Факультет жаңалықтары (Жаратылыстану)

6 наурыз күні Алматы қаласында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында академик Нәйля Базанова атындағы марапатты салтанатты түрде табыстау рәсімі өткізілді. Іс-шара Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылды.

Н. Базанова атындағы марапатты Ұлттық ғылым академиясы тағайындаған және ол ғылым мен білімнің дамуына елеулі үлес қосқан ғалым әйелдерге екінші жыл қатарынан табысталып келеді. 2026 жылы бұл сыйға Қазақстанның ғылыми ұйымдары мен университеттерінің 66 өкілі ие болды.

Марапатталғандардың қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті, «Биология» кафедрасының меңгерушісі б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Зияева Гулнар Керімбекқызы да бар. Гулнар Керімбекқызы көп жылдар бойына биология саласында елеулі еңбек етіп, ғылымның дамуына өз үлесін қосуда.

Университет ұжымы Гулнар Керімбекқызын жоғары марапатқа ие болуымен құттықтап, жарқын ғылыми жетістік, жаңа кәсіби табыс және зерттеу жобаларына сәттілік тілейді!

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді халқымыз.  Адам бойындағы ең жақсы қасиет – жомарттық пен кеңпейілділік. Жомарт болу дегеніміз қолыңдағы барыңмен мұқтаж адаммен бөлісу. Жомарт адам бойындағы ізгі қасиетін, таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсетіп, әрдайым қажет еткен жанға көмек қолын созып жүреді.  Қайырымдылық жасау кез келген адамның қолынан келетін іс. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Өзінің жанашырлығы мен таза ниетімен ерекшеленеді. Мұқтаж адамдардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрсетуге тырысады. Осыған орай Жаратылыстану ғылымдары факультеті, «Биология» кафедрасының ұйымдастыруымен 2 және 3 курс студенттері кураторларымен №3 «Мейірім» мектеп-интернатына барып, мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық көрсетті. Сыйлықтар беріп, арнайы аниматорлық костюмдермен ойындар ойнатып, ерекше көңіл-күй сыйлап қайтты.