Факультет жаңалықтары (Технологиялық)

 27 сәуірде М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлі VIII-ші облыстық «Робототехника» байқауы жоғары деңгейде өткізілді.

2026 жылдың 30 сәуір күні сағат 15:00 де  «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының 2.4.105 аудиториясында өтетін Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысты қайта алдын ала қорғау бойынша кеңейтілген отырыс өтеді.

Автоматтандыру және телекоммуникация кафедрасының оқытушылар құрамы Мерке ауданының мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі, Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы және Қазақстан этнодизайнерлер одағымен бірлесіп 2026 жылдың 16 наурызы күні – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай, Алматы қаласында алғаш рет «Nomadic Art: Дала мәдениетінің жаһандық бейнесі» атты халықаралық фестиваль және ғылыми-практикалық конференциясы, сән көрсетілімі өткізді. Фестиваль аясында «Ұлттық мұра – ұрпақ аманаты: Музей жәдігерлері мен этнодизайнның тоғысуы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференцияға М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, "Дизайн және сән индустриясы" кафедрадасының қауымдастырылған профессорлары Келесова У.С және Жаппарова А.К., Байжанова С.Б. этно стильдегі коллекциялармен қатысты.

 

⁠Т.ғ.к, «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының профессоры Мұнасипов С.Е. «Alem.ai battle» ұлттық байқауына өтінім тапсырды.

Презентацияны жүктеп алу "Цифровизация стоп  населения Казахстана для разработки обувных колодок."

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестің ресми түрде ашылғаны туралы хабарлайды. Кеңес 8D072 - «Өндірістік және өңдеу салалары» даярлау бағыты бойынша, 8D07212 - «Инновациялық текстиль» және 8D07211 - «Былғары бұйымдарының индустриясы» білім беру бағдарламалары шеңберінде қызмет атқарады. (2026 жылғы 29 қаңтардағы №42 бұйрық негізінде).

Қызмет ету мерзімі: 2029 жылғы 27 қаңтарға дейін.

«Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының оқытушылары Жаппарова А.К. мен Мукаева А.М. Қазан қаласында өткен «Ресей–Шығыс» (Шығыс базары) халықаралық ұлттық мәдениеттер фестивалі аясында ұйымдастырылған «Шығыс және Азия елдерімен мәдени ынтымақтастық: қазіргі жағдайы және даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға белсенді қатысты.

2025 жылы 5 маусымнан 11 маусымға дейін «Технологиялық» факультеттің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасында Катовицедегі Экономика университеті (Польша Республикасы) профессорлары Rutecka Paulina Marta (Рутекка Паулина Марта) және Cicha Karina Joanna (Чиха Карина Йоанна) кафедра студенттеріне және оқытушыларға арнайы лекция өткізді.