Негізгі мақсаты:
Ерекше білім беруді қажет ететін мүгедектігі бар студенттерді қолдап, көмекші бағдарламалармен қамтамасыз ету. Студенттерге арнайы әдебиеттерді ұсыну, ғимаратқа кіру, оқу материалдарына, дәрістерге, тесттер мен емтихандарға қолжетімділікті барынша оңтайлы ету арқылы білім беруге қолжетімділікті арттыру. Сонымен қатар, ЖОО-дағы білім беру үдерісіне интеграциялау арқылы мүгедектігі бар студенттердің білім алу деңгейін жоғарылату басты мақсат болып табылады.
Негізгі міндеттері:
- ЖОО-да мүгедектігі бар студенттердің психологиялық жағдайын қолдау, олардың оқу және әлеуметтік адаптациясын қамтамасыз ету, психологиялық қолдау көрсету арқылы олардың толыққанды дамуына ықпал жасау;
- мүгедектігі бар студенттердің қажеттіліктерін анықтау және оларға қолдау көрсету іс-шараларын ұйымдастыру;
- психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету, консультациялар жүргізу;
- құжаттарды рәсімдеу және әлеуметтік қолдау бойынша есептерді дайындау;
- қажетті материалдық және техникалық ресурстарды үйлестіру;
- мүгедектігі бар студенттердің құқықтарын қорғау және оларды дискриминациядан сақтау шараларын ұйымдастыру;
- ЖОО-ның басқа бөлімдері мен сыртқы ұйымдармен өзара байланыс орнату.
- мүгедектігі бар студенттердің психологиялық жағдайын зерттеу және бағалау;
- психологиялық тренингтер, тренингтік сабақтар, психологиялық кеңестер ұйымдастыру.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар:
- мүгедектігі бар студенттерді жалпы білім беретін ортада біріктіру нысандары анықталған;
- студенттер мен олардың ата-аналарына онлайн және офлайн режимінде қолдау көрсетіледі;
- сабаққа қатысу, үлгерім және әлеуметтік жағдайлар тұрақты бақылауда;
- инклюзивті білім берудің оқыту семинар-тренингтермен қамтамасыз етілуде;
- «Инклюзивті білім беру және әлеуметтік инклюзия» және т.б. тақырыптарда біліктілікті жоғарлату курстарынан өтуде;
- ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінен келген сұрау хаттары бойынша университеттегі инклюзивті білім беру жағдайы жөнінде мәліметтер тұрақты түрде беріліп отырады.
Инклюзивті оқыту мағынасы:
Инклюзивті оқыту – ерекше қажеттіліктері бар студенттердің жалпы білім беретін жоғары оқу орындарында білім алу үрдісін қамтамасыз ету. Бұл бағыт балалардың дискриминацияға ұшырамауын, барлық адамдарға теңдік қатынас орнатуды және арнайы жағдайларды қамтамасыз етуді көздейді. Инклюзивті білім беру студенттердің оқудағы жетістіктерін арттырып, өмір сүру сапасын жақсартады.
Құқықтық негізі:
Мүгедектігі бар балалардың білім алу құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында және Конституциясында бекітілген;
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- «Білім туралы» Заң;
- Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң;
- «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы» Заңы;
- «Мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы» Заңы;
- «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы;
- «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы;
Инклюзивті білім берудің университеттегі дамуы:
- Инклюзивті білім беру 2016 жылдан бастап қоғамдық жұмыс ретінде қолға алынған;
Университет мүгедектігі бар студенттердің білім алуына барынша қолайлы жағдай жасап, олардың академиялық, әлеуметтік және тұлғалық дамуын қолдауға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Қосымша қолдау шаралары:
Әлеуметтік жұмыс басқармасының инклюзивті білім беру саласының мамандары студенттерге сабақтан тыс уақытта түрлі бағыттағы дамыту іс-шараларын ұйымдастырады. Атап айтқанда:
- мотивациялық және тұлғалық даму тренингтері;
- шеберлік сабақтары мен практикалық дағдыларды жетілдіру бағдарламалары;
- түрлі спорттық, мәдени және шығармашылық жарыстарға дайындық барысында кәсіби кеңестер;
- олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына бағыт-бағдар беру.
Осының нәтижесінде студенттер ғылым, өнер және кәсіби мамандықтары бойынша жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, өз әлеуетін толық жүзеге асыруда. Сонымен бірге орталық мамандары олардың еңбек нарығына бейімделуіне, мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.