«Физика және информатика» кафедрасының негізгі мақсаты ғылыми және білім беру саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Осының негізінде білім беру бағдарламаларының миссиясы қоғам мен мемлекеттің жаңа буынның ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы адами және ғылыми ресурстарымен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, сонымен қатар білім мен ғылымның ішкі жүйелерін қамтитын Қазақстанның инновациялық экономикасының тұрақты дамуына тұрақты қолдау көрсетуге бағытталған.
Білім беру бағдарламалары еңбек нарығындағы мамандарға қойылатын заманауи талаптарға сәйкес жасалады. Жұмыс берушілердің айтуынша, білім беру бағдарламасы білім саласында қажетті білімі бар мамандар даярлауға бағытталған.
Сонымен қатар ағылшын тілін білетін, жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, кәсіптік қызметті келесі бағыттарда жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті физика және информатика мұғалімін даярлау: оқушының жан-жақты дамыған тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру; білім алушыларда физика және информатика саласында жүйеленген білімді қалыптастыру; қазіргі заманғы деңгейде физика және информатика сабақтарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру; ғылыми зерттеулерді, жобаларды, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүзеге асыру.
«Физика және информатика» кафедрасына қарасты «Механика», «Молекулалық физика», «Оптика», «Атом және ядролық физика», «Радио-электроника» оқу лабораториялары, «Мектеп экспериментінің техникасы» оқу-өндірістік шеберханасы қазіргі заман талабына сай құрал-жабдықтармен жабдықталған.Лабораториялық жұмыстарды орындауға қажетті оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар университет кітапханасында жеткілікті және оқу залында бірнеше данадан қойылған.
«Кафедра жетістіктері»
Тасуов Болат «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды (5 сәуір 2023 ж., куәлік №68). Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Н. Саясаттың Алғыс хатымен марапатталды. Қазақстан Республикасының «Алтын жұлдызы» республикалық байқауына қатысып, жүлдегер атанғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Жолдасова Күлжамиля Жолдасқызы 2025 жылғы 3 наурыздағы Жарлық бойынша «Парасат» орденімен марапатталды. «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы» мерейтойлық медалімен Ресей Федерациясы Президентінің 2019 жылғы 13 маусымдағы Жарлығы негізінде марапатталды. Медаль 2024 жылғы 16 ақпанда тапсырылды (A №00080211). Еліміздің рухани және әлеуметтік дамуына қосқан айрықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» атты төсбелгісімен марапатталды және куәлік берілді 2021 ж. Тараз қаласы ардагерлер кеңесінің өкімімен Тараз қаласының «Құрметті ардагері» белгісімен марапатталды 2021ж. Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы №318 өкім бойынша «Облыстық сіңірген еңбегі үшін белгісімен марапатталды. ҚР Білім және ғылым саласының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР педагогтарының «Алтын төсбелгісімен» марапатталды және куәлік берілді 2020ж.
Бижигитов Темирхан Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы жоғары білім жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жоғары оқу орындарына оқулықтар жазудағы көпжылдық нәтижелі еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы медальмен марапатталды. Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі, новаторлық ұсыныстары және жаңа буын мамандарды дайындауды инновациялық істері үшін А.Байтұрсынов атындағы алтын медальмен марапатталды. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы жоғары білім жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жоғары оқу орындарына оқулықтар жазудағы көпжылдық нәтижелі еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы күміс медальмен марапаттады.ҚР Білім және Ғылым министрлігі Құрмет грамотасы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Бижигитов Темирхан марапатталды.
Мусабеков Ескермес Сәмекеулы алғыс хат ҚР Білім және Ғылым министрлігі Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары мен ғылым саласына қосқан зор үлесі үшін марапатталды 2022ж.
Егембердиева София Шаймерденовна «Құрмет грамотасы» ҚР жоғары білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін марапатталды. Министр С.Нұрбек, Астана қаласы, 2025 ж. Алғыс хат. ҚР білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегіңіз бен адал қызметіңіз үшін алғысымызды білдіремін. Министр С.Нұрбек, Астана қ., 2024 жыл. Алғыс хат. АЭС салуды қолдау жөніндегі аумақтық халықтық штабтың қызметіне атсалысып, үгіт-насихат жұмыстарына зор үлес қосқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Сіз ұйымдастыру жұмысы барысында АЭС-тің мән-маңызын жұртшылыққа жан-жақты түсіндіріп, жеткізе білдіңіз. Осындай мемлекетіміз үшін маңызды науқандағы еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Тараз қ.,2024 ж. «АМАNАТ» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Д.Бейсенқұлов
Кушкимбаева Бибара Жайлаубаевна Алғыс хат. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының Жамбыл облысы жеңімпазын дайындап, ойы ұшқыр, білімді, парасатты жас дарынды тәрбиелегеніңіз үшін алғыс хатпен марапатталды. Тараз қ.,2025ж. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысы Р.Садыркулов. Алғыс хат. АЭС салуды қолдау жөніндегі аумақтық халықтық штабтың қызметіне атсалысып, үгіт-насихат жұмыстарына зор үлес қосқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Сіз ұйымдастыру жұмысы барысында АЭС-тің мән-маңызын жұртшылыққа жан-жақты түсіндіріп, жеткізе білдіңіз. Осындай мемлекетіміз үшін маңызды науқандағы еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Тараз қ.,2024 ж. «АМАNАТ» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Д.Бейсенқұлов
Раимбаева Сәуле Адилхановна Құрмет грамотасы. «Еліміздің жоғары білім жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі, ұлтымыздың болашағы – жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, білікті жас мамандар дайындаудағы ерен еңбегі және қоғамдық өмірге белсене атсалысқаны үшін». Астана, 2024ж.
Ниетбаева Надира Ашировна Құрмет диплом. ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігінен. 2025 ж.
Еркебұлан Гүлнұр Тұратайқызы – «Физика и информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), PhD доктор: «Жетілдірілген өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар» атты приоритетті бағыты бойынша ғылыми жобаның тақырыбы: «Нейрондық желі алгоритмдері негізінде мәтінді аудару және қазақ тілін оқытудың адаптивті жүйесі» (ИРН АР25793799).
Әбидин Қанат Шолпанұлы «ҚР ғылыми қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған стартап жобалары байқауына қатысып, «Жеңімпаз» номинациясы бойынша марапатталды (Тараз қ., 2024 ж.).
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Ғылым» бағыты бойынша жеңімпаз атанып, Жамбыл облысы әкімі Е. Қарашөкеевтің дипломымен марапатталды (Тараз қ., 2023 ж.).
Нурбердиев Алимардан Тасполатович «ҚР ғылыми қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған стартап жобалары байқауына қатысып, «Жеңімпаз» номинациясы бойынша марапатталды (Тараз қ., 2024 ж.).
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының «Ғылым» бағыты бойынша жеңімпаз атанып, Жамбыл облысы әкімі Е. Қарашөкеевтің дипломымен марапатталды (Тараз қ., 2023 ж.).
«Серіктестер»
М. Танк атындағы Белорус мемлекеттік педагогикалық университеті;
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті;
Ж. Жабаев атындағы №5 мектеп-гимазия (практика базасы);
Облыстық біліктілікті арттыру институты;
К. Тұрысова атындағы № 53 мектеп-гимназия;
Т. Рысқұлов атындағы № 48 орта мектеп.
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған Дарын лицей-интернаты
Төле би атындағы № 8 мектеп-гимназия
«Бітіруші түлек моделі»
Білім беру бағдарламасының іске асырылуы түлектердің максималды жұмысқа орналастыру болып табылады. Жыл сайын мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларының еңбекақысы артып, Педагог мәртебесі көтеріліп келеді. Осыған байланысты түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелерін талдау жұмысқа орналастыру көрсеткіштерінің оң динамикасын көрсетеді.
«Информатика» мамандығының түлектері алған білімдері бойынша келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
- білім беру (педагогикаллық бағыты) – информатика пәнінің мұғалімі;
- информатика және ақпараттық технологиялар саласының маманы;
- өндірістік-технологиялық бағыты – программист;
- ұйымдастыру-басқармалық бағыты – компьютерлендіру менеджері;
- ғылыми-зерттеу саласында ғылыми қызметкер;
- Web-бағдарламалаушы, IT-технологиялардың маманы;
- басқару мекемелері, банктер, бизнес құрылымдары, мәліметтер қорын жобалаушы
«Физика» мамандығының түлектері алған білімдері бойынша келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
- оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыруға, жүргізуге, мониторинг жүргізуге және бақылауға байланысты мемлекеттік басқару органдары:
- орта білім беру ұйымдары;
- кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары;
- білім бөлімдері мен басқармалары;
- білім беру мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары.