2021 жылдың 18 ақпанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде, Шымкент қаласы Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесінің бастамасымен өткен «Welcome to Erasmus+ family» тақырыбында кеңес беру сессиясы өтті.
Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесінің директоры Ш.Ө.Тасболатова «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру (ЖБӘА)» Эразмус+жобаларының іске асырылу тиімділігін арттыру мақсатында презентация жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар КAZDUAL және REILEAP жобаларының координаторлары мен мүшелерін жалпы ережелермен таныстырды. Жобаларды іске асыру бойынша тәжірибелік кеңестер берілді.