REILEAP жобасы қатысушыларының Измирде (Түркия) кездесуі

2022 жылғы 9-11 наурыз аралығында «Reinforcing capacities of HEIs for leather and leather products in Uzbekistan-Kazakhstan 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP» REILEAP жобасы қатысушыларының алтыншы кездесуі Эге университетінде, Түркияда өтті. Оған Өзбекстан, Қазақстан, Румыния, Грекия және Түркияның 26 ​​өкілі қатысты.

Кездесуді жоба үйлестірушісі Николаос Билалис (Грекия) ашты. Ол өз сөзінде жобаның жұмыс пакеттерін (WP) іске асыру барысына баға берді: WP1 - Жобаның мәртебесі және келесі қадамдар; WP2 - Ұйымдастыру жұмысы/ курсты жобалау бойынша ұсыныстар; WP3 - Жабдықтарды алу мәртебесі; WP4 - Сапа стратегиясын әзірлеу; WP5 - Тарату стратегиясын әзірлеу.

Аура Михай (Румыния) сауалнамаға талдау жасап, нәтижесімен бөлісті.

Жобаға қатысушысы Мете Мутлу (Түркия) оқыту курстарының тақырыптары туралы айтты. Курстар төрт кезеңде өтеді: шілде, қыркүйек, қазан және қараша айларында. Оларға екі оқытушы және төрт білімгер (студент, магистрант, докторант) қатыса алады.

Оқыту курстары үшін ұсынылатын тақырыптар:

Модуль 1: Жаңа технологиялар және бизнес моделі (Technical University of Crete (TUC), Грекия)

Модуль 2: Аяқ киімді жеткізу тізбегіндегі инновация (Politecnico Calzaturiero Scarl (POLICALZ), Италия)

Модуль 3: Аяқ киім 3D/2D CAD (“Gheorghe Asachi” Technical University of Iaşi (TUIASI), Румыния)

Модуль 4: Былғары өндірісі/сапаны бақылау (EGE University, Түркия)

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінен жобаның қатысушылары Б.Абзалбекұлы және Г.Б.Джумабекова 2022 жылдың қыркүйегіне жоспарланған былғары бұйымдары орталығын ашуға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу жоспары туралы есеп берді.

image003

Top