Факультет жаңалықтары (Жаратылыстану)

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді халқымыз.  Адам бойындағы ең жақсы қасиет – жомарттық пен кеңпейілділік. Жомарт болу дегеніміз қолыңдағы барыңмен мұқтаж адаммен бөлісу. Жомарт адам бойындағы ізгі қасиетін, таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсетіп, әрдайым қажет еткен жанға көмек қолын созып жүреді.  Қайырымдылық жасау кез келген адамның қолынан келетін іс. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Өзінің жанашырлығы мен таза ниетімен ерекшеленеді. Мұқтаж адамдардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрсетуге тырысады. Осыған орай Жаратылыстану ғылымдары факультеті, «Биология» кафедрасының ұйымдастыруымен 2 және 3 курс студенттері кураторларымен №3 «Мейірім» мектеп-интернатына барып, мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық көрсетті. Сыйлықтар беріп, арнайы аниматорлық костюмдермен ойындар ойнатып, ерекше көңіл-күй сыйлап қайтты.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Білім берудегі тарих және география» кафедрасы «Мұрагер» ғылыми-зерттеу үйірмесінің ұйымдастыруымен өткен «Жалаңтөс батыр – Тұран жолбарысы» тақырыбындағы  конференция жұмысы

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының «Мұрагер» үйірмесінің жетекшісі Г.Б. Идрисованың ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Әйтеке би» қоры мүшелерімен бірлесе отырып, 2023 жылдың 23 қыркүйегінде «Жалаңтөс батыр – Тұран жолбарысы» тақырыбында конференция өткізді. Конференция мақсаты – қазақ мемлекетін нығайту жолында отарлық езгіге қарсы және ұлттық ұйтқының үйлесуі мақсатында күрескен ірі мемлекет қайраткері, ұлы қолбасшы Жалаңтөс батыр туралы студенттерге кең көлемде таныстыру, сонымен қатар жастардың бойында өз Отанына деген патриоттық сезім қалыптастыру және өмірлік құзыреттілік негіздерін білетін талантты, іскер және белсенді азамат тәрбиелеу.