daadDAAD немесе Неміс Академиялық Алмасу Қызметі  халықаралық академиялық әріптестік саласы бойынша Германияның ең ірі қоғамдық ұйымы болып табылады.

DAAD Германияның 239 мүше университетін және 122 студенттік ұйымдарды біріктіреді және сыртқы мәдени саясатты, сондай-ақ Германиядағы білім және ғылым саясатын ұйымдастырудың  делдалы болып табылады. DAAD-ның штаб-пәтері Бонн қаласында орналасқан..

DAAD студенттер мен ғалымдардың академиялық алмасуын ұйымдастырады және қаржыландырады, немістану мен неміс тілін үйренуге қолдау көрсетеді, Германияда оқу және ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері туралы хабардар етеді, сонымен қатар неміс университеттерінің халықаралық және беделін арттыруға ықпалын тигізеді. Бұдан басқа 15 таман аймақтық кеңселері Германияда білім алу мен зерттеу жүргізу мүмкіндіктері, студенттер мен жас ғалымдарға арналған шәкіртақылар жөнінде ақпараттық, кеңес берушілік қызметтерін атқарады. Әлем бойынша DAAD-ның 50-ге жуық ақпараттық орталықтары жұмыс істеуде.

Top