Факультет жаңалықтары (Педагогика)

Дөңгелек үстел «Конституция және азамат: құқықтары мен міндеттердің жаңа балансы»

5 ақпан 2026ж.

Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінде «Конституция және азамат: құқықтары мен міндеттердің жаңа балансы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында елімізде Конституцияны жаңартудың маңыздылығы, оның қоғамдағы демократиялық өзгерістерге серпін беретіні кеңінен талқыланды. Спикерлер азаматтардың құқықтары мен міндеттері арасындағы тепе-теңдікті сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру және жастардың азаматтық белсенділігін күшейту мәселелеріне ерекше тоқталды. Дөңгелек үстел пікір алмасу алаңына айналып, қатысушылар өз ойларын ашық білдіріп, өзекті сұрақтар төңірегінде ұсыныстарын ортаға салды. Мұндай кездесулер құқықтық сананы қалыптастырып, саналы әрі жауапты азамат тәрбиелеуге үлкен үлес қосады.

Спикерлер: «Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының аға оқытушылар Г.К.Аусагатова, Ф.З.Копбасарова