«Экономика және құқық» факультеті 2020-2021 оқу жылының қазан айының 26-шы жұлдызы күні «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КЕАҚ институттар/факультеттер мен кафедралар құрылымын оңтайландыру туралы» бұйрығы бойынша «Заң» факультеті мен «Экономика және бизнес» факультеттерінің бірігіуі негізінде құрылған. Факультет құрамында 6 мамандар даярлайтын кафедралар бар.
Бүгінгі күні «Экономика және құқық» факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы 124 оқытушыны құрайды, оның ішінде 1 ғылым докторы, 36 ғылым кандидаты, 12 PhD докторы, 5 бейіні бойынша докторы (DBA), ПОҚ-ның 100 пайызы магистр ғылыми дәрежесін иеленген. Факультет құрамының орта жасы 42 жасты құрайды. Сонымен қатар, бұрын өндірісте, мемлекеттік қызметте, қаржы саласында, және құқық қорғау органында қызметте болған тәжірибелі жұмыс беруші мамандар қосалқы жұмыс жасайды. Құқық бағыты бойынша факультет оқытушылары Қазақстан заңгерлер Одағының және заңгерлер кеңес беру палатасының мүшелері болып табылады.
Экономика және құқық факультетінің мақсаты аймаққа қажетті құқықтық және экономикалық білім беру мен білім алушылардың заман талабына сай бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, білім саласындағы ұлттық рейтингтің жоғары деңгейдегі жетістіктеріне жету, сондай-ақ, рухани-адамгершілік құндылықтарға, тарихи, ұлттық дәстүрлерге негізделген тұлғаларды тәрбиелеу; заман талабына қабілетті, білікті кадрларды даярлауға, құқықтық ғылыми зерттеулерге, цифрлық экономиканы құқықтық реттеу жүйесін құруға, цифрлық технологияларды қолдануға қатысу, жұмыс берушілерді қатыстыра және келісе отырып өңірге қажетті кәсіби мамандарды даярлау, 2022 жылғы МЖБС кәсіби стандарттарының талаптарын ескере отырып, ҚР ҒжЖБМ реестрінде кемінде 20 білім беру бағдарламасын жаңартуды ұйымдастыру. Факультетте бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған стратегиялық Даму бағдарламасының индикаторлық көрсеткіштерін мүмкіндігінше белсенділік таныта отырып асыра орындау.
Материалдық-техникалық базасы
Университетте тиімді оқу-ғылыми инфрақұрылым құру талаптарға сай келеді. Факультеттің заманауи жабдықтармен жабдықталуы және материалдық-техникалық базасын жетілдіру (корпустарға, үй-жайларға жөндеу жұмыстарын жүргізу) тұрақты түрде университет тарапынан жүргізіліп тұрады.
Факультет білім беру бағдарламаларын дайындау үшін барлық оқу процесіне қажетті оқу-материалдарымен қамтамасыз етілген. Факультетте 9 компьютерлік класс, 16 заманауи интерактивті тақта, 2 арнайы кабинет және 2 электронды оқу залы,факультет студенттерінің практикалық сабақтары өтетін криминалистикалық зертхана: Криминалистикалық зертханада арнайы техникалық құралдардың көмегімен іздер мен заттай материалдарды табу, тіркеу және алу әдістерін қолдануға; жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тактикалық тәсілдерді қолдануға; қылмыстардың әртүрлі жасалу тәсілдеріне қарай ажырату әдістемесін үйренуге; қылмыс жасауға ықпал ететін мән-жайларды анықтауға, қылмыстарды тергеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және алдын алу жөніндегі қызметті жоспарлау және жүзеге асыруға дағдыланады.
«Сот залы»: Факультет құрамында құқық бағытында білім алатын студенттерге арналған мамандандырылған «Сот мәжілісі залы» құрылған. «Сот мәжіліс залында» азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша сот процесстерін шынайы тұрғыдан тәжірибелік жағдайда өткізуге барлық мүмкіндіктер жасалған. Бірлескен ынтымақтастық нәтижесінде Жамбыл облыстық және Тараз қалалық соттарының көшпелі сот процесстері аталған сот мәжіліс залында өткізіліп тұрады.
«Мини-Банк» және 1с:Бухгалтерия мамандандырылған аудиториялары:
Факультет құрамында экономика бағытында білім алатын студенттерге арналған мамандандырылған «Мини-банк» өндірістік орталығы және 1С:Бухгалтерия бағдарламасымен жабдықталған арнайы аудиториялар бар. Студенттер тәжірибелік сабақтарын осы аудиторияларда банк қызметінің негізгі жұмыстарымен және бухгалтерия саласының мән-жайымен толық танысуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Бірлескен ынтымақтастық нәтижесінде Жамбыл облыстық және Тараз қалалық екінші деңгейдегі банктерімен және кәсіпорындарымен келісім-шарт жасалған.
Құқық бағыты бойынша білім алатын студенттер үшін «Заң» мәліметтер бағдарламалық қорымен қамтамасыз етілген «Нормативтік құқықтық актілер» кабинеті бар. Іздеуші «Заң» мәліметтер қоры студенттерге түрлі анықтамаларды қолдану арқылы жалпы нормативтік құқықтық актілерді пайдаланудың оңай жолдарын табуды меңгеруде мүмкіндік береді.
Факультет жетістігі
Қазақстан Республикасының «Үздік оқытушы» байқауының жеңімпаздары:
Абдукаримова З.Т. – ҚР үздік оқытушысы;
Молдабекова А.Ш. - ҚР үздік оқытушысы;
Қожабеков С.С. - ҚР үздік оқытушысы;
Амалбекова Г.Е. - ҚР үздік оқытушысы;
Байтиленова Е.С. - ҚР үздік оқытушысы.
Профессор-оқытушылар құрамы арасынан ҚР Президентінің Болашақ халықаралық шәкіртақысының иегерлері: Тлеубаева С.Т., Джабаилдаева Г.Т., Қайназарова М.Б., Искакова Г.К; Әбілдаев С.Т; Назикова Ж.А;
Студенттер арасынан Президенттік шәкіртақы иегерлері: Құдайберген Аяулым Талғатқызы, Мелдебек Айсұлу Арынбекқызы, Әбдібек Ақзира Нұрымқызы, Иманқұл Елдана Жәнібекқызы, Ергашева Ирода Бахтиеровна, Саитбаева Адиля Абдумаликовна.
«Студент-зерттеуші» атағының иегерлері: Зиилдаева Айжан, Құдайберген Аяулым Талғатқызы, Мелдебек Айсұлу Арынбекқызы, Әбдібек Ақзира Нұрымқызы, Бабаханова Дильдора; Әлімқұл Еркін; Елтай Әсел; Кеңесова Ақгул; Литвиненко Артем; Мирзахалов Исломбек; Қырықбай Айгерім; Хисаматдинова Анжела; Нұрланқызы Мадина; Бестаева Айбарша; Лукьяненко Екатерина; Мирзахалов Улугбек; Исагали Дариға
Халықаралық және республикалық студент аралық байқаулардың жеңімпаздары:
1. 8 қараша 2024 жылы Еуразиялық ұлттық университеті өткізген бакалавриат студенттері арасында «Қаржылық қауіпсіздік» Республикалық онлайн олимпиадасына 4 курс 6В04117 - «Қаржы» БББ студенттері Шоқпаров Е., Мұқит Н. Ғылыми-зерттеу жұмысы «Жеке қаржылық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері» тақырыбында қатысты, жетекшілері: Муратова Д.Б., Молдабекова А.Ш.
2. 12 қараша 2024 жылы Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінде «Ұлттық валюта – Теңге» күніне орай ұйымдастырылған ЖОО арасында республикалық деңгейде «Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығын арттыру студент жастардың қосқан үлесі» тақырыбында интеллектуалды ойын дебатқа ғылыми жоба жіберіліп, қатысуға жолдама алды. Республикалық интеллектуалды ойынға 3-курс 6В04117 - «Қаржы» БББ бойынша Еркебай Шолпан, Жылысбек Нұртілеу, Салканова Нурдана қатысып 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшілері Молдабекова А.Ш., Муратова Д.Б.
3. «Туран» университетінде «Қаржы, есеп және экономикалық» факультетінде «Ұлттық валюта теңге және қаржыгерлердің кәсіби мерекесіне» орай 2024 жылы 29 қараша күні «Болашаққа арналған қаржылық стратегиялар: цифрландыру және тұрақты даму» атты халықаралық онлайн олимпиадаға 6В04117 - «Қаржы» БББ бойынша 3 курс студенттері Еркебай Шолпан, Жылысбек Нуртілеу, Акмурзина Аружан қатысып, жүлделі бірінші орынға ие болды.
4. Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитетінің ««Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей қорығының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік жас экскурсовод» студенттер арасындағы байқауына «Туризм және сервис» кафедрасының кафедра меңгеруші Орынбаева У.А., аға оқытушылары Дуйсембаева А.Т., Досымова О.Ж. және 6В11111-«Туристік бизнес» білім беру бағдарламасының 1,2 курс студенттері қатысты.
5. «Үздік жас экскурсовод» байқауының жеңімпазы Шәріп Дана атанды, Жабағи Бану «Эрудит экскурсовод», Тұрсынбай Балнұр «Креативті экскурсовод» номинациясын иеленді.
6. 2024 жылғы 23 қыркүйекте Омбы мемлекеттік техникалық университетінің «Туризм, қонақ үй және мейрамхана бизнесі» кафедрасы ұйымдастырған «Иммерсивные туры, экскурсии, event-мероприятия» Халықаралық байқауына 6В11111 - «Туристік бизнес» БББ 2 курс студенттері Шәріп Дана Маратқызы, Ілесхан Алуа, Адилбекова Алина қатысты. Шәріп Дана Маратқызы – Номинация «Взгляд туриста» - Диплом 2 орын. Ілесхан Алуа - Фотоконкурс «Коллекция туристических эмоций» - 2 орын алды. Адилбекова Алина - Номинация «Палитра вкусов» - 1 орын сертификат алды.
7. 2023-2024 оқу жылы бойынша СҒЗЖ республикалық байқауының нәтижесінде «Туризм және сервис» кафедрасының, 6В11111 - «Туристік бизнес» БББ 3 курс студенті Насырова Василя мен 6В11111 - «Туристік бизнес» БББ 4 курс студенті Өмірәлі Мерей 3 орын иегері атанды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары
Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер ғылыми зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысады. Оның ішінде гранттық жобаларға, әртүрлі деңгейдегі конкурстарға, конференцияларға жүйелі түрде қатысып тұрады.
2026-2028 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша байқауға факультеттен 6 өтінім берілді:
- AP32525399 - «Соврешенствование механизмов правовой и институциональной защиты прав человека от семейно-бытового насилия в РК: междисциплинарный подход и профилактические стратегии» – ғылыми жетекші Суркова С.С..;
- AP32525391 - «Стратегия формирования и развития агрокластеров в Жамбылской области» – ғылыми жетекші Есильбаева Ж.;
- AP32731213 - «Совершенствоание управления инновационным развитием экономики региона на базе кластерного подхода (на примере химического кластера Жамбылской области)» – ғылыми жетекші Кудабаева Л.А.;
- AP32716401 - «Разработка экономико-экологических правовых механизмов устойчивого развития экспорта сельскохозяйственной продукции Казахстана на рынок Китая» – ғылыми жетекші Искакова Г.К.;
- AP32731073 – «Проектирование и апробация интеллектуальной системы «Цифровой юрист» для автоматизации составления юридических документов по гражданско-правовым вопросам» - ғылыми жетекші Абдукаримова З.Т.;
- AP32718847 – «Разроботка экономико-математической моделиустойчивого управления водными ресурсами в сельском хозяйстве» - ғылыми жетекші Амалбекова Г.Е.;
Факультет құрамында 8 студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс атқарады: «Менеджер», «Цивилист», «Бухгалтер финансист», «Жеті жарғы», «Әділет», «Сервис», «Бизнес аналитик» және Студенттік бизнес инкубатор «Tesla». Студенттік ғылыми үйірменің негізгі мақсаты: студенттер мен мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген мүмкіндіктерін ашу. Студенттердің ғылыми теориялық зерттеумен айналысуды, әр түрлі деңгейдегі ғылыми тәжірибелік конференцияларға қатысуды және баспаларға мақала жариялауды қарастырады. Осыған орай студенттік ғылыми үйірмелер Жамбыл облысы мен Тараз қаласының мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында шағын конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар, пікір сайыстар өткізіп келеді.
2025 жылдың 03 сәуірдегі 11 Ғылыми кеңестің шешімімен «Студент- зерттеуші» атағына ие болған студенттер:
- Шоқпаров Ерасыл 6В04117 – «Қаржы» БББ 4-курс студенті;
- Назарбек Назерке 6В04212 – «Мемлекеттік қызмет және әкімшілік құқық» БББ 4-курс студенті;;
- Шәріп Дана 4-курс, 6В11111– «Туристік бизнес» БББ 4-курс студенті.
Факультет тарапынан орнатылған халықаралық байланыстар
- Болгария, Қырғызстан, Беларусь, Чехия елдерімен, атап айтқанда:
- Түркия, «Балыкесер», Хитит, Hitit University (HU) университеттерімен;
- Польша - Корфантого атындағы Жоғарғы Силезия экономикалық университетімен;
- Грузия мемлекетінің Акаки Церетели университетімен;
- Италия мемлекетінің Камерино университетімен;
- М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен;
- А.С. Грибоедов атындағы Мәскеу университетімен;
- Болгария мемлекетінің Черноризец Храбр атындағы Варна еркін университетімен;
- Турция мемлекетінің Мугла Сыткы Кочман университетімен;
- Литва - Вильнюс университетімен;
- Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетімен, Беларусь;
Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетімен және т.б. ЖОО-мен халықаралық байланыс орнатылған.
Оқу-әдістемелік жұмыстар
Факультеттің оқу әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру және орындалу сапасын бақылаушы құрылым ретінде оқу әдістемелік бюро жұмыс істейді. Факультеттің оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспары бекітілген іс шаралар мерзімінде орындалып отырды. «Экономика және құқық» факультетінің оқу-әдістемелік жұмыстары Қазақстан Республикасы БжҒМ Жоғары оқу орындарына қойылған міндетті талаптарына сәйкес орындалады. Факультет кафедраларында курстық жұмысты, дипломдық жұмыстарды және магистрлік диссертацияларды жазу бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірленген. Кафедрлардың оқу-әдістемелік жұмыстарын үйлестіру мақсатында әдістемелік семинарлар өткізіліп отырады. Сонымен қатар, кафедралардың пәндері бойынша оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі, қашықтықтан оқыту үрдістерін оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету ғылыми әдістемелік бюрода талқыланып отырады. Факультеттің оқу әдістемелік бюросында оқу жылында шығарылуға ұсынылған оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, монография мен электрондық ресурстардың, оқу үрдісін заманауи оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету деңгейлері, жұмыс оқу бағдарламалары (силлабус), оқу-әдістемелік кешендерді жоспарлау мәселелері қаралып отырады.
Факультеттің профессорлық оқытушылық ұжымы өздерінің оқу-әдістемелік іс-шараларын жоғарғы оқу жүйесінің талаптарына сай ұйымдастырады және оның ғылыми педагогикалық әлеуеті бакалаврлар мен магистрлерді даярлауға мүмкіндік береді. Факультет профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын құқық және экономика бағытында оқу әдістемелік жұмыстар жоспарлап орындап отырады.
Оқу үрдісі және оның сапасы өзара сабаққа қатысу және ашық сабақ жүргізу түрінде қадағаланады. Жылдан жылға оқытудың қазіргі заманға сай жаңа педагогикалық технологиялары мен тәсілдері оқу процесіне енгізілуде. Кафедраның профессор - оқытушылары дөңгелек стол, шағын топтарға бөліп өткізу, дебат сияқты әдістерді кеңінен қолдануда. Кафедрада жаңа технологиялар мен электронды оқулықтар және оқудың жаңа әдістерін ендірумен студенттердің танымдық қызметін белсендіру саласында жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік тілде оқу үрдісін және оқу-әдістемелік жұмыстары ұйымдастыруға ерекше назар бөлінеді. Мамандыққа қажетті барлық оқу-әдістемелік құралдар қазақ тілінде және орыс тілінде, ал көптілді білім алу топтары үшін ағылшын тілінде әзірленген.
Тәрбие жұмыстары

Тәрбие жұмысының мақсаты - студенттерде жоғары азаматтық жауапкершілікті, құқықтық сананы, кәсіби қызметтің этикалық нормаларын, экономикалық және құқықтық ойлауды қалыптастыру, негізделген және әділ шешімдер қабылдау қабілетін дамыту, сондай-ақ жан-жақты тұлғалық өсу, кәсіби қалыптасу, өзін-өзі жүзеге асыру және қоғам өміріне белсенді қатысу үшін жағдайлар жасау.
* 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту Тұжырымдамасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылық тәсілдеріне негізделеді.
* Барлық дәлелді тараптардың: отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамның кеңінен қатысуымен кешенді жұмыс жүргізу;
* Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жастарды тәрбиелеу идеологиясы мен стратегиясын анықтау.
* Қазақстан Республикасының азаматтары мен патриоттарының қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы, әлеуметтенуі, болашақ мамандыққа, кәсіби, зияткерлік және әлеуметтік шығармашылыққа қол жеткізуі үшін оңтайлы жағдайлар жасау.
Тәрбие жұмысының міндеттері:
Азаматтық бірегейлік пен патриотизмді қалыптастыру
* ҚР Конституциясына, заңдарына, мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу;
* Елдің қоғамдық-саяси өміріндегі өз рөлі туралы хабардарлықты дамыту.
* Бастамаларды, шығармашылықты, көшбасшылық қасиеттерді және сыни ойлауды қолдау;
* Өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандыру және тұрақты дамуға ұмтылу.
* Рухани-адамгершілік қасиеттер мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
* Басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
* Патриотизм кіндік қаны тамған жерге, өскен аулаға, қала мен аймаққа, яғни туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениетіне, дәстүрлеріне ерекше көзқарас - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі, ұлттың мәдени – генетикалық кодының негізі.
Тұлғаның дамуы:
* Шығармашылықты ашу және бастаманы қолдау.
* Тәуелсіздікті, жауапкершілікті және басқару дағдыларын дамыту.
* Өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу қабілетін қалыптастыру. Құқықтық және экономикалық мәдениетті дамыту
* Тұрақты құқықтық сананы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру;
* Қаржылық сауаттылық пен экономикалық мінез-құлық этикасын арттыру.
* жастардың Қазақстанға сырттан енетін этномәдени экстремизмге және түрлі радикалды ағымдарға қарсы тұра алатын дағдыларын қалыптастыру.
Кәсіби этика мен жауапкершілікті қалыптастыру
* Заңгер мен экономистің кәсіби мінез-құлық нормаларын құрметтеуге тәрбиелеу;
* Қабылданған шешімдер мен олардың әлеуметтік салдары үшін жауапкершілікті дамыту.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
* салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, физикалық даму дағдыларын табысты қалыптастыру және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау үшін кеңістік құру.
Өзін-өзі басқару және шығармашылық белсенділікті дамыту
* Студенттік өзін-өзі басқару қызметін жандандыру.
* Студенттерді үйірмелерге, секцияларға және басқа бірлестіктерге тарту.
Түлектер
|
|
АХМЕТОВА АЙМАН АРЫСТАНБЕКОВНА 2002 жылғы түлек, 25.02.2016 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің №203 Жарлығымен Жамбыл облысы Меркі аудандық сотының судьясы
|
|
|
БЕРДИБЕКОВ РУСЛАН МЕЙРАМБЕКОВИЧ 2002 жылғы түлек, Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының басшысы.
|
|
|
ТОЙШЫБЕКОВ ДАНИЯР МЫРЗАГЕЛДІҰЛЫ 2001 жылғы түлек, 2014 жылдан ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Жедел басқармасының бөлім басшысы.
|
![]() |
ҮСЕНҰЛЫ НҰРЛАН 2002 жылғы түлек, 2017 ж. 10 маусымынан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінде қызмет атқаруда.
|
![]() |
ҚҰРМАНОВ АСЫЛЖАН ТҰРСЫНАЛЫҰЛЫ Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы
|
![]() |
АБУБАКИРОВ ТАЛҒАТ МЕЙРХАНОВИЧ 2002 жылғы түлек, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Орындаушылық тәртіпті мониторингтеу басқармасының басшысы.
|
![]() |
АБИЛХАИРОВА ГАУХАР МУХАНОВНА 2001 жылғы түлек, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіндегі өкілдігінде кеңесші болып жұмыс істейді.
|
![]() |
БАЙКУЛОВА ГУЛЬФАЙРУЗ МАМАНБАЕВНА 2001 жылғы түлек, 2014 жылдан Жамбыл облыстық сотының судьясы.
|
![]() |
ТӘЖІКЕНОВ ЕРКІН ОНДАСЫНҰЛЫ 2002 жылғы түлек, Қызылорда облысының Әділет департаментінің жетекші маманы қызметін бастап, 2007 жылдан бастап осы департаментін бөлім басшысы қызметін атқарып келеді.
|
![]() |
МҰХАМЕТҚАЛИЕВ РИНАТ ЗӘКИҰЛЫ 2002 жылғы түлек, 2010 жылғы ақпан айында ҚР Президентінің Әкімшілігіне Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің инспекторы.
|
![]() |
АБДРАЛИЕВА САНДУГАШ ЕРМАХАНҚЫЗЫ Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы. Басшы орынбасары
|
![]() |
БУРКИТБАЕВ ЕРКЕБУЛАН УТЕГЕНОВИЧ «Денсаулықты дамыту республикалық орталығы» РММ Менеджмент орталығының жетекшісі қызметін атқарады.
|
![]() |
ҚОБЛАНДИН КАЛИЖАН ЖЕНИСБЕКУЛЫ 2001 жылғы түлек, 2016 жылдан бері Қызылорда облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы
|
![]() |
ШЫМЫРОВА АЙГУЛЬ АБДРАХИМОВНА 2002 жылғы түлек, 2016 жылдан бастап ҚР Президенті Жарлығымен Павлодар облысы Ақсу қалалық сотының судьясы қызметін атқарады
|













