Факультет жаңалықтары (Педагогика)

«Біздің әуен» атты музыкалық-композиция сахналанды

24 сәуірде 2-курс 6В11117 «Мәдени-тынығу қызметі: бос уақытты ұйымдастыру және педагогикасы» білім беру бағдарламасы бойынша «Дауыс қою» пәнінен шығармашылық жұмыс ретінде «Біздің әуен» атты музыкалық-композиция сахналанды. Іс-шара аға оқытушы Смагулова Г.Е. жетекшілігімен өткізілді.

Іс-шара барысында бір сахна кеңістігінде үш кезең қамтылып, халық әндері, ретро және заманауи әндер арқылы әр дәуірдің музыкалық ерекшелігі көрерменге ұсынылды. Қатысушылар ән айту мен қатар хореография, сахналық қозғалыс, сахна мәдениетін үйлестіре отырып, әндерді шағын көріністер мен оқиғалық желі арқылы мазмұнды композиция ретінде ұсынды.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің вокалдық шеберлігін дамыту, сахналық мәдениетін қалыптастыру және әртүрлі музыкалық бағыттарды біртұтас көркем идея аясында жеткізу.

Аталған музыкалық-композицияның тәрбиелік мәні зор. Бағдарлама арқылы жастарға ұлттық музыкалық мұраны дәріптеу, өнерге деген құрметті арттыру, эстетикалық талғам қалыптастыру және рухани құндылықтарды насихаттау көзделді. Әр кезеңнің мазмұны арқылы көрерменге өткен мен бүгіннің сабақтастығы ұсынылып, ұлттық өнерді сақтау мен дамыту идеясы көрініс тапты.

Қорытындысында студенттер көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Іс-шара соңында «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі,профессор Кабиева А.Қ. қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.