Практикалық шетел тілдері

Практикалық шетел тілдері

loading...
Сипаттама
Оқытушылар
Білім беру бағдарламалары
Байланыс

Күнделікті және кәсіби қарым-қатынаста  шет тілін белсенді қолдану үшін ауызекі сөйлеу және мамандық тілін практикалық меңгеру қабілеті мен дағдысы бар, үздіксіз өз бетінше білім алуды жүзеге асыруға және шет тілдерін білуінің арқасында өз біліктілігін арттыруға, бәсекеге қабілетті, көпмәдениетті тұлғаны даярлаудың шарты ретінде сапалы, қолжетімді, қазіргі заманғы білім беруді қамтамасыз ету.

2025-2026 оқу жылында «Практикалық шетел тілдері» кафедрасында 1 PhD, 1 ғылым кандидаты,  18 аға оқытушылар, 5 оқытушы соның ішінде 20 магистр жұмыс атқарады. «Практикалық шетел тілдері кафедрасының оқытушылары тілдік емес мамандықтарда оқитын студенттерге арналған «Шетел тілі – 1,2»  Pre-intermediate  деңгейінде және магистранттарға арналған “Шетел тілі”(кәсіби) пәндерін  жүргізеді. 

«Практикалық шетел тілдері» кафедрасының 2025-2026 оқу жылына арналған Сапа саласындағы мақсаттары

  1. Жаңа оқу бағдарламасына сәйкес пәндердің оқу жұмыс бағдарламасын дайындау.
  2. ПОҚ құрамының біліктілігін университет ішінде, соның ішінде ЖИ қолдану арқылы ақпараттық технологиялар саласында біліктілігін арттыру.
  3. Оқу үрдісіне кафедра пәндері бойынша оқытылатын пәндердің инновациялық технологияны ендіру.
  4. Университет ПОҚ-ның білім беру қызметінің сапасын арттыруға ат салысу.
  5. Кафедра ПОҚ-ғы инновациялық жобаға қатысуын және студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына қатысуларын қамтамасыз ету.
  6. Кафедра мамандарының әлеуетін дамыту, жоғары білікті ғылыми-педагогтік мамандармен қамтамасыз ету.
  7. Оқу үрдісін ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету.
  8. Студенттердің рухани-адамгершілік, құқықтық, патриоттық, эстетикалық көзқарасын қалыптастыру.
  9. Кафедра ұжымының ғылыми-педагогтік жетістіктері туралы ақпараттандыру.

2025–2026 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР

Халықаралық ғылыми жарияланымдар

2025 жылы кафедраның аға оқытушысы К.Р. Ушакбаеваның «Examination of the Scientific and Methodological Foundations of the Formation of Network Communication Culture and Digital Etiquette of Faculty Members at the University» атты мақаласы International Journal of Evaluation and Research in Education (IJERE) журналында жарияланды.

Ғылыми-әдістемелік семинарлар

2025 жылы аға оқытушылар Д.А. Алтынбекова, А.К. Каримова, А.М. Наурызбаева және М.Б. Садуахасова кафедра оқытушыларына арналған «МООС (МООК) – қашықтықтан оқытуға арналған кешенді бағдарлама» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинар барысында МООК платформасының тиімділігі, оны қолдану жолдары, сапалы бейнесабақтарды әзірлеу және онлайн оқу материалдарын дайындау мәселелері қарастырылды.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Үйірме жұмысы

2025 жылы «Практикалық шетел тілдері» кафедрасының «Полиглот» студенттік ғылыми-елтанымдық үйірмесінің ұйымдастыруымен «Цифрлық сауаттылық пен жасанды интеллект: шет тілін үйренудегі интерактивті платформалар мен ресурстар» тақырыбында конференция өткізілді. Конференцияға Тараз қаласы мен Жамбыл облысының мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысып, үздік баяндамашылар дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Студенттік конференция

Сонымен қатар 2025 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде өткен «Студенттік ғылым – зерттеу әлемі» атты XXVII студенттік ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы бойынша аға оқытушы А.М. Наурызбаева жетекшілік жасаған 6В05111 – «Медико-биологиялық іс» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Жумабек Анель III дәрежелі дипломмен марапатталды2026 жылы «Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар: студенттік көзқарас» тақырыбындағы ХХVIII студенттік ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы бойынша аға оқытушы Ш. И. Казбеков жетекшілік еткен 6801513 - «Математика IP мұғалімдерін даярлау» БББ 1 курс студенті Хаймулдина Мадина III дәрежелі дипломмен марапатталды. Және осы аталған студенттік ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы бойынша аға оқытушы А. Ш. Каримова жетекшілік еткен 801533 - «Биология ІР мұғалімдерін даярлау» БББ 1 курс студенті Нольфина Карина I дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқытушы А. А. Мазова жетекшілік еткен 6В01515 «Физика және информатика» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Булатов Ернарды «Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар: студенттік көзқарас» тақырыбындағы ХХVIII студенттік ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы бойынша Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Г. Б. Исабекова алғыс хатпен марапаттады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

2025-2026 оқу жылында мемлекеттік ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бағыт бойынша жүргізілуде. Тақырыбы: Инклюзивті білім берудегі шетел тілін оқытудағы заманауи технологиялар.

ІІ кезең – Инклюзивті білім беруде шетел тілін оқытудағы заманауи технологиялық әдістерді қолдана отырып ЖАОК (жаппай ашық онлайн курс) әзірлеу.

Ғылыми жетекші: Тургунтаева Г.А.

Орындаушылар: Берденова С.Л., Казбекова Ш.И., Новожилова М.В., Сембекова У.Д., Уревская Т.Г., Оспанова П.А., Абилдаева А.С., Алтынбекова Д. А., Грибенюк М.А., Наурызбаева А.М., Өтебаева Ш.Ш., Байтелиева М.А., Заурбек А.Б.

және студенттер: Қадырбек Назым, В03213 о/б студенті, Абай Нұрдана, В07215 о/б студенті,

Алмахан Үміт, 6В01302 о/б студенті, Жумабек Анель, В05111 о/б студенті, Акматова Нұрай, В06212 о/б студенті

Спорттық жетістіктер

2026 жылы М.А. Байтелиева мен А.А. Мазова университет спартакиадасында спорттың дартс түрінен III орын иеленді. Сонымен қатар кафедра оқытушысы К.Б. Косалиева шахмат жарысында II орын алды.

2024–2025 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР

Халықаралық ғылыми жарияланымдар

2024 жылы кафедра оқытушылары халықаралық рейтингтік журналдарда мақалаларын жариялады:

  • PhD Г.А. Тургунтаеваның «Linguacultural and cognitive peculiarities of linguistic universals» атты мақаласы Scopus (Q1) және Web of Science базаларына кіретін Journal of Psycholinguistic Research журналында жарияланды.
  • Аға оқытушы М.А. Байтелиеваның «Investigation of the Effect of a Natural Extract From Oak Bark on the Properties of the Leather» атты мақаласы Scopus (Q3) және Web of Science базаларына кіретін Fibres and Textiles in Eastern Europe журналында жарық көрді.
  • Аға оқытушы Ю.С. Рахимованың «Extracurricular Tandem as a Powerful Tool for Enhancing Intercultural Communicative Competence» атты мақаласы Forum for Linguistic Studies журналында жарияланды.

ҚР ҒЖБМ ұсынған басылымдардағы мақалалар

  • Аға оқытушы К.Р. Ушакбаеваның «Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы инновациялық тұғыр» атты мақаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің көпсалалы ғылыми журналында жарияланды.
  • Кафедра доценті м.а., п.ғ.к. М.В. Новожилова, аға оқытушылар М.А. Грибенюк және М.А. Байтелиеваның «Integrating “Scaffolding” Techniques Into The Foreign Language Learning Process To Foster Students’ Language Proficiency» атты мақаласы Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ-дың «Хабаршы. Филологиялық ғылымдар» журналында жарық көрді.

Ғылыми-әдістемелік жұмыстар

2024 жылы кафедрада «Инклюзивті білім беруде шет тілін оқытудың заманауи әдістемесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинар барысында оқытушыларға инклюзивті оқыту әдістері бойынша тәжірибелік тренинг ұйымдастырылып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен жұмыс істеу ерекшеліктері талқыланды.

Спорттық жетістіктер

Кафедраның жас маманы А.Б. Заурбек Қазақстан кәсіподақтары күніне орай университет қызметкерлері мен оқытушылары арасында өткен спорттық эстафетада I орынды иеленді.

2023–2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР

Ғылыми жарияланымдар

Кафедра оқытушылары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда ғылыми мақалалар жариялады. Атап айтқанда, 2023 жылы аға оқытушы С.Л. Берденованың «First-year students’ problems affecting adaptation to a public university in Kazakhstan» атты мақаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Хабаршысы. Педагогика. Психология. Әлеуметтану» сериясында жарық көрді.

Ғылыми жобалар

2023 жылы аға оқытушы М.А. Грибенюк ЭРАЗМУС+ бағдарламасы аясындағы «Өзбекстан мен Қазақстан жоғары оқу орындарындағы былғары және былғары бұйымдары өндірісінің потенциалын күшейту» («REILEAP») халықаралық жобасына қатысты. Сонымен қатар оқытушы М.Ф. Ибрагимов «Исследование биоразнообразия и энергетической справедливости для разрешения конфликтов между целями устойчивого развития» атты халықаралық ғылыми жобаға қатысты.

Байқаулар мен марапаттар

«Практикалық шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті ұйымдастырған «ЖОО-ның үздік мультимедиялық өнімі – 2023» байқауына қатысып, «Үздік МООК» номинациясы бойынша аға оқытушылар А.М. Наурызбаева, Д.А. Алтынбекова және А.Ш. Каримова II орынды иеленді.

 

          

Практикалық шетел тілдері кафедрасы – сервистік кафедра,  білім беру бағдарламалары жүзеге асырылмайды.

 

Қызметкердің аты - жөні

Лауазымы

Электрондық поштасы

Г. А. Тургунтаева

PhD, Практикалық шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Д. А. Алтынбекова

Аға оқытушы, ғылыми зерттеу жұмысына жауапты

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

П. А. Оспанова

Аға оқытушы, сапа менеджмент жүйесі және Стратегия менеджері

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

К. Р. Ушакбаева

Аға оқытушы, студенттік ғылыми жұмысына жауапты

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Т. Г. Уревская

Аға оқытушы, “Полиглот” үйірмесіне жауапты

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

М. А. Грибенюк

Аға оқытушы, оқу – әдістемелік жұмыс

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Э. М. Бектурсынова

Оқытушы, оқу жұмысы

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

А. М. Наурызбаева

Аға оқытушы, инновация технологиясы бойынша менеджер

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

М. Б. Садуахасова

Аға оқытушы, тәрбие жұмысы

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

У. Д. Сембекова

Аға оқытушы, әдістемелік семинарға жауапты

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

М. А. Байтелиева

Аға оқытушы, кәсіптік бағдар беру жұмысы

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

А. А. Мазова

Оқытушы, кафедра хатшысы

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

А. Ш. Каримова

Аға оқытушы, біліктілікті жоғарлату және халықаралық қатынасы

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

А. Б. Заурбек

Оқытушы, кафедра сайты мәліметтерін жаңарту жұмыстары, медиа 

 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Ш. Ш. Өтебаева

Аға оқытушы, студент пен оқытушының өздік жұмысы, платонусқа жауапты

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

М. Ф. Ибрагимов

Аға оқытушы, информатор

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.