Төртінші тренинг – Грекия

«Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының оқытушылары мен студенттері REILEAP - Reinforcing capacities of HEIs for leather and leather products in Uzbekistan-Kazakhstan 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP халықаралық жобасы аясында 24.04.2023-05.05.2023 аралығында Ханьядағы (Грекия) Крит политехникалық университетінде (TUC) 2 апталық оқыту семинарынан өтті.

Семинардың мақсаты – әлеуетті арттыру бағдарламасын, оқу жоспарлары мен семинар-тренингтерді құру және жүзеге асыру, былғары және аяқ киім өнеркәсібінде кадрларды даярлаудағы еуропалық тәжірибені зерделеу. Семинар-тренинг Өзбекстан және Қазақстан серіктес университеттерінің қызметкерлері мен студенттеріне арналды.

WP2 жұмыс пакеті бойынша семинар бағдарламасы – «Адам ресурстарын оқыту және әлеуетті арттыру» дәрістер, тренингтер, практикалық жаттығуларды қамтыды. Семинарға қатысушылар бірінші аптада профессорлардың дәрістерін тыңдады: Бағдарламалық және аппараттық құралдарды пайдалану бойынша практикалық сабақтар Крит техникалық университетінде (TUC) АЖЖ зертханасында және Грек Жерорта теңізі университетінде (HMU) DML зертханасында ұйымдастырылды.

Тренингке келесі оқытушылар мен студенттер қатысты: PhD доцент м.а. Абзалбекұлы Б., PhD доцент м.а. Джумабекова Г.Б., PhD доцент м.а. Ташмухамедов Ф.Р., т.ғ.м., аға оқытушы Юсупова Л.Х., «6В07222 - Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары» ББ студенттері: 2 курс – Шамшиева Д. және 1 курс – Еркебай Н.. Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

222

Top