Форумның мақсаты – инвестициялық, іскерлік және шығармашылық ортаны қалыптастыру, инвестициялық байланыстарды одан әрі орнату, туризм, өнеркәсіп, цифрландыру және ауыл шаруашылығы сияқты экономиканың түрлі салаларында өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту.
Ақпаратты тарату мақсатында форумға халықаралық REILEAP жобасы Дулати университеті өкілдері қатысты. Қатысушылар жобаға үлкен қызығушылық танытты. Және де қала және облыс басшылығы былғары бұйымдарын дайындайтын оқу орталығының ашылуына қатысуға ниет білдірді.