Факультет жаңалықтары (Дене шынықтыру)

Олимпиада

ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі, жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі білім комитетінің 17. 03.2026 жылғы №14-0/1382-ВН хатына сәйкес 2026 жылдың 16-17 сәуір аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары студенттері арасындағы «Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі» пәнінен XVII Республикалық пәндік олимпиада өтетінін хабарлайды. Осыған байланысты, білім алушыларды аталған іс-шараға қатысуына ықпал етулеріңізді, сондай-ақ, қатысу туралы ақпаратты ағымдағы жылғы 10-сәуірге дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық мекен-жайына жолдауды сұраймыз. Қосымша ақпарат бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз университетіне (тел. 8747 9697029. Карабалаев Кошгар Айладырович, тел. 8702 3450697, 8707 3846594, Сейтжанов Досым Сейткасымович хабарласу қажет. Қосымша: Бекітілген ереже, өтінім Мекен-жайымыз: Тараз қ, Қ.Сатпаева ЗА, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті. Алғашқы әскери дайындық кафедрасы.