клиникалық диагностика, патологиялық сынақтар, білім беру мақсатында және т.б. үшін кеңінен қолданылады.

«Химия» кафедрасы мамандандырылған арнайы лабораториялар мен құрал-жабдықтармен (Аналитикалық таразы, техникалық таразы, кептіргіш шкаф, муфель пеші, спектрофотометр DR 2800, спектрофотометр DR 3900, концентрационный электроколориметр КФК 3, фотометр HANNA, су моншасы, құм моншасы, рефрактометр ИРФ 24, иономер универсиальный ЭВ 74, вискозиметр ротационный, весы прецизионные, рН-метр, вискозиметр стеклянный, магнитная мешалка, колба Вьюрца, плитка электрическая, иономер pH-160 M, кондуктометр солемер) қамтылған және оқудың инновациялық технологиясы енгізілген.

Факультет жетістігі
«ЖАС ҒАЛЫМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
2025-2027 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінде қос педагогы бар:

Еркебұлан Гүлнұр Тұратайқызы – «Физика и информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), PhD доктор: «Жетілдірілген өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар» атты приоритетті бағыты бойынша ғылыми жобаның тақырыбы: «Нейрондық желі алгоритмдері негізінде мәтінді аудару және қазақ тілін оқытудың адаптивті жүйесі» (ИРН АР25793799).
Қарабаева Әсел Асқарқызы – «Биология» кафедрасының аға оқытушысы: «Экология, қоршаған орта және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бағыты бойынша ғылыми жобаның тақырыбы: «Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жағдайында алма ағаштарын жеміс кенелерінен қорғаудың экологиялық таза жүйесін құру» (IRN AP25797095)
ҒЫЛЫМ МЕН ИННОВАЦИЯДА ТАҒЫ БІР ҮЛКЕН ЖЕТІСТІГІ.

Дулати университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Биология» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлнәр Зияева ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру байқауында 350 миллион теңгелік грантқа ие болды!
Жоба тақырыбы: «Қазақстанның оңтүстік аймағында құрғақшылыққа төзімді және жоғары өнімді құмай өсірудің агротехнологиясын одан әрі дәнді дақылдарға өңдей отырып енгізу».
Құмай – экологиялық тұрғыдан тиімді, құрғақ климатқа бейімделген, әрі ауыл шаруашылығында үлкен әлеуетке ие өсімдік. Бұл жобаның іске асуы елдегі азық-түлік қауіпсіздігін арттырып, агроөнеркәсіптік салаға жаңа серпін береді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығына инновациялық тәсілдерді енгізуге жол ашады.
Гүлнәр Керімбекқызын құттықтаймыз! Әрі қарай кәсіби табыстар, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!
ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ FUTURE MAKERS ХАКАТОНЫНДА 1 ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері Шымкент қаласында өткен FUTURE MAKERS хакатонына қатысып Сейдазимов Айбек пен Краснобаев Никита Шымкент 1-орын иеленді!
Белсенді студенттеріміз өздерінің креативті идеялары мен үздік жобаларын ұсыну арқылы 700 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты жеңіп алды!
Жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз көп болсын! Шығармашылық жұмыстарыңызға толағай табыстар тілейміз!
ФАКУЛЬТЕТІМІЗДІҢ СТУДЕНТІ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Мемлекет басшысының бастамасымен жастардың жаңа идеялары мен бастамаларын қолдау мақсатында жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталады. Грант «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» бағыттары бойынша грант беріліп, әр жобаға 3 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі.
Аталған байқау қорытындысы бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша — Дулати университетінің студенті Токпанова Асель өз жобаларын сәтті қорғап, 3 миллион теңге көлеміндегі грантты иеленді.
Бұл жетістік университет ұжымының жастар бастамаларын қолдауға бағытталған жүйелі жұмысының және білім алушылар мен қызметкерлердің белсенді азаматтық ұстанымының нәтижесі болып табылады.
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ; БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Түлектерімізбен мақтанамыз
Түлектерімізбен мақтанамыз | Жаратылыстану ғылымдары факультеті










