«БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫ

logo new bolashak

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 Қаулысымен жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды.

Қоғам қызметінің негiзгi мәнi шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және білiктілiгiн арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенiн жүзеге асыру болып белгiленсiн.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ - «Болашақ» бағдарламасының, ғылыми тағылымдамалардың, сондай-ақ үкіметаралық гранттардың әкімшісі. Орталық құжаттарды қабылдауды, конкурстық іріктеуді өткізеді.

«Болашақ» » халықаралық стипендиясы « Қазақстан Республикасының — Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы Қаулысымен құрылған.

Бағдарламаның мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау. Бағдарлама академиялық оқуды (магистратура, докторантура) және әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс – қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында озық ғылыми технологияларды трансферттеу мақсатында жыл сайын 500 ғалымның әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Ғалымдар үшін тағылымдама жетекші шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтар мен салалық ұйымдарда ғылыми, ғылыми-техникалық кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының мемлекеттік тапсырысшысы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі болып табылады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы бағдарламаның әкімшісі болып табылады. Үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру және өткізу, ғылыми тағылымдама бағдарламасының орындалуын және конкурс жеңімпаздарының еңбекпен өтеуді жүзеге асыруын бақылау бойынша іс-шаралар кешенін іске асырады.

Ғылыми тағылымдама жетекші шетелдік жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтарының және ғылми тағылымдамадан өтуге ұсынылатын өзге де ұйымдарының тізіміне кіретін шетелдік ұйымдарда ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізіміне сәйкес жүргізілетін ғылыми зерттеудің аясында 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша толық мағлұматты ,  сонымен қатар  халақаралық стипендияны тағайындауға қажетті құжаттардың тізімін  http://www.bolashak.gov.kz/index.php/ru/  сайтынан білуге болады.

500 Ғалым бағдарламасы

Болашақ

Қажетті құжаттар

  1. жұмыс органы бекітетін нысан бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған конкурсқа қатысу үшін толтырылған үміткер анкетасы; жүктеуbolashak.gov.kz/kz/ymіtkerge-ns-bojynsha/kyzhattardy-kalaj-tapsyruga-bolady-ns-bojynsha
  2. жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнының сақталуы шартымен жұмыс берушінің ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған өтінімі; жүктеуbolashak.gov.kz/kz/ymіtkerge-ns-bojynsha/kyzhattardy-kalaj-tapsyruga-bolady-ns-bojynsha
  3. паспорты мен жеке куәлігінің түпнұсқалары және көшірмелері (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
  4. ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің, философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор, магистр дәрежесінің болуы туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады).
  5. Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда білімі туралы құжатты тану куәлігін не "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктер ескеріліп білімі туралы құжатты тану жөніндегі өзге құжат;
  6. жұмыс органы белгілейтін талаптарға сәйкес жасалып, жұмыс беруші бекітетін және тізімге кіретін тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйыммен келісілген ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы. Құжат мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады. жүктеуbolashak.gov.kz/kz/ymіtkerge-ns-bojynsha/kyzhattardy-kalaj-tapsyruga-bolady-ns-bojynsha
  7. еңбек қызметін растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңінде аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
  8. нәтижесі белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
  9. нәтижесі белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады); жүктеу- жүктеу үшін басыңыз
  10. шетелге шығатындар үшін 072/у нысандағы медициналық анықтама;
  11. үміткерді тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның шартсыз шақыруын растайтын, жүргізілетін ғылыми зерттеу, ғылыми тағылымдамадан өту мерзімі, құны (толық есептеулері жазылған) көрсетілген құжат, мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады
  12. жұмыс беруші бекіткен ғылыми нәтижелердің тізімі (Web of Science, Scopus халықаралық дерекқорларында және (немесе) отандық немесе уәкілетті орган ұсынған шетелдік ғылыми басылымдарда индекстелетін мақалалар немесе шолулар) және (немесе) Патент Корпорейшн Трэти (Patent Cooperation Treaty) халықаралық өтінімі;
  13. ғылым саласындағы уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы жарамды ресми куәліктің көшірмесі;
  14. құжаттарды үшінші тұлға тапсырған жағдайда – конкурстық іріктеуге қатысуға құжат тапсыру үшін өкілдің атына берілген үміткерден нотариалды куәландырылған сенімхат.
Top