«Shoe Center» орталығының ашылуы!

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 2023 жылдың 12 қазанында REILEAP жобасы аясында салтанатты түрде «Shoe Center» орталығы ашылды. Жобаның үйлестірушісі Николаос Билалис, Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есимова және Тараз қаласының әкімдігінің өкілі салтанатты лентаны кесіп, ресми ашылумен барлық қатысушыларды құттықтады.

Орталық екі аудиторияны қамтиды: 2.4.111 және 2.3.117 аудиториялар.

Орталық Эразмус+ бағдарламасының толық қаржыландырылуымен заманауи құрылғылармен жабдықталған: 3D сканер, 3D принтер, былғарының динамикада суға төзімділігін сынауға арналған құрылғы, тігін машиналары,  аяқ киім дайындамаларының бөлшектерін трафарет-кескіштер көмегімен кесетін тескіш пресс, 3D бағдарламаларымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін моноблоктар мен компьютерлер және де тағы басқа құрал-жабдытар.

Орталық тренерлері, яғни кафедра оқытушылары және де «Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары» білім беру бағдарламасының студенттері Грекия, Италия, Түркия, Румыния елдерінің жоғары оқу орындарында 2 апталық курстар негізінде біліктіліктерін арттырған.

Орталықтың ашылу салтанатына келесі университеттер өкілдері қатысты:

-Крит техникалық университеті, Грекия

-Георге Асаки Ясси техникалық университеті, Румыния

-Эге университеті, Түркия

-Creative Thinking Development, Грекия

-Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты, Өзбекстан

-Джизак политехникалық институты, Өзбекстан

-Өзбекстанның өнертапқыш әйелдер орталығы, Өзбекстан

-Узчармсаноат ассоцияциясы, Өзбекстан

-М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

image002

image003

image004

Байдильдаева А.К.

Top